Тез дайындалатын тағам.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Мен бұрынырақ қазақ халқының бұрынғы өткен замандарда құрғақ сүтті қалай дайындап, оны қалай пайдаланғаны туралы жазған едім. Қазір енді сол уақыттарда қазіргі уақытта « бич пакет» атанып жүрген тез дайындалатын тағамды ата-бабаларымыздың қалай дайындап, қалай пайдаланғандары жөнінде апамнан (әжем) естігендерімді жариялап жазбақпын. Бұрынғы Замандарда халқымыз көшпенді өмір салтын ұстанғандықтан көші – қонда пайдалануға ыңғайлы тез дайындалатын, әрі ұзақ жолдарда бұзылмайтын, ашымайтын тағамдар ( құрғақ сүт,құрт, май, ірімшік, қауынқақ т.с.с.) түрін пайдаланған. Міне сондай тағамдардың бірі кептірілген құрғақ тағамдар түрлері де болған. Ал енді сол құрғақ тамақтың дайындалу жолына келейік, апаларымыз сүр етті бір қайнатып алып кептіріп қойған, одан соң қамырды жұқалап жайып кәдігімгі етке дайындағандай етіп қайнатып алып кептірген. Енді осыларды рет-ретімен, бірінші етті, одан кейін нанын тас диірменнен өткізіп үгіткен.Сол сияқты дәмдеуіштерді де осы

диірменде үгітіп алып, әр бірін жеке – жеке тағы бір құрғатып кептіріп алғаннан соң, әрқайсысын жеке жұқа мата қалталарға салып іліп қоятын болған. Жол бойында тоқтаған жерлерде әрқайсысынан бір уыстан салып ыстық суға бұқтырып пайдаланған. Бұл қарны ашып шыдымсызданған балаларға да, көш қарбалысынан қолдары босамайтын үлкендерге де тиімді тамақ болған.

Дереккөз: jakup.ucoz.ru/blog/r_a_tama/2013-09-21-44

2 пікір

yesbolat83
Ата-бабаларымыз өз көштерінде құрт-ірімшіктерін ала жүретінін білсек те сіз айтып өткен ұсақталған сүрленген ет пен жайма алып жүретіндігі туралы білмейді екенбіз.
Тамаша пост.
Jako
Еске, кез-келген батыс өркениетінің түбі көшпенділерден бастау алған сияқты көрінеді маған. Мысалы атқа ер-тұрман салып міну, бір жақ иығынан қиғаштап жаба салатын терілерін тон қылып тігу, ал қамшы деген нәрсе оларға әлі күнге дейін жете қоймаған. Бабаларымызджың дана болғанына куануымыз керек шығар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.