Жарамазан

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қазақ салт-дәстүрлері: Қолданушылар шығармашылығы: ЖарамазанЖарамазан — ол қазақ халқының тек қана Қасиетті Рамазан айында жыр тектес мақаммен әндетіп орындайтын үрдістерінің бірі. Бұл жоралғы ертедегі жағдайы нашар арабтардың ораза тұтқан орташа немесе дәулетті отбасыларының үйлеріне барып: «Сәресіне тұрыңдар, береке бар! Алланың шапағатынан құр қалмаңдар!» деген секілді шумақты жырларынан бастау алған.
Жарамазан сөзінің қазақша мағынасын арабшадан аударғанда (Жә-ә Рамазан) Рамазан келді, яғни, Рамазан айы туды дегенге саяды.
Жарамазаншылар таңнан кешке дейін ауыз бекіткен жандар ифтар уақытында, ауыз ашып әлденіп, тамақтанып боп, көңіл қошы көтеріле бастаған сәттерде әр отбасына барып, сабыр сақтап, ізгі амалдар жасауға шақырып, сондай-ақ, бата тілектерін өз өлең жолдарына қосқан. Әр ауылдың жеке және арнайы жарамазандаушы топтары болған. Олар сөзге шешен, қабілетті, суырып салма қасиеттерге ие бола білген. Ата-бабаларымыз оларға асқан сыйластық танытып, құрметпен қарап, сый-сыяпаттарын берген. Көңілдерін сергітіп, разы болғандарына шапандарын да жапқан.
Жарамазанның басты мақсаты — телміріп қайыр сұрап немесе қанжығаларына байлаған азды-көпті дүниелеріне масаттану емес, ол — Алла разылығы үшін ораза ұстағандарды демеп, олардың рухани азық алуларына себепші болу боп табылады.

Жарамазан сан жүздеген түрлері бар. Олар былай да басталады:
Ассалаумағалейкум дәуіт қалам!
Күн шығыс, күн батыстан келген адам.
Бір келген он екі айда оразаңыз
Оразаң қабыл болсын байекежан!
Айтамын жарамазан есігіңе,
Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе.
Қошқардай қос ұл берсе бесігіңе
Кім келіп, кім кетпейді есігіңе?!

8 пікір

AKA
Жақсы екен. 4-5 жыл бұрын үй-үйді жағалап кішкентай балалар келуші еді, қазір кездестірмедім ондайды.
Chimaq
Qazaqtardyng bul jaqsy dasturi ozderinde joghalyp bara jatyr ,al ozge ulttar damytyp «bizdiki» deitinder kobeip bara jatyr.
ai85
Өзіміздің көне дәстүр ғой, басқа елден келген емес басқасы, оның қасында әлікүнге дейін орыстың шыршасын айналмайды ма балар, мәз болып, аяз ата мен ақшақарға сеніп)))
askar_2030
бұл өте жаман дәстүр
Jako
Дәстүрдің жақсы-жаманын ажырата алмайды екенсің.
Jako
Жарамазан — халқымыздың өте бір тамаша дәстүрі. Бұл дәстүрдің негізгі мәні сона бір мектебі кемшін, интернет, телевизор, радио, баспасөзі жоқ қазақ даласында адамдар арасында ислам дінін түсіндіру, ұғындыру мақсаты жатыр. Жарапазаншылар сол жарамазан арқылы ислам дінін, пайғамбарымыздың хадистерін өлеңге қосып ел арасына таратып отырған.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.