Наурыз көжені бірге дайындайық

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қазақ салт-дәстүрлері: Наурыз көжені бірге дайындайық

Бүгін мен 22 Наурыз, жаңа жыл қарсаңында ұлттық тағам Наурыз көженің жасалу жолымен бөліспекпін.

Жыл басы 22 Наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзгеде ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады.
Наурыз көже дайындау үшін бізге:
  • Су

  • Сүрленген ет\қазы

  • Жүгері жармасы

  • Бидай жармасы

  • Тары жармасы

  • Айран

  • Тұз
Наурыз көжеге қосылатын бұл 7 дәм сәттілік, байлық, атақ, кемеңгерліктің белгісі болып табылады.


Көжені дайындау үшін алдымен сүрленген ет пен қазыны жақсылап жуып (қажетіңізше тұз қоссаңыз болады), 2-2,5 сағат қайнатып қоямыз.
Негізінен көжеге соғымнан арнайы сақталған сүр ет қосылады.


Ет пісіп жатқанда жүгері мен бидайды жуып, қалауыңызша тұз қосып 1 сағаттай қайнатамыз. 1 сағаттан кейін тары жармасын саламыз.



Тары жармасының тез пісетіндігін ескере отырып тарыны салғаннан кейін көжені 15 минуттай ғана қайнатамыз.



Дайын етті майдалап тураймыз.



Сөйтіп туралған етті сорпасымен бірге дайын көжеге араластырып, суытып қоямыз.



Салқындаған көженің үстіне айран құямыз.



Наурыз көже дайын!
«Наурыз» мейрамының басты ерекшелігі бұл күні барлық адамдар өздері ренжіген адамдарды кешіріп, өзінің туған-туысқандары мен жақындарына, айналасындағы адамдарға барынша мейірімділік танытуы қажет. Сондай-ақ егер адам жеті үйден жеті дәмнен дайындалған Наурыз көже ішіп шықса жаңа жыл ол адам үшін сәтті болады деген сенім бар.




Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз әр шаңыраққа береке, байлық алып келсін!



_________________________________________________________________

Наурыз көженің видео-нұсқасы:


P.S. Samsung Electronics Kazakhstan және SURAK-ZHAUAP.KZ сайты бірлесе отырып ұйымдастырған «Samsung-тің наурыз көжесі» атты байқауына арнайы пісірген Erke_ky3 :)

12 пікір

Korkem
Вай, Ерке қыз өзіңіз бір жалықпайды екенсіз! Қолыңызға қуат берсін! Анда СЖға саламын деп ең соңына келгенде күйіп кетіп, жүйкем жұқарып әрең салдым бар ғой)))) Күштііііііііііііііі
Korkem
Анда Екпін сайтында да суреттерді ауыр салмақпен саласыз, мында да солай. Кей суреттер ашпай сәнін кетіріп тұрады. Салмағын азайтсаңыз қайтер екен?
korwinin_kyzy
НАУРЫЗ КӨЖЕ
Соңғы өңделген уақыты:
MSHERIMBEK
БлогКэмпте бірінші сені құшақтайынш :)))) Ииии, тамаша :)
zhurttyn_balasy
Бүгін гороховый суп ішіп отырып, паприколу үстіне шұбат құйып жіберіп едім. Наурыз көже сияқты болып шықты. Терлеп іштім ғо, кәдімгідей.
Сәттілік! мип микро толқынды пеш ұтып алуыңызға тілектеспін.
kema
negizi she, osy blogkampqa erke_ky3 ushin bargym-aq kegen she((((((((((((
MSHERIMBEK
осы жылы үйленетін жігіттің әңгімесі мынау :) и это заслуживает аплодисментов :)
mairosh
КЕРЕМЕТ! Сөзім жоқ
Delfina
Кожеге жугери салганды биринши рет корип отырмын. Дами озгерип, татти болып кетедиго.
Былай керемет шыккан.
14 суретте биреу аягын котерип, аягын колмен устап тургандай)))
Korkem
аха, бізде жарма жүгері салады, мынау өзгеше енД
Nurzhan97
Осы, ерінбейді екенсің — ау)
Nurzhan97
Бірақ, өте дәмді көрінеді, құрылтайда дәмін көрерміз :D
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.