Бақыт туралы ойым...

Қазақ салт-дәстүрлері /
БАҚЫТ — деген не ол? Мен біраз нәрсені көрдім, біраз уақытты еңсердім-ау десем де, бұл сұраққа оңай жауап бере алмаймын ба деп қорқамын. Мүмкін бар ақыл деңгейімнің жету шамасы осы-ақ болар. Иә, барша пенделер сияқты, мені де бұл сұрақ ойландырады, толғандырады. Сондықтан да осы бір асыл ұғымды жеке тақырып қылып алдым… Біз біреуге жақсылық тілегіміз келсе, ойланбастан оған БАҚЫТ тілейміз. Бірақ ол не? Мүмкін, бұл өмірге. Мына жарық дүниеге адам болып келгеніміздің өзі үлкен бақыт болар. Олай болса мен бақытсызбын деп, бәз кешіп жүргендерді қалай түсінуге болады. Мүмкін, байлық болар бақыт деген, олай болса сол байлықты көтере алмай қаңғып кеткендерді кайтеміз. Махаббат па десем Мәнжүнді қайтем сүйгеніне жете алмай қайғыдан қан құсқан, өнер ма десем Ақан серіні, Біржан салды қайтем өмірінің аяғы құсалықпен өткен. Міне, түсінбегендіктен талқыға салып отырмын.
КӨМЕКТЕСІҢДЕР, КӨП ТҮКІРСЕ КӨЛ ДЕГЕН. БІР МӘМІЛЕГЕ КЕЛЕРМІЗ.
БАҚЫТ — менің басымда бар ма? Бұны да білмеймін. Құдайға шүкір, керек десем бауыр еттерін кесіп беретін бір туғандарым
жанымда, отбасым да түгел. Елге қалай екенін қайдам, өзіме айдай жарым бар, Ұлым, келінім, қызым, немерем жалпы бір қазақтаймын. Басымда жай, астымда көлік, Өзіме жетерлік білім, нан табуға жетерлік жұмысым бар. Бірақ осылар әлгі бір БАҚЫТ деген ұғымға жатама екен. Бұл дегендер қажеттілік, қарапайым толыққанды қоғамның мүшесіне лайықты норма (қазақша баламасын таппадым) емес па. Сонда ол не? БАҚЫТ — сен қандайсың? Құйынбысың, құмбысың? Сағымбысың, желмісің? Таптым ба сені, таппадым ба білмеймін. Сондықтан да мен сенің іздеушіңмін!

18 пікір

Korkem
Иә, бақыт дейсіз ғой. Мен тіпті сізге кереғар ойлаймын, өмірден көргенімнен көрмегенім көп. Десем де, бақытты әркім әрқалай түсінеді. Біреуге байлық бақ болса, біреуге денсаулық бақ, енді біреуге жарық дүниені көргенінің өзі бақыт болса, біреу үшін бала — бақыт…
Иә, мінсіз жандар болмайды, өзінде жоқ нәрсе бақыт боп көрінеді, қолда барды қадірлемейді. Жалпы, айта берсек ойдан ой шыға беретіні рас екен…
Жақсы жазғансыз +1
Jako
Рахмет, Көркем қалқам.
beko
Бақыт сезіміне мысал әрине көп. Сондықтан, былайша қалай болады екен?
(Титтай ғана сөз қыстырайын пікірлеріңізге)
Адам ойларының орындалуы — Адам бірнәрсеге ұмтылып, істелінген іске дейінгі уақытта немесе кейін болсын, сәтті болғандағы(немесе болудағы) сезінген жақсы бір сезімі.
Jako
Әбден мүмкін, бірақ ондай күйді баскесерлер де бастан кешеді емес пе, олардың бақыты не болғаны сонда?
beko
Сіз біреудің бақытын іздеудесіз бе, әлде өзіңіздікін бе? Жарайды,
кейнірек басқаша тағы пікір жазармын…
(Иә, жалпылама жазылған болатын)
Jako
Жалғыз ағаштың орман бола алмайтыны сияқты, жалғыз адам да ешуақытта бақытты бола алмайды. айналасын жайлаған бақытсыздықтың ішінде жүріп өзін бақытты сезіну «БАҚЫТ»-деген ұғымның құнын мүлдем түсірер еді.Мүмкін сондықтан да жұмақ бақыты сенімдірек естілетін шығар.
AL-ASTER
Балалық шақта, бақыт алдымнан күтіп тұрғандай еді. Қартайған соң, оның өтіп кеткендігін ғана түсіндім. //Марк Твен

Бақыт мен үшін ыстық ынтазар сезім.

