Әз Наурыз жайлы аз мәлімет....

Қазақ салт-дәстүрлері /
Ұлыстың ұлы күні, Әз Наурыз әр қазақ асыға күтетін ерекше мереке. Наурыз тойының мән мағынаға толы өзіндік дәстүрлері де көп. Солардың бірі өгіз сойып қазан көтеру және дастархан жайнату. Жас жігіттер ошақ басында өгіз сойып, қанын ойнап жүрген балалардың маңдайына жағады. Ал қыз келіншектер тоқшылық пен ырыс жоралғысы ретінде дәмді тағамдарды молынан әзірлеп, дастархан жасайды. Наурыз мерекесін аста-төк молшылықпен атап өту келер жылдың берекелі болуына ықпал етеді дейді данагөй қариялар. Сол себептен де наурыз көжені молынан пісіртіп, шамасы келсе қос-қостап қошқар соятын болған көнеде. Сонымен қатар ақ мол, дастархан майлы болсын деген ниетпен ыдыстарға бидай, арпа, жүгері, сұлы толтырып, сүт, айран, уыз шұбат құйып қоятын болған. Дастарханға ешқашан харам заттар қойылмаған. Ауыл ақсақалдары мен құрметті қонақтарға бас ұсынылып, сорпа тартылған. Астан соң ақындар бір бірімен айтысып, күйшілер күмбірлетіп күй төккен. Бұл киіз үй ішіндегі көрініс. Кең далада қайратты жігіттер көкпар тартса, ауыл жастары алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнайды. Қазақ осылайша ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өткен. Дастархан жайнасын, ауыл тойласын, жастар ойнасын. бұл Әз Наурыздың ұраны.

7 пікір

Bek
Ой бәрекелді жақсы төл мерекемізді ұлықтайық АҒАЙЫН!!!
AKA
Иә, менің асыға күтетін мерекелерімнің бірі. :)) Жаңа жылға 9 күн қалды, иншАллаһ!
qyrmyzy
не го, бұйыртса, Астанаға баратындар кучтілеп тойлайықшы Наурызды…
Jako
Біздің көшеміз жыл сайын НАУРЫЗ мерекесін өгіз соймасақта,1-2 қой малын сою арқылы осылай аста-төк қарсы аламыз. Жазғамн постың өте тамаша.
Madi
Осы әз сөзі мағынасы былай ма? Кітаптан оқығаным.Ертеде көктемде қойшылар қар еріп біте бастаған кезде аспаннан көктің аздап күркірегенін байқайды екен.Ол бір қыстың бітіп көктемнің басталғанын білдіретін табиғаттың бір белгісі болса керек.Осы құбылысты "әз жүрді " деп атайды.
Шын мәнінде де солай ма?
Argyn
Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, және оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – наурызнама» — деген екен. Ал, Сәбит Дөнентаев – «Бұл мейрам — дін мейрамы емес, ұлт мейрамы» — деп айтқан. Римдіктер жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен «март» деп атаған.
Jako
Римдіктер жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен «март» деп атаған.
Қандай тамаша, демек жылымыз бейбіт өтсін дейтін қазақтың тілегіне де келіп тұр.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.