Махаббат пен ғашықтықтың түсініктемесі.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Ғашықтық деген ол құмарлық сезімінің адамдарға нәсіп етілген құралы.Сен қанша адамға көз салып,ұнатсаң құмарту деген сол, демек сонша рет ғашық болып жатырсың деген сөз.Ал махаббат- ол сенің жүрегіңнің түбінде арнаулы бір адамға деген іңкәрлік, жылылық,қимастық,құрмет сезімі.Ол сол адамға ғана арналады да, сол қалпында сенің өмір атты файлыңда сақталады.Мысалы ананың балаға, баланың анаға деген махаббаты.Ана баласына, болмаса бала анасына ғашықпын демейді, бірақ араларында бір- бірін қимастықпен сағындырар махаббат деген құдірет бар.Сол сияқты өмірде де адамға бір жан жолығып махаббаттың дәмін татқан адамдар бар, олар қосыла алмаса да, бірін бірі көре алмаса да, екеуі екі адамға жар болып кетсе де, балалы шағалы болса да жүректерінің түбіндегі әлгі файылды ұрлана ашып қарап, сағыныш мауқын басып,қимастық сезім жүрегін жанышса да соның бақытын тілеп жүреді.Міне бұл мәңгілік махаббат.Бірақ бұл барлық адамдарға міндетті емес, барлық жанның қолынан келе бермейді де.Махаббаттың құдіреттілігі де осында.
Бұл менің өмірден түйген жеке тұжырымым ешқандай бұзылмас теория емес, сондықтан әркім өз пікірін еркін айта беруіне болады.

13 пікір

Korkem
адамның ойындағыдай тамаша жазыпсыз, ашып-ақ жазыпсыз. Ұнады +1
Jako
Рахмет Көркем, сәлде болса жастарға дұрыс ой сала алсам болды.
KILYZAMAN
Jako
Секе, мен Керектен бұл постты қазір көріп отырмын,әрі ол осы жылдың 12-ақпанында жазылыпты мен бұл ойымды СЖ-да былтыр жариялағанмын. Так что. күдік болмасын.
KILYZAMAN
Жәкесі, күдікке орын жоқ. Мақсатым, сіздің ойыңызды тереңдете түсу болатын.
Jako
Ой Секе сені түсінемін ғой, басқалар көріп басқаша ойламасын деп анықтап кетіп отырғаным ғой.Болмаса мен Уйкипедия мен Гуглдан да ешнәрсе алмаймын.
Jako
Секе, міне сілтемесі surak-zhauap.kz/40016/ 2011 жылы қазанның 6-і күні жазыппын.
qyrmyzy
Қилы атай, қайда жүрсіз? Амансыз ба? Сағындық қой:(
Jako
Секеңді мен де сағынып жүрмін.
Zhanat
өзіңізде болама файлдарды ұрлана ашып, сағыныштың мауқын басатын сәттер
Jako
Әрине, мен де адаммын ғой…
Jako
Әй айтасың-ау, күнде десем өтірік, күнара болып тұрады ғой…
qyrmyzy
махаббат- ол сенің жүрегіңнің түбінде арнаулы бір адамға деген іңкәрлік, жылылық,<u><strong>қимастық</strong></u>,құрмет сезімі.
РЕСПЕКТ!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.