Тіл туралы толғаныс.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Басқа бәле тілден. Тіл-тауға да шығарады,құзғада құлатады. Жұртқа жаман іс көрсетпе, жаман сөз айытпа. Біреуді сыртынан ғайбаттама.Сенің сөзіңді естіген адам күндердің күнінде ол адамға кездесіп әңгімеңді жеткізбесіне кім кепіл. «Тау тауға қосылмайды, адам адамға қосылады»- дейді.Адал жанды адамды өзіңе үлгі тұт. «Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа»-деген сөзді ұмытпа.Тәжік халқында тілді жаңадан шыққан баласына мың жыл бұрын өткен ұлы бабалары Рудакидің жырларын жаттататын жақсы үрдіс бар екен.Біз де балаларымызға Абайдың жырларын үйретейік.Сәкеннің әндерін жаттатайық. Сонда тілдің қадірін,құдіретін біліп өседі. Жастай сіңірген тәрбие баланың бойына тез сіңіп, өмір бойына нәр болады. Тілін байытады, ділін нығайтады. Солай ана тілмен сусындап өскен ұрпақ өзінің қайда барарын анық білетін, бағытынан жаңылыспайтын халықшыл,ұлтжанды азамат болып өседі. Сүйекке сіңген тілі,ұлтжандылығы алдағы өмірінде тура жолға түсірер нұсқаушысы болады.Тілді көріктендіретін құрал- АҚЫЛ. Ал сол ақылдың шығар қайнар бұлағы тағы да – ТІЛ. Тіл болмаса бұрынғы бабаларымыздың айтып кеткен әфсана, нақыл, мақал-мәтел,өсиет-өнегелерін балалар қайдан ұқсын. Ал адам өсіп кеткенен соң бұл нәрселердің бәрін бойға сіңіре беруге бір жағынан тұрмыс, бір жағынан қатып кеткен ми мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан жандарым, уақыттан ұтылмаңдар дегім келеді.
JAKO.

2 пікір

followme_alik
+1 __________ [Kazak/orys alipbiymen zhazsam tortburishtanyp kuyp tur...]

Uakyttan utylmauga tyrysarmyz Agasy _ Grammatikalyk kateny eseptemegende_ Keremet zhazyldy. Sizden zhaksy Ustaz shygady_) Aytpakshy_AFSANA degen ne? _
Jako
"Әфсана"- деген көне көзді қариялардан тартылған әңгіме.Түп негізі парсы тілінен болса керек.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.