Елінің көзін ашып, азаттықты аңсаған алаш қайраткерлерінің, халқына деген сүйіспеншілігі болмады деп кім айта алар, Ақан сері мен Біржан сал суырып салма қызыл тіл өнеріне ынтазар болмады деп кім айта алар, Ләйлі мен Мәжнүндердің оттай лаулаған сезімдері ынтазарлықтан туылмады деп кім айта алар, сол сезімді сезіп тұрып, пенде қалай өзіне басқа іздесін?

Жанындағы барына қанағат етпей, бақытын алыстан іздеген адам, ешқашан бақытты бола алмас, сірә. Себебі, бақыт деген ұлы сезім және ол бірден топ етіп түсе қалмайды, ақырындап кішкентайдан үлкейе беруі тиіс.
Jako
Ал-Астер шыли сезімшілдік деп ойламайсың ба? Марк Твеннің афоризмін келтіріпсің, сол Марк Твеннің «Мартин Иден»-деген романын оқыдың ба? Бакытты, байлықты қалай іздегенін жазған.
Алаш қайраткерлерін жазыпсың оның несі бақыт, біздің кейінгі ұрпақ оларды көпіртіп мақтап жазып сол үшін кандидаттық қорғап, дүние тауып жүргеніміз үшін ба? Болмаса кешегі Сәкендердің азап вагонында бар қорлықты көріп, соңынан өзі құрған өкімет атып тастап, көмілген жерін таппай қалғанымыз бақыт па? Ақанды жазыпсың еркесімін деп жүрген елінен түңіліп қаңғып кеткені бақыт па? Біржанды жазыпсың, жынданды деп баласы керегеге байлап қойғаны бақыт па? Ләйлі мен Мәнжүнді жазыпсың егер олар бақытты болса екеуі қосылып ,ұрпақ өсіріп мәре-сәре өмір сүрмеді ма, Естерінен адасып қаңғып жүріп бір молада өлгеннің несі бақыт, түсіндірші.
Жанындағы барына қанағат етпей, бақытын алыстан іздеген адам, ешқашан бақытты бола алмас, сірә.
деепсің, оныңа да келісе алмаймын, Бақытты іздемей мен бақыттымын болдым, толдым, енді қанағат деп терезеден қарап отырған адам менімше ең сорлы адам. Олай болатын болса елдің бәрі бақыттымын дейді бірақ неге солардың бәрі сол бақытының рахатын көріп шалқасынан жатпайды.
бақыт деген ұлы сезім және ол бірден топ етіп түсе қалмайды, ақырындап кішкентайдан үлкейе беруі тиіс.
бұл жерде келісуге болады, демек сенде менімен келісіп отырсың, сен қуа бересің, бақытың жеткен сайын үлкейе береді.Бірақ болды мен жеттім деп тоқтай алмайсың, тоқтасаң бұл өмірдің біткені.Сонымен шал мен кемпір ұзақ та, бақытты өмір сүріпті деген ертек те аяқталады, Ары қарай келесі ұрпақ бақыт іздеуді жалғкастырады.Солай бауырым, менімше бақыт деген оны талмай іздей беру шығар бәлкім, кім білсін?
AL-ASTER
Мүмкін. «Бақыт» деген зат еместігінің салдарынан, әркім әрқалай сүйреп тартар. Бірақ әркімнің өзі санайтын «бақыты» бар екеніне менің күмәнім жоқ, тек біреулер оны алыстан іздеп шаршар, біреуі жанындағысын қанағат қылар. Бірақ, адам бақытын іздесін, іздемесін өмір өз ағысымен кете беретіні ақиқат. Тіпті бақыт деп бас қатырмайтындар да бар, бәлкім нағыз бақытты солар болар.

