Көрісу дәстүрі

Қазақ салт-дәстүрлері /
2010-жылдан бастап, БҰҰ Бас ассамблеясы «Наурыз халықаралық мерекесi» қарарын бiр ауыздан қабылдап, бағзыдан келе жатқан мерекенi атап өту күнiн 21 наурызға белгiледі.
21-наурыз ұлыстың ұлы күні, күн мен түннің теңелу кезі екенін білеміз. Біздің Жаңа жылымыз, ұлттық мейрамымыз. Бүкіл түркі жұртына ортақ мейрам, халықаралық мейрам болып бекітілді.
Ал, еліміздің батыс аймақтарында, Маңғыстау, Атырау облыстарында тегіс, Орал, Ақтөбе облыстарының кей бөлігінде, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде Наурыз айы туды деп, осы айдың 14-күнінен бастап, «Көрісу» дәстүрі басталады. Осы күннен бастап «Жаңа жыл» басталады. Кей жерлерде «амал» деп те атайды. 1918 жылдың 24-қаңтарында «Батыс Европа күнтізбесінің Ресей мемлекетіне енгізілуі туралы» В.И. Ленин қол қойған декрет қабылданды. Бұл кезде юлиан және григорий күнтізбелерінің арасындағы алшақтық 13 күнге жеткен еді. Декретте көрсетілгендей 1918 жылдың 31-қаңтарынан кейінгі күн: 1 ақпан емес, 14 ақпан болып есептелді. Соның әсерінен бұрын 1-наурызда Жаңа жыл – Ұлыс күнін тойлайтын қазақ елі, 1918 жылдан бері қарай 14-наурызда көрісіп келеді деуге болады.
Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарханын жайып қояды. Наурыздық жасап, ата-баба рухына дұға бағыштайды.Біздің жақта осы күні кішілер үлкендерге, көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне, ал, бала-шағалар әр үйге кіріп, көрісіп құттықтап шығады. Тек келіндер аталарына және қайынағаларына көрісуге болмайды. Ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер жағы да құшақтасып, беттерінен сүйіп, көрісіп жатады. Осы көрісу дәстүрі тек батыста ғана емес, бұрындары еліміздің көп жерлерінде болғанға ұқсайды. Шәкәрімнің ұлы Ахаттың жазбаларында: «14-март – ескіше 1-март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні дейді. Ал жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл фарсы тілі. Жаңа күн деген сөз. Қожа-молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын ұлыс күні дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты – ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» – деген.
Сонда көрісу дәстүрі тек батыста емес, барлық жерлерде де болған, тек бертін келе халық ұмытып кеткен, отаршыл саясат ұмыттыруға тырысқан. Бірақ, осы батыс аймақтарда ұмытылып көрген емес. ХХ ғасырда ел шұбырған аумалы-төкпелi заманда сан қазына түбiрiмен құрып, ұмытылып кеткені шындық.
Ай мен Үркердiң қиылысып өтуiн көшпелi жұрт тоғыс атаған ғой. Наурыз айында тоғыстың келетін тұсы да осы күндерге келетін болса керек. Халық сенімінде 14-нен 15-на қараған күнi қой құмалағы қарға батып кетсе, жақсылыққа санап, ырым еткен. 15-i күнi халық қыс жұлдызы бiтiп, жаз жұлдызы туды деп есептеген екен. Бұдан 2-3 жылдықта жазған жазбам еді, соны осы сайтқа қайта ұсынып отырмын. Жастар оқып, біліп жүрсін деген ниетпен.
Наурызды қазақ жыл басы десе, ескіше болсын, жаңаша болсын, келе жатқан Жаңа жылымыз – Наурыз құтты болсын! 14-наурыздан көрісуді ұмытпайық!

19 пікір

Jako
Тамаша пост екен,өте әсерлене оқыдым.Біздің оңтүстік өңірлерінде көрісу салты болған,әлі де бар, бірақ наурыздың 14-ші күні емес, 22-і күні."Ұлыстың ұлы күні үлкен-жас,құшақтасып көріскен.Үлкендер кішіге ақ батасын беріскен"-деген сөз бекерге қалмаса керек.Ал осы күні алты Франция сиып кететін жерімізде аймақтық ерекшеленіп кетуі әбден мүмкін.
monti_1990
Мен бұл дәстүрді жатақханада Батыстың қызынан естігенмін. Ал біздің жақта бұндай дәстүр жоқ екен.
qyrmyzy
хехе, жатақханада тұрсаң, көп нәрсе біліп қаласың… Былтыр арнайы батыстықтармен көрісуге барғанбыз))) Айтқандай, бүгін атыраулық қуырдақ жедік. Басқаша екен
VVVWWW
Дұрыс жазыпсың!.. Джако айтқан басқа әңгіме, осы салт жайлы өткенде агент арқылы Көркеммен сөйлесіп едім соны жариялағым келіп отыр, Себебі постта түсініксіз жазылған, мағынасын толық ашып көрсетпеген сияқты, түсініктірек болуы үшін сол қалпында жазып отырмын, еш өзгертпестен, Сонымен Агенттегі әңгіме:

Манас Аташев (20.12.2021 01:48)
Сіздің жақта көрісу деген салт барма

***Galiya *** (20.12.2021 01:48)
Адам дуниеден кайтканда ма?

Манас Аташев (20.12.2021 01:49)
Ия сендерде солай айтады деп естіп едім жоқ ондай емес

