"Жастар Отанға" лагері Маңғыстау облысында өтті

Қазақ салт-дәстүрлері /
Маңғыстау облысында «Жастар Отанға» жұмысшы жастар лагері өтті.

Тамыз айының 19 – 21 күндері Ақтау қаласының «Балдәурен» базасында «Жастар Отанға» Маңғыстау облысы жұмысшы жастарының лагері өтті. Лагерь 3 күнге созылып, оған облыс аумағындағы өндірістік мекемелер мен әр түрлі компаниялардың жас мамандары, жастар ұйымдарының өкілдері, жастар орталықтары мен жасотандықтардың белсенді құрамы, барлығы 70 жас қатыстырылды. Шара Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізіліп, оған «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы, облыстық жастар ресурстық орталығы қолдау көрсетті. Лагердің негізгі мақсаты: Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында: «Мен сіздерге — жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деген үндеуін және биылғы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық кодты қалыптастыру мәселесін жастарға жеткізу.
Одан басқа облыс көлемінде жастар саясатын одан әрі дамыту, өндіріс жастарына барынша қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар мен патриоттық бағыттағы іс – әрекеттермен ақпараттандыру. Жастардың ортасында нақты табысты жас қазақстандықтың кейпін құру. Жұмысшы жастарды қоғамдық өмірге тарту, қызығушылықтарын арттыру.
Лагерь барысында жастар үшін жеке және кәсіби қасиеттерін дамытуға және жобалық қызметті үйренуге бағытталған тренингтерден тұратын бағдарламалар, сонымен қатар, бағдарлама футбол, волейбол сияқты спорттық ойындарынан, кездесулер мен сабақтардан тұрады.
Лагердің алғышқы күні жастар Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Сүлейменұлы Нұрдәулетовпен, «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Данияр Манарбекұлы Сүндетбаевпен кездесу өткізді. Кездесу өте еркін әзілге толы, рухани бағыттағы идеяға толы, жоғары көңіл – күймен өтті. Жастар өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, сұрақтарын қойып жауаптарын алды. Кездесуде гитарамен ән айтылып, қосыла шырқалды. Ұлттық рухты көтеретін ұсыныстарын кездесушілерге ұсынып қана қоймай, шешу жолдарын да жеткізді. Ұсыныстар барысында жастар ауылдың мәселелерін де қалыс қалдырмай, көтеріп отырды.
Кездесуден кейін «Цифрлы Қазақстан» тақырыбында танымал журналист Асхат Садырбайдың тренингімен жалғасты.

Ақ¬¬парат¬тық технология¬лар қарыш¬тап дамып бара жат¬қан мына заманда IT сала¬сын да¬мыт¬пасақ, дамыған 30 елдің қа¬та¬рынан көріну қиын. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жыл¬дан-жылға жақсартып келеді. Тренингтің мазмұны осыдан басталды.
Қазіргі таңдағы жастардың әлеуметтік желілерге тәуелді болуы, шектен тыс қолдануы, еліміздің жаңа технологиямен даму жолы туралы ауқымды мағлұматтар айтылды. Тақырып қызықты. Жастардың да қатысу белсенділігі жоғары болды. Тренермен ақпарат алмасып қажетті мағлұматтарын алды.
Лагерьдің екінші күні. Бұл күнгі тренерлер «Өрлеу» АҚ қызметкері Ағуза Далабайқызы және блоггер Тимур Бектұр.
Ағуза Далабайқызы «Рухани жаңғыру» тақырыбын жастарға түсіндірді. Отбасы құндылығы, үйдегі тәрбие, қазақтың салт – дәстүрі туралы қызықты, мағыналы ақпараттарымен бөлісті.
Тимур Бектұр – «Тайм менеджмент» туралы тренингті жүргізді. Бұл тренинг әрбір адам үшін өзекті, себебі, әрбір адамға белгілі бір өмір ұзақтығы берілгенімен, барлық адамға бірдей уақыт өлшемі берілген. Ол уақыттың өлшемі — тәулігіне 24 сағатқа тең. Бір адамдар сол уақытты қалай құртуды ойлап, «уақыт өлтірумен» күнін өткізсе, екінші бір адамдар сол уақытты қалай тиімді пайдалануға барын салады. Тайм менеджмент, міне, осы туралы, яғни әрбір адамның өзінің құзырындағы уақытты қалай тиімді пайдалану арқылы алға қойған мақсатына қол жеткізуге болатындығы жөнінде, өмірдегі әрбір істерін маңыздылығы мен жеделдігі бойынша приоритезация жасау қажеттілігі жөнінде, жеке тұлғалық дамуға қадам басудың алғышарттары жөнінде тренинг. «Жастар Отанға» жазғы лагерінде өткен осы тренингте тайм менеджменттің ережелері мен құралдары, сондай-ақ "өмір дөңгелегі" жөнінде айтылды. Тренинг барысында шағын жаттығу жасалып, сұрақтарға жауап берілді, шағын пікірталастар ұйымдастырылды.
Лагерьдің екінші күнінің тағы бір маңызды кездесуі Маңғыстау облысы әкімінің жаңа орынбасары Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлымен кездесу. Кездесу еркін, ашық, пікір алмасумен өтті.
Бүгінгі таңда облыстың әлеуметтік мәселелерінде көптеген жетіспеушіліктер, мәселелер бар. Оларды жою үшін әкімдікке ғана, үкіметке ғана жауапкершілік артпай әр жастың өздері де араласу қажеттігі айтылды.
Мақсат Нұрлыбекұлы өзінің тәжірибелерін жастарға жеткізіп, кеңестерін де айтты.
Жастарға әсерлі болған әңгіме рухани құндылықтар мен тәлім тәрбие, қазақтың қыздарына құрмет, тәуелсіздік туралы айтылған әңгімелер. Әсерлі айтылған әңгімелерді жастар ұйып тыңдады. Жастар тарапынан ұсыныстар да берілді. Бұл кездесуге Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Тұржанова Айжақсы Жылқыбайқызы, Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының басшысы Жанабеков Қайрат Құттыбайұлы, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Жеткізген Досан және жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Сонымен лагерь 3 күнге созылды. Теңіз жағалауында тимбилдингтер өткізіліп, жарыстар да ұйымдастырылды. Қатысушылар тарапынан жақсы пікірлер мен алғыстар айтылды. Шараның жабылу салтанаты өткізіліп, қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.