Маған кішкентай кезде Марк Твеннің көптеген жинақтарын алып оқып, аудиокітаптарын тыңдап жүрген қатты ұнайтын. Себебі, мен үшін ол жеке бір үлгі алуға болатын тұлғалардың бірі. Жоғарыдағы романды оқымағам, бірақ ол Джек Лодондікі.
Jako
Джек Лондондікі ма, ия болуы мүмкін келісемін,40-жыл бұрын оқыған ендім, ми шаршай бастаған ғой.
kema
Қандай керемет ойлар! БАҚЫТ… Мен бұл сұраққа осы күнге дейін жауап іздеп көрмеппін. Бәлкім мен өзімді бақытты сезінгенмін, немесе менің сол бақытқа деген тәулділігім жоқ болдыма?!.. Осы аз ғана ғұмырымда, тек Аллахтың берген әр күніне шүкіршілік қылумен болдым.
Бәлкім сол бақыт дегеніміз тәуба мен шүкіршілік, қанағат па деп ойлаймын.
Білмеймін, дәл қазір өз ойымның ішінде адасып кеттім. Жако аға, мен бұл жайлы толық ойланып өз ойымды жазармын. Ой салғаныңызға рахмет
Jako
менің сол бақытқа деген тәулділігім жоқ болдыма?!
Мүмкін ең бақытты кездің өзі осы уақыт болар.
Бақыт… менің түсінігімде ол мүлде бөлек… бала-шаға, жарды, байлықты бақыт деп есептей алмайды екенмін… өйткені баласы, немересі, ақшасы барлардың бақытсыздықтан шыққан көз жасының талай куәгері атанғанмын… сонда бақыт деген не? ол — қайғырмау… ол — жақсылық жасау… ол — саған да жақсылық жасайтын біреудің болуы… Бұл нәрселерге қалай қол жеткізуге болады? оп-оңай. Иманды болсаң жеткілікті… Сонда басыңа қандай іс түспесін қайғырмайсың. Өйткені Алланың ісіне көніп, сабыр етесің. Жақсылық жасау да тікелей иманмен байланысты… саған жақсылық жасалуы да иманыңның жемісі… Ал, иманды болу дегеніміз не? ол да оп-оңай! Тілмен айтып, жүрекпен бекітіп, амал жасау. нені айтып, нені бекітіп, не амал деген сұрақ туда ма? Ол да оп-аңай) Алланың бірлігін айт, жүрекпен сен, және сенгеніңе(Аллаға) құлшылық жаса… Міне, сұрақ енді туды… Құлшылықты кез келген адам жасай алмайды… Қолдан келсе 12 жастан бастап жасар едік құлшылықты… Алла иманды тек сүйген құлдарына ғана береді деген шариғат шарты баршамызға аян… демек иманды болу Ол Алланың сүйікті құлы болу деген сөз… Ал, Алланың сүйікті құлы болсаң… СЕНЕН АСҚАН БАҚЫТТЫ АДАМ ЖОҚ...)
Jako
Демек бұл өмірде бақыт жоқ, бақыт ана өмірдегі бұл өмірдегі құлшылығыңның жемісі болғаны ғой.
Бірақ соны көріп келген бір адам болса ғой, шіркін…
93ab
Мен бақытты екіге бөлемін, Біріншісі жұмақ, яғни Аллахтың рахымы мен кешіріміне бөлену, Ал екіншісі бірінші бақытқа барар жол. Ал екінші бақыт яғни баратын жол дегеніміз не?
Ол Аллахқа құлшылық ету, иман келтіру, шүкіршілік ету
Ата ананы сыйлау, құрметтеу жақсы көру
Бала шаға оларды асырап, бағу имандылыққа баулу, қызықтарын тамашалау
Аллах жаратқан әлемді танып білу, Оның құдіретіне таң қалу. Ғылым деген сияқты.
Қиындыққа сабырлық таныту,өтірік айтпау, алдамау т б
Байлық, өзіңнен ауысқанды мұқтаждарға беру, ағайынға көмектесу, жетімге жәрдем
Сүю Махабат Аллахтың адамдардың қарым қатынасы үшін берілген сезімі
Қорқыныш, Аллахтан ғана қорқу қорқыныш пен шүкіршілікті және түсініксіз сезімдердің араласуынан аққан жас. Оның барлығы бақыт емес пе? Аллах соны бұйырмай ма? Яғни Аллах бізді екі дүниенің бақытын беруші.
О дүниеге барып келген адам болмаса да бізде Құран бар ғой. Құранда жұмақ турасында сипатталады және ол күмәнсіз рас.
beko
Бақыт — адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр.

