Ливия соншалықты сорлы жағдайда ма еді?

Қазақ салт-дәстүрлері /
Біздің мемлекеттегі қайбір адамдар Ливиядағы көтеріліске себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлығы деп білетін шығар. Бірақ Социалистік Ливия Жамахириясындағы сандық мәліметтерге мән беріп көрейікші…
Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің көлемі – 14 192$;
Отбасының әрбір мүшесіне мемлекет дотация ретінде жылына 1000$ төлейді;
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы – 730$;
Медбикенің жалақасы — 1000 $;
Әр жаңа туылған сәбидің шотына 7000$аударылады;
Жаңадан тұрмыс тұрған отбасыларға пәтер алу үшін 64 000$ сыйға беріледі;
Бизнес ашуға бірреттік көмек ретінде 20 000$ беріледі;
Үлкен көлемдегі салықтар мен алымдарға тыйым салынған;
Білім алу мен медициналық көмек тегін;
Шетелде білім алу мен іс-тәжірибеден өту мемлекет есебінен жүзеге асырылады;
Көпбалалы отбасыларға арналған негізгі азық-түлікті арзан бағамен сататын дүкендер желісі бар;
Мерзімі өтіп кеткен тауар сатқандарға үлкен айыппұл салынады және оны арнайы полиция жасақтары ұстайды;
Дәріханалардың жартысы дәрілерді тегін таратады;
Дәрілерді қолдан жасаушыларға (подделка) – өлім жазасы;
Пәтерақы (квартплата) – жоқ;
Халықтан электр энергиясына деген төлем мүлдем алынбайды;
Ішімдікті сату мен қолдануға тыйым салынған;
Автокөлік пен пәтер алуға несиелер – пайызсыз;
Риэлторлық қызметке тыйым салынған;
Автокөлік алсаңыз, 50%-ын мемлекет төлейді, ал әскери тұлғаларға 65%-ын төлейді;
Бензин судан да арзан, бар болғаны 0,14 $;
Сонда Қаддафи билігіне халық не үшін қарсы шықты? Демократия мен сөз бостандығы үшін бе?
Әзірлеген – Р.ЖЕЛДІБАЙ
«Жақсы. кз»

6 пікір

Korkem
Мынаны оқып отырып, ертегі оқып отырғандай болдым. Біздің Қазақстанда мынадай мөлшердегі мемлекет тарапынан көмек қолын созу мүмкіншілігі болар ма екен?.. Әлі күнге жөнді білім бере алмайтын оқу орнын тым болмаса теген етсе. +1
Abylai
Джек қарияның өқ"ұңқіә саяси әлеуметтік режимін мойындап, қабылдасаңыз бұлардың бәрі де болады. Жарқын жақта өмір сұріңдер әәәй пенделер ай
Jako
Сонда Қаддафи билігіне халық не үшін қарсы шықты? Демократия мен сөз бостандығы үшін бе?
Daka_sss
политика ғой барлығы, ең алдымен көтеріліс, кейін америка/нато/оон «миротворец» ретінде келіп, халыққы билік алып «береді». табиғи ресурстарын өз қалталарына кетеді. бұл иракта, вьетнамда болған жағдай. «упровляемый хаос» деген ақш бағдарламасы. бұл бағдарлама мақсаты басқа елдердің ресурстарын пайдаланып американы кризистан шығару…+1
93ab
дааа қиын жағдай Бұл Батыстың отарлау саясаты біздің елімізгеде ықпал етуде) Жақында елімізде орын алған жағдайлар теракт (ағымдардың көбейуі) Жаңаөзендегі көтеріліс және көрсетілген әділетсіздік тағы басқа. Және айта кетерлік жағдай АҚШ Қазақстанды ланкестік әрекет жасау мүмкін деген елдер қатарына қосуы осының барлығы жайдан жай емесі анық
Auyldan
Халық бір кісінің пәленбай жыл ел басында отырғанынан, билікке жақындарын көптеп тартқанынан, сөз бостандығын көп шектеуден, соссын демократиялық жаңартуларға аңсаудан шықты деуге болады. «Хлеба и зрелищ!» деген заман кеткен.
Бізге ұқсас жағдайлар, ә!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.