Реніш, өкпе жайлы ойларым.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірде ешкімді ренжітпей, ешкімге ренжімей өмір сүрсек қандай тамаша болар еді. Алайда ылғи осылай бола бере ме? Өмір болғаннан соң кейде амалдың жоқтығынан, кейбір сәттерде болмашы бір нәрседен реніш туып жатады. Негізі реніш себебі адамдардың бірін — бірі түсінісу ниетінің кемдігінен болады. Мен де жақында осы сайтта бір пікірлерін жақсы көретін бір інімді ренжітіп алдым,әрі соған өкінемін. Өзімнің тура санағанойымды айтпауыма болмады, жауаптар сол бағытта кете берсе жастар қаталікке ұрына ма деген ниетпен қарсы жауап жазуға тура келді. Бірақ өмірде ондай реніштер бола береді. Аталарымыздың «Жақсы адамның реніші шәйі орамал кепкенше, жаман адамның реніші басы көрге жеткенше»- деген сөзін бағдаршам қылып ұстасақ, көп реніштердің ұмытылуына септігі тиер еді -ау.
Мұсылманның «НАУРЫЗ»- мерекесін бәріміз білеміз ғой, Аллаға шүкір. Негізі жыл басы болып тойланса да осы мерекенің тағы бір атқаратын керемет міндеті (функциясы) бар. Ол осы мереке күні бұрын ренжісіп жүрген адамдар, өкпелерін кешіріп, төс түйістіріп қайта татуласатын болған. Бабаларымыз қандай реніш болсада бір жылдан ұзамасын деп татулықты, берекені ойлағанынан туындаған дәстүр емес пе? Сондықтан көңілдеріңізде біреуге деген өкпе, реніш болса ұзақ сақтамауға тырысыңыздар.Себебі кісілер жақын көретін адамдарына ренжиді,өкпелейді.Оларды өзімізден алшақтатпауға тырысайық, ағайын.Менде Алдағы келе жатқан Наурыздан ренжіткен жандарымнан кешірім, татулық тілеймін.
Бұл бір қатап қалған теория емес өз ойым болғандықтан пікір қалай айтылса да жарасады.

11 пікір

yerbol89
Жаңа жылда жарылқа, ескі айда есірке!- деп апаларым айтып отыратын еді. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Сіз де ағасы біздің тарапымыздан кеткен қателіктер, түсініспеушіліктер болса кешіріңіз. Көпшілік болған соң бәрі болады екен, түсініспеушілік те, қуаныш та, қайғы да. Себебі бұл біздің пенде екенімізді білдіреді екен. Сіздің арамызда осылай тамаша ақылыңызбен бөлісіп, бізге өмірде көрген-түйгендеріңізбен бөлісіп жатқаныңызға үлкен алғыс.
Jako
Рахмет Ербол, мен «Уйкипедия»дан емес өзімнің өмірден көрген, түйгенімнен аламын, сондықтан да ғой пікір қайшылықтары болып жататыны. Себебі жастардың көбі Уйкипедияны бұлжымас ереже көреді.
KILYZAMAN
Жәке мынауың не
Мен де жақында осы сайтта бір пікірлерін жақсы көретін бір інімді ренжітіп алдым,әрі соған өкінемін. Өзімнің тура санағанойымды айтпауыма болмады, жауаптар сол бағытта кете берсе жастар қаталікке ұрына ма деген ниетпен қарсы жауап жазуға тура келді. Бірақ өмірде ондай реніштер бола береді. Аталарымыздың «Жақсы адамның реніші шәйі орамал кепкенше, жаман адамның реніші басы көрге жеткенше»- деген сөзін бағдаршам қылып ұстасақ, көп реніштердің ұмытылуына септігі тиер еді -ау.
— ойымызды айтудан жасқана берсек — үлкен болып. Үлкендігімізден қасиет қалама? Сенде менде еріккенімізден жүрген жоқ шығармыз жастардың арасында?! Олардан көп нәрсе үйреніпте жатырмыз(жасырмайық). Десекте, оқта-текте мүйізімізге сүйеніп ойымызды айтпасақ үлкендік қасиетіміз қайда қалады ;-)
Jako
Секе, менде тура осылай ойлаймын.Бірақ түсініп жатса жақсы, түсінбей қалса көңілдеріне қаяау түсіріп алдым ба деп жүрегім ауырады.
KILYZAMAN
Олардың жүрегі ауырмаса, біздікі не жорық?
dimash
сонааааау бірнеше ай бұрын агентте артық бірдене жазып қойып біреуді ренжітіп алғаным бар еді, мен оны әлі өшіргенім жоқ агентімнен, сол енді Наурыз мерекесін күтіп, кешірім сұрап көрмекпін))) қызық, не дер екен))
Jako
Әй, Димашым-ай…
Zhanat
осы блок әлемінде танысып араласатын бір қыз бар, ойларымызды еркін аййтамыз, әр түрлі тақырыпта пікірлестікте. сол қыз біраз күн болды өзінен өзі маған ренжігені белгісіз қызық отношениеде жүр. оның көңілін қалай ауласам болады
Jako
Еййй, Жанат-ай, бұл вирт емес пе?
Zhanat
виртуалный ғой, бірақ ол қызбен виртуалдық достығымыз реалда жалғасама деген үміт болған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.