***Galiya *** (20.12.2021 01:49)
енді не?

Манас Аташев (20.12.2021 01:53)
Әрбір Атыраулық 15 наурыз күні көршілеріне, жақын жуықтарының үйіне барып кіріп амандасып шығады, «бір жасқа шығуыңызбен» деп айтады, тіпті алыс жолдан келіп, көрші Маңғыстау, Орал облыстарынан келіп құдаларына келіп кететіндері бар, қызық салт емес пе

Манас Аташев (20.12.2021 01:54)
Соны көрісу деп атайды

***Galiya *** (20.12.2021 01:55)
расында да кызык екен, біз жақтағылар ауылда осындай қазақы салтты ұстап қалғандар болмаса қалада ондайлар ұмыт болып барады гой

Манас Аташев (20.12.2021 01:57)
Ой ол күні рахат кез-келген үйге кіріп баруға болады

***Galiya *** (20.12.2021 01:57)
ия, кызык. мен мундайды тек кітаптан окимын

Манас Аташев (20.12.2021 01:59)
Бір жаманы сен қайда жүрсің қарамайды Алматы да ма, Астанада ма ол күні ата-анаңа келіп міндетті түрде көрісу керек

***Galiya *** (20.12.2021 02:00)
неге жаман? жаксы гой, осы куні бізде мерекеде тіпті келуді былай койып конырау сокпайтындар бар

***Galiya *** (20.12.2021 02:00)
ал енді мынаны айтынызшы, сол куні келіп коріспесе не болады беп сендіреді?

Манас Аташев (20.12.2021 02:02)
Жоқ ештеңе болады деп сендірмейді, ол жәй ғана ата-ана алдындағы міндеті болып саналады, қанша ренжіп жүрсе де сол күні табысып жатқандарды талай көрдім

***Galiya *** (20.12.2021 02:04)
ғажап қой

Auyldan
15-наурыз емес, 14-наурыз күні көрісу күні басталады. Батыстың барлық жерінде солай.
Көрісу — балалардың ата-ана алдындағы, жасы кішілердің үлкендер алдындағы, қайын жұртың, нағашы жұртың, басқа да тума-туыс алдындағы міндеттері болып табылады. Бір-бірін көрмей, ренжісіп жүргендер де осы күні татуласады.
VVVWWW
Ия ол үлкен тартыс әңгіме, мен ес білгелі үлкендер айтысып жатырғанын талай көргем 14-і ме әлде 15-і ме деп, біздің жақта көбі 15-нен бастайды, бірақ 14-і нен бастап кететіндер бар,
(Шынымды айтсам мен сол салтқа жыным келеді, себебі үлкендерден талай ұрыс естігенім бар, көріспедің деп)
Abylai
15-і дегенді алғаш естуім. Маңғыстауда 14-інен басталады. Өзіме ұнайды көрісу деген. нағыз қазақы дәстүр, тәрбиелік мәні зор деп қояйын. )) Айтқандай былтырғы «көрісте» Ақтөбеде болдым. Ол жақта «көбі» білмейді әлде «көріспейді» екен.

Ал мен бастап кетейін көрісуді: Жыл құтты болсын ағайын.
VVVWWW
Өй бір күннің әрі берісі не, 14,5 наурызда басталады деп қоя салайын (Он төрт бүтін онанан бесінші наурызда) ЫСмайлик керемет!!!
Togzhan
Сөз тапқанға қолқа жоқ деген) Атыраудың кейбір жерлерінде де 14 -де көріседі)
Korkem
Құдайым-ау, Манас, мыналарды ерінбей қайдан тауып алдыңыз? Уақытын қараңыз, 2011 ғой)))
Abylai
Манастың Атыраудан екенін біліп бір рахаттанып алдым. Ақпарат жинақталуда
qyrmyzy
ықық, Көркем түн жарымда нестеп отсың агентте?? Інілеріңді ұйықтатпадың ба одан да
Korkem
кішкене інілерім болғанда мында тіпті отырмас та ма ем)))
qyrmyzy
түсіне алмадым
Korkem
інілеріммен әуре боп жүрер ем да сол, алдымен гуглге рахмет СЖны тауып бергені үшін, одан соң СЖға рахмет, Айтаберге тартқаны үшін. Бөпелерім бар болғанда ішім пыспас еді, комптың алдында түн баласы отырмас ем ғой, сенімен кездестірген тағдырға рахмет
ardak1996
біздің Маңғыстауда бұрыннан бері 14і-нен бастап көрісеміз… Ой әжелердң уйіне барғым келмейді… бетіңнен бет қалдырмай суйе береді… Бірақ маған ұнайды!)
Оңтүстік өңірдегілер «көрісті» білмейді екен. Физикадан беретін Шымкенттік ағайға айтып едік, бірінші рет естіп тұрмын дейді. лібәә…
Басқа аймақта таралмағаны өкінішті!!! Орал қаласында 14 күні тойланады!
yesbolat83
Осы 14-і күні жаңа жылыңмен деп көрісіп жүрген жігіттер көшеде өтіп бара жатырған қыздардың жолдарына бөгет боп «жолдық» сұрау ғұрпы бар. Қыздар алдын ала өзге де мерекелік дастархан жаю секілді дайындықтарға ғана дайындалып қоймай осы «жолдыққа» да қолынан келген колөнерлерін әзірлейтін болған(тоқылған нәрселер, матадан жасалған кішкене бұйымдар, т.с.с). Ал, жігіттер «жолдық» бермесе қыздарды ешқандай жерге жібермейді. Бізде, Маңғыстауда, осы үрдіс осы уақытқа дейін жалғасын тауып келеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.