Арман сияқты Бақыт та мұраттың тылсымдық-эмоциялық көрінісі болып табылады. Мұрат тұлғаның болашаққа деген сенімін білдірсе, Бақыт оның іске асу деңгейін көрсетеді. Әдептану саласында Бақыт мәселесімен шұғылданатын ілімді фелицитология (грек. — Бақыт туралы ілім) деп атайды. Бақыт — көп мағыналы ұғым. Оның басты түсініктері: 1) бақ-дәулет, “қолға қонған құс”, ырыздық; 2) қуаныш, ләззат, рахат; 3) жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық; 4) өмірден өз орнын табу, толыққанды тұлғаға айналу. “Құс ұшуға жаралған, адам бақытты болуға жаралған” дейді халық мақалы. Бақытты өмір сүру — қуанышты болу, дәулетке кенелу, рахатқа бөлену. Адамға қуаныш әкелетін оқиғалар — табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы, алға қойған мақсаттың орындалуы, бала-шағаның қызығы. Қуаныш сезімі адамға күш беріп, кісінің жігеріне жігер қосады.

Алайда қуаныш пен Бақыттың арасында айырмашылық та бар. Қуаныш өткінші, жеке бір сәтке байланысты болса, Бақыт — адамның бүкіл өмірінің арқауы. Өмірде адамгершілікке жат, әдептілікке симайтын жалған қуаныштардың да кездесуі мүмкін. Қазіргі жағдайда Бақытты өмір сүру мәселесі өркениеттілік құндылықтарымен (нарық, демократия, адам құқыларын қастерлеу, т.б.) тікелей байланысты. Т. Джефферсон “Тәуелсіздік декларациясында” мемлекет өз табиғаты бойынша Бақытқа ұмтылуды қорғап, тұлғалардың іскерлігі мен дербестілігін ынталандыруы қажет екенін, бұл Бақыт үшін мәнді болып табылатынын атап көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиет:
Қазақ энциклопедиясы, 2 том;
дейді екен Вики.



mairosh
иә Ойыңыз орынды әрине. Менде өз ойымды қоса кетсем. Кейбір адамдар бақытты байлық, махаббатқа теңеп жатады. Мүмкін бұл да орынды шығар. Дәулетті болып, өзің сүйген жанмен өмір сүру бақыт дегенге келісемін. Бірақ Бақыт деген ұғым ол өте үлкен саланы білдіреді. Кәдімгі күнделікті наның мен шәйінде ішкеннің өзі үлкен бақын. Өмірде қаншама адамдар жасанды тамақтанып жатыр соларға қарап Аллхқа мың шүкір деп айтасың. Және Бақытты былайды түсінемін — отбасыммен бірге тұрып, ойнап күлгеннің өзі үлкен бақыт. Кейбір жандар болады өмірде жалғыз қанған. Қаншама дәулетің кімге тастарын білмей өмірден кетіп жатқаның. Тағыда мынадай жәйтті бақыт деп түсінуге болады. Әр затты өз қолыммен ұстап, өз көзіңмен көріп, жерді басып жүргеннің өзі бақыт. Қысқасы айтқанда бақыт деген іңгәлап өмірге келіп от басыңның ортасында абыроймен кәртайып өмірден өткенді айтамын.
Jako
Жақсы ойлар екен, бақыт деген ұғым шексіз ба деп қалдым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.