↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
14 наурыз 2012

Кенжебек Жанәбіловпен сұхбатым... (алғаш Aйтаберге жарияладым +суреттер)


— Кенжебек, әңгімені әріден бастасақ. Өнер жолына қалай келдіңіз?
— Өмірде барлық нәрсе Алланың қалауымен болады. Әркімге әртүрлі өнер беріледі. Маған берілгені осы әншілік. Төрт жасыман бастап өлең айтқанмын. Үлкен ағам үйде домбыра тартып отырған кезінде мен барып домбраның басын тістеп отырады екенмін. Сонда апалар: «осы бала әнші болады» — деп айтып отырады екен. Алла сол апалардың сөзін қабыл етіп, міне әнші болдым. ОҚО Өнер институтында екінші курс оқып жүрген кезімде «Музарт» тобының әншісі болып тағайындалдым. Бұл да бір Алланың берген бағы деп білемін. Кішкентай кезімде ағаларым: «Осы, Кенжебек «Бауыржан шоудан», «Тамашадан» бір шығып теледидардан көрінсе екен» — деп армандайтын. Аллаға шүкір, бүгінде «Музартқа» келгеніме жеті жыл уақыт болыпты. Бірақ, өзімді кеше ғана келгендей сезінемін.
— «Музартқа» қалай келдіңіз?
— Ауылдан Алматыға Бақтыбай дейтін ағам алып келіп, «Музартқа» ұсыныс тастаған. Бірақ, ол кезде бірден құрамына кіре қоймадым. «Осы інімізді қайтсек те бір жерден шығарамыз»-деп Мәкең мен Сәкең қастарынан тастамай алып жүрді. Кейінірек Музарт құрамына әнші іздегенде Сәкен аға: «Кенжебекті алайық» — деп ұсыныс тастады. Ешқайсысы қарсы боламады. Өйткені үнемі қастарында жүргеннен соң бәрі мені білетін.
— Сахнаға сылдырмақ алып шығу кімнің ұсынысы болды?
— Ол да Мәкең мен Сәкеңнің ұсынысы ғой. «Құр алақан шыға салма, не өнерің бар» дегенде. «Сіздер не айтсаңыздар соны алып шығамын» — дедім. «Онда сылдырмақты көр. Оқығансың ба?» — деді? Енді оқымасам да талабым күшті болды. Сол талаппен сылдырмақты алып кеттім. Аллаға шүкір, тез үйреніп алдым. Сол сылдырмақ мені танымалдылыққа алып келді десем де болады. Осы жылы сылдырмақты көп жерлерге алып шықпадым. Сөйтіп жақында Оңтүстік өңірене барғанымда көп адамдар: «сылдырмақты неге алып шықпай кеттің»-деп сұрап жатты. Енді тастамауға тырысамын.
— Бүгінгі таңда «Музарт» құрамындағы Сәкен мен Мейрамбектің ел сүйіп көретін жеке бейнебаяндары бар. Сіздің де бейнебаян түсіру ойыңызда жоқ па? Өйткені сіздің де жеке айтып жүрген әндеріңіз бар.
— Қазіргі таңда өзінің «Тарту» тобымен бірге Мәкең ән айтып жүр. Ал, Сәкең ана туралы әнге бейнебаян түсірді. Ол бейнебаян бір кісінің анасына деген сыйлығы болатын. Кейін, «Арай» тобымен де бейнебаян түсірді. Менің бір досым Сәкен ағаның ана туралы әніндей ән іздеп жүр екен. Мен де ана туралы ән жаздырып жатырмын. Сөйтіп маған ұсыныс жасады. «Ән жазалып болған соң тыңдап, орайы келсе бейнебан түсіріп беремін. Анама сыйлық жасайын» — деді. «Жарайды» — деп келістім. Алдағы уақытта көре жатарсыздар.
— Туған жеріңіз қаншалықты ыстық?
— «Туған жер тұғырың» — дейді ғой. Туған жер әрдайым ыстық. Баяғыда ауылда жүргенде Шымкентке дәу болып көрінетін. Қазір енді Алматыда жүріп Шымкентке барсам Шымкентім маған ауылымдай ыстық көрінеді. Шымкенттен талай дарынды ағаларымыз, әпкелеріміз шықты. Шымкентті өнердің ордасы деп айтар едім.
— Бүгінде бес уақыт намазын қаза қылмайтын өнер адамдары көп. Құлшылыққа қаншалықты құмарсыз?
— Аллаға шүкір, қазір намаз оқитын әншілер көбейіп келеді. Елу пайызы имандылыққа бет бұрды деп айтсам қате емес. Барлығымыз құлшылық етуміз керек деп ойлаймын. Өйткені ертең Алла алдында барлығымыз жауап береміз. Менің намаз оқып жүргеніме бес жыл болды. Бірақ, мұны мақтану үшін айтып отырған жоқпын. Мақтанарлық та іс емес. Намаз әр адамның парызы ғой.
— Қазіргі жас әншілерге қанда баға бересіз? Қоғамда өтірік әншілер көбейіп кетпеді ме?
— Қазір кімнің қалай айтатыны белгілі болып қалды ғой. Мысалы «Меломен» тобы, «Заман» тобы ерекше деп айта аламын. Кейінгі жастардың ішінде де даралары бар. Негізі «Саз әлемі» жобасында бірқатар әншілердің дәрежесі белгілі болды ғой. Халық өзі бағасын бере жатар.
— Тойға тек «Музартпен» шығасыз ба? Әлде жеке әнші ретінде де шыға бересіз бе?
— Жеке шақыратындар көп. Бірақ, біз бірігіп шығамыз. Ал, ағайын –туыс, достарымның тойына жеке бара беремін.
— Саясатқа қаншалықты қызығасыз? Нұрлан ӨНЕРБАЕВ, Бекболат Тілеуханов кезінде әнші болып жүріп, депутаттыққа қадам басқан еді. Депутат болу ойыңызда жоқ па?
— Жоқ депутат болғым келейді. Ол үшін де ерекше талант керек қой. Маған берілгені өнер болғаннан соң, сол өнермен айналысқанымды дұрыс көрем. Бірақ мүлде қалыс қалмай, саясатты да біліп жүру керек деп ойлаймын.
— Сұхбатыңызға рахмет.
Сұхбаттасқан: Берік Сұлтанов(ARGYN), журналист


