ораза айт

Қазақ салт-дәстүрлері /
Ораза айт, Құрбан айт, Мәуліт.
Ораза айт – Фарз Ораза уақытының, Рамазан айының аяқталуының құрметіне мұ-сылмандар тойлайтын мереке. Ораза айт мейрамы Шәууәл айының бірінші жұлдызында басталып, үш күнге созылады. Мұсылмандар бірін-бірі Ораза айтпен құттықтап, бір-бірінен айттық алады.
Құрбан айт – Зұлхиджа айы-ның 10 күні басталып, 3-4 күнге созылады. Құрбан айт һижра жыл есебінің басы болып саналады. Құрбан айтты мерекелеу бозала таңнан басталады.
Қасиетті Құрбан айтта мүм-кіндігі бар мұсылмандар Аллаһ Тағаланың ризашылығы үшін мал сойып, құрбандық шалады. Жағдайы жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет емес. Құрбан айттың алғашқы күні – Қазақстанда демалыс. Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туылған күніне арнап өткізіледі. Мәуліт – Пәкістанның ресми мерекесі. Мәулітте Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арнап мәуліт оқылады, құранды мәнерлеп оқудан жарыс өткізу тәрізді түрлі діни шаралар ұйымдастырылады

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.