Эстафета жалғасады!!!

Қазақ салт-дәстүрлері /

АЛАҚАЙ! Біздің көшеде той! Біздің шаңырақта той! Біздің әулетте той! Орасан қуаныш пен шаттықтың қарсаңында тұрмыз! Енді санаулы күндерден соң қыстың алғашқы күнімен үйімізге келін келмек. Апам мен көкемнің келіні. Жангелдінің келіншегі. Жандос пен Жанеркенің жеңгесі. Есімі кім дейсіз бе? ЖАНАР! Бәріміздің жанарымызға жарық пен жылуды сыйлайтын, жүректерге жаңа үміт тарту ететін ЖАНАРЫМЫЗ! Біздің Жанарымыз!
Көптен күткен ұлы той болатын секілді. Апа мен көкемнің қуанышында шек жоқ! Олар тіпті асығыс. Егер Жанарымыз ұл туса атын мен қоямын, егер қыз босанса сен таңда есімін деп жүр. Скорость жаман емес оларда. Тойдың болғанынан боладысы қызық деп қызықтан арыла алмай жүрміз соңғы кезде. Күн-түн қызық. Дайындық. Апам базардың «гүлі» боп Жанарына «униформа» дайындап жүр. Отқа салсаң жанбайтын, суға тастасаң батпайтын қып-қызыл халат пен аяғына су жаңа «мерседес»))) Ал менің қуанышымды айтып жеткізе алмайм. "Үйде" деп аталатын мейрамхананың бас аспазшысы деген құрметті атағымнан айырылатын болдым. "№1 ыдыс жуушы" деген құрметті қызметімді қимасам да Жанарға қидым. «Большая стирка» деген бағдарламамды да соған салтанатты түрде тапсырмақпын. «Жылдың үздік үй жинаушысы» деген дипломымды да соған тарту етем. Не деген дархан едім мен))) Енді осы атақ, құрмет пен лауазымның бәрін өзге шаңыраққа барып иемденсем бе екен деп қоям. Эстафета жалғасуы керек қой. Кезек менде секілді. Мені де осылай тағатсыздана күтіп отырған отбасын барып шексіз бақытқа бөлейін десем қалай болады?
Ағайын, тойға келіңіздер! Қуанышқа ортақ болыңыздар!
Қазақ салт-дәстүрлері: Эстафета жалғасады!!!

6 пікір

followme_alik
Эхе хе-еее-ЕЕЙ!
zhano_almuhambet
Бұл қыс жылы болатынына сенімдімін! Бұл қыс шаңырағымызға шаттық сыйлайтынын да білемін. Сосын кішкентай ғана балапандардың шат күлкісін де көп күтпейміз… АлақаЙ!
Delfina
Құтты келін болсын! Шаңыраққа бақыт алып келсін!
Менде 5 жыл бұрын женгелі болғам… Сен сияқты қатты қуанғам. Бірақ… женгелі болғаным не керек ол жұмыстан келгенде тамақ пісіп, үй жинаулы тұру керек((( олай болмай қалса үйдің ішінде боран тұрып тіптен қар жауып кетуі де мүмкін болатын.
zhano_almuhambet
Рахмееет Делфина! Иә құт келін болсын! Аминь! Жеңгем үйде уже. Таңертеңгісін шәй беріп шығарып салды жұмысқа. Кешкі асқа не қалайтынымды да сұрады. Пока бәрі жақсы. Лайым солай жалғасса екен))) тәтті тамақты жақсы көруші едім. Таңғы ас дегеннің не екенін білмеуші едік. Жұмыста жүре тамақтанып кете беретінбіз…
yesbolat83
Құтты болсын! Екі жас бақытты болсын!
Жеңгей су жаңа «мерседесін» киіп ап Сіздерге қызмет жасай берсін.)
zhano_almuhambet
О рахмеееет Сізге! Иә екі жасқа бақытты да баянды ғұмыр берсін! Жеңгем ас бөлме мен қонақ бөлменің арасында «мерседесімен» шуылдап жүр. Қызық. Жеңгемнің жасы менен кіші. Сізді қалай атаймын деп сұрады. Маған сәлем салса біртүрлі. Үндемей бетіне қарап тұра беріппін. Үйреншікті емес. Атыммен атай бер десем оны кішкене өзгертіп Ерке деп атап жүр. Қызыыыық
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.