Алынған шаш пен тырнақ туралы.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Апам(әжем) марқұм 86 жас жасап дүние салды.Әкемнің үлкен баласы,әрі әкем жалғыз болғандықтан іні есебінде болып әже құшығында өстім, сондықтан да апа деп атап кеттім.Сол кісі шашын тарағанда үлкен ақ жаулығын жайып соның үстіне тарайтын да түскен шаштарының бір талын да қалдырмай жинап алып түйіп қоятын еді.Кейін өлгенімде шашымды өзіммен бірге көміңдер, шаш адамның Аллатағалла берген дене мүшесіне жатады, онда барғанымда түгендейді деп отырушы еді жарықтық.Ал тырнағын алғанда майдалап қамыспен бірге турап көміп тастаушы еді. «Бұл не үшін» — деп сұрағанымда,«Тырнақ лас мүше, оны алып тастасаң да өсуін тақтатпайды, алда — жалда тамқпен араласып адам ішіне кетіп қалса өсе береді де кісіні ауру қылады»- деуші еді.Апам оқымаған сауатсыз адам еді, бұл айтқандарының қаншалықты дұрыс, е болмаса бұрыс екенін білмедім, бірақ гигеналық жағынан қарасам тура сияқты.

2 пікір

askerbek
Жақында адам өлгенде да шашымен, тырнағы өседі деген ақпар оқыдым.Шашты шаштаразга алдырамын, оны қайда жіберетінін мен білмедім.10 сыныпқа дейін бәкі, алмаспен тақырбас кылып алып тұрды.Ол бірден отқа кететін еді.Тырнағымды өзім алып отқа жағып жіберемін, бізді солай тәрбиелеген.
Sabions
шашым шаштараздың қоқыс жәшігінде қалады. тырнағымды қағазға орап, қоқыс суға (мусор су) ағызып жіберем… жалпы тырнақты көміп тастаған дұрыс.но қайда?")
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.