Киіз үй туралы ...

Қазақ салт-дәстүрлері /

Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы жәдігер. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300-400 келіге жуық. Бұл салмақты бір түйе еркін көтере алады. Кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық – киіз үйдің негізгі бөлшектері. Соның ішінде — Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып есептеледі. Ол — талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Кереге санына қарай киіз үй 4,6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Ал, Хан ордасының кереге саны 30-ға дейін жетеді. Ал шаңырақ болса – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Қазақы нанымда шаңырақты ешуақытта төңкеріп қоюға болмайды. Тіпті шаңырақ көтеріліп жатқанда ешкімнің сөйлеуіне болмайды екен. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелі болмақ. Ал, уық кереге мен шыңырақты жалғап тұрады. Сықырлауық болса кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ағашы толығымен құрылып болған соң — киізі жабылады. Сөйтіп, дайын үйге еңкейіп кіреді қазақ баласы. Киіз үйді әдетте 3-4 адам 1 сағаттың ішінде құра алады. Ең қызығы, әлемде киіз үйге ұқсас аралдар мен таулар бар екен. Мәселен Шерқала Батыс Қазақстанда орналасқан ерекше тау.


Ал, Луйтла-Дуймун — Шатландия мен Испанияның арасындағы киіз үйге ұқсас ерекше арал. Оның биіктігі 414 метр екен.

Халқымыздың бата-тілектері де киіз үй жабдықтарымен ікелей байланысты. Шаңырағың шайқалмасын, керегең кең, екі босағаң тең болсын» — деген сынды нақыл сөздер қазақтың киіз үйге деген құрметіне шыққаны даусыз.

35 пікір

KILYZAMAN
Ғылыми деседе болар осы еңбегіңді. Рахмет!!!..
Ізденіп жазғаным жасырын емес)))) Айтаберліктерге әрнәрсені айта беруге болмайды… тек нақты дәлелдермен ғана айту керек)))
KILYZAMAN
Алдында жарияланған сызбаларды алып тастағаныңа себеп барма?
нақтырақ…
KILYZAMAN
Поштама Қазақ салт дәстүрі блогына жаңа жазба жазылды деген соң жетіп барғандағы көрген сызбамда сызбалық талдау өзгеше еді. «Жіліктеп тастағандай» — көріністерді көріп қунғаным РАС…
кескінді ғана өзгерттім)))))))))
KILYZAMAN
Сол кескінді кеспе, қалсын!
Қилызаман! Орындалды… ұсынысың…
MSHERIMBEK
Естімеген елде көп:)
ereke_enu
«Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi»
Басқа мағынада айтылған болар. Шаңырақ, кереге дегендерің қандай болса да жай ағаш емес па?
Қазақы сөздің босы жоқ… бұл да болса шаңыраққа деген құрмет болар сірә…
ereke_enu
Шамадан тыс қатты сыйлап кеткен ба дим) Шаңырақтың қасында сөйлемеуге, сөйлеп қойып жетесіз атану миыма ешқалай сыймай тұр… Шаңырақ киіздің ең маңызды бөлігі. Себебі, Киіз үй бір уық, бір керегесіз тұра берер, тіпті бір қанатсыз да. Бірақ, шаңырақсыз тұра алмайды. Басқа ешқандай күші жоқ.
Жетінші уық шаншылғанша сөйлемей тұра тұрыңыз енді… кейін қанша сөйлесеңіз де рұқсат… Бірақ әлгі сөйлемеудің сіз бен бізге не қатысы бар? бәрі бір киіз үй құрастырмаймыз...))))
KILYZAMAN
Жәй ағаштан күрке тұрғызып көрші әуелі…
Korkem
Мынау бір тамаша пост екен, ырза болдым! тамаша
Ырза болсаңыз… рахмет)))
ereke_enu
Тарихқа сенсек, қазіргі киіз үйдің прототипі қола дәуірінде де болған екен. Соған қарағанда өте мықты конструкция болып тұр ғо…
Тіпті мынандай ауылдар да бар екен)))
ereke_enu
Мыналардың үйінен киіз үй көп қой)
MSHERIMBEK
Моңғолиядағы ауылдар ма деп шырамытып отырмын.
qyrmyzy
"Қош келдің" дейін десем, менен бұрын келген екенсің. Ал, қайта оралуыңмен! Келіп тұр жақсы жақсы жазбаларыңмен!
Барлығын қойып «Айтаберге» түбегейлі көшіп келемін-ау деймін… Мұнда керемет…
qyrmyzy
ИӘ, кел, кел, құшақ жая қарсы аламыз
ereke_enu
қателесіп кетіппін
Киіз үй дегенің керемет қой… қыста жылы… жазда салқын… бірақ, үйленгенде ыңғайсыз...)))
Jako
Таке, тамаша жазылыпты, айтары жоқ.
Abylai
кеше/бүгін айтаберліктер өз туған жері жайындағы сурет/посттарды көріп, елжіреп плюс қойып жатыр еді, кезек маған да келген сияқты ))
Пост үшін +
Шерқала үшін профильіңе + )))
Arhun
Қазақ үйдің екзелдегі бір құрылыс /әсіресе пропорция жағынан/ есеп қисаптарымды жүргізген едім, өте қызық нәрсе екен… Соны осында қалай оснда ілсем болады екен7
П С
Ілгенімен, таба аламын ба?
mairosh
Киіз уй керемет қой. Жазда салқын қыста жылы болып келеді. Кірсең шөптің исі киіз үйді вообщеее керемет қылад )))))) пліс 1 постқа
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.