Әкенің баласына айтқан нақылы.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Сүйікті ұлым, міне, ер жеттің. Балалық дәуренің өтті. Үйленетін кезің де келді. Сол үшін кейбір нәрселерден хабардар етіп қоймақшымын. Қасымда болғаныңда бұларды көзбе-көз түсіндірген болар едім, бірақ ұзақта болуың себепті насихаттарымды жазып жіберіп жатырмын. Діни мәселелерді үйренуде ұят жоқ. Өйткені хазірет Пайғамбарымыз: “Лә хайя фид-дин” (Шариатта ұят жоқ) деп айтқан. Қысқасы, бұл сөздер сені ұялтпасын.

Ұлым!

Алла Тағала жерді жаратты, кейін оны адаммен көркейтті. Басқа жаратылыстарды адамға қызмет етуге бұйырды.

Алғашқы адамзат бір еркек және әйелден еді. Олар періштелер куәлігінде некелесті. Алғашқы еркек Адам, алей-һиссәлам, әйел болса Хауа еді. Алла Адам мен Хауаға жерде қандай амал істеуді білдіріп тұрды және олар осылай әрекет етті. Адамдар осы екі адамнан көбейді. Олардың ұрпақтары уақыты келіп, шайтан азғыруына ұшырады және Адамның, алейһиссәлам, ұрпақтары Аллаһтан келген ережелеріне қарсы шыға бастады. Жерде осылай екі тайпа адам пайда болды:

1. Аллаға және Ол жіберген пайғамбарларға бой ұсынушылар;

2. Аллаға қарсы шығып, Оны мойындамаушылар.

Біз, әлһамдулиллаһ, Аллағ және пайғамбарларына иман келтіруші, оларға бойұсынушы тайпадан болдық. Жолымыз Алла көрсеткен жол.

Насихаттарым Аллаға және Оның Пайғамбары хазірет Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, иман келтіргендерге, яғни, сен және сен сияқты жастарға арналады.

Ұлым! Еркек және әйел дүниеде ең құрметті және ақылды жаратылыс. Бұл екі жаратылыс әрдайым бір-біріне мұқтаж.

Олар бөлек жасау үшін емес, бірге өмір сүру үшін жаратылған. Мұны қадірлемей бойдақ өмір сүру – үлкен қателік. Өткен шариаттардың ешбірінде еркек пен әйелдің бойдақ өмір сүруіне үндейтін ешбір әмір немесе өсиет жоқ. Бірақ еркек пен әйелдің жұптасуы тек шариат некесімен ғана болуы керек. Екеуінің де пікірі, көзқарасы және сезімдері үйлесімді келсін. Сонда олар өзара сүйікті болады, жүрек дәнекерліктері мықты байланады.

Бірге өмір сүруге Алланың шариатымен ұйғарым берген ер-әйелдің бір-бірінен ажырасуы да, әлбетте, заңды болуы және анық бір себепке сүйенуі керек. Олай болмаған жағдайда олардың ажырасуы қылмыс.

Қазіргі жастар болашақ келіннің қас-көзіне, тұлғасына, реңіне, сұлулығына, әдемі күлкісіне, сәнденіп жүрісіне, өлең айтуына, билеуіне, оқу орнына, дипломына көбірек қарайды. Әкесінің байлығына қызығып үйленуге әрекет етіп жатқандар да көп. Бірақ дәулетті әйелге үйленіп бақытты болғандар аз. Керісінше, қарапайым қызға үйленіп бақытты өмір кешіп жатқандар аз емес.

Бай әйелге үйлену көбінесе оның қызметшісіне айналу сияқты көріксіз нәтижеге душар етуі мүмкін. Бірақ тағдырдың қалауымен бай, бірақ кішіпейіл бір қызға үйленуге тура келсе, оны қайтармауың керек. Үйлену Алланың әмірі, Пайғамбарымыздың өсиеті. Кейбір кездерде парыз, кейбір кездері уәжіп, кей кездері болса сүннет. Елеулі себеп болмаса үйленуді тәрк ету дұрыс емес. Ғұламалардың бірі Ибраһим Адһам үйленудің маңызы жөнінде былай деген:

“Үйленген адамның бала-шағасы үшін тартқан аз ғана қиыншылығы, көп жылдар бойы істеген нәфіл ғибадаттардан артық. Үйленгендердің бойдақтардан артықшылығы Алла жолында жиһадқа шыққандардың жиһадқа шықпай үйлерінде отырғандардан артықшылығы сияқты”.

Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: “Ей үмметім, үйленіңіз, үй болыңыз. Өйткені некедегі бір күн бір жылдық нәфіл ғибадаттан қайырлы. Ей үмметім, сіздерден біреуіңіз үйленгеніңізде шайтан серіктеріне былай бақырады: “Бұл адам діннің екі бөлегін менен сақтап қалды”. Үйленсеңіз өзіңізге әкелік, үйленетін қызға аналық құрметін бағыштаған боласыз”.

Көріп тұрғаныңыздай, тұрмыс құру дініміздің негіздерінің бірі. Хазіреті Пайғамбарымыз бір сөзінде: “Сіздердің ең жақсыларыңыз, бала-шағасына қайырлы болғандарыңыз”, – деген.

Жалғасы бар.

Абдулқадир ДАДАҰЛЫ,
«Мұсылманның әйелі алдындағы міндеттері» кітабынан,
«Шапағат-Нұр» баспасы, Алматы, 2002 жыл

4

4 пікір

yesbolat83
Жастарға берері мол жазба.
Біз қазақпыз. Қазақ болғандықтан шариғаттан аттап кете алмаймыз. Мұсылман еткен Аллаһқа мақтаулар болсын!
yesbolat83
Жако ағай, жаныңыздағы балапандарыңыз сүйкімді екен. Тфәй-тфәй!
Jako
Оңжақтағысы ұлым Бекасыл, сол жақтағысы немерем Нұрасыл.
qarasaqal
отбасы мәселесі күрделі-ау негізі :) дайын емеспін әлі. сондықтан 28-29ға дейін ойша шегеріп қойдым :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.