?

Пікірлер:8

  • kuka097
  • 14 наурыз 2012, 20:32
  • 0
жақсы екен.! журналистика мамандығыңызды дамыта беруге тілектеспін!
  • Argyn
  • 14 наурыз 2012, 20:35
  • 0
Рахмееет))
  • qyrmyzy
  • 14 наурыз 2012, 20:40
  • 0
сосын оқып шығамын, кучт сұхбат сияқты…
  • Argyn
  • 14 наурыз 2012, 20:41
  • 0
сиясы кеппеген сұхбат)))
  • qyrmyzy
  • 14 наурыз 2012, 21:59
  • 0
хмм, кучт
avatar
  • aitaber
  • 15 наурыз 2012, 03:42
  • 0
Кенжебек өте сауатты жігіт қой. Жауаптары да нақты. Көбейе берсін осындай азаматтар!
  • Jako
  • 15 наурыз 2012, 06:45
  • 0
Даа, тамаша сұхбат екен…
Пікір 2022-03-15 06:47:45 күні Jako тарапынан түзетілді
avatar
  • madlen
  • 16 наурыз 2012, 10:03
  • 0
Берік, сені барынша құрметтей отыра, сұхбатың скучняк екен десем, ренжімисің бе? Газет оқып отырғандай болып кеттім… "өнерге қалай келдің?", «намаз», "өтірік әншілер"… есінеп тұрған смайлик ))
Сен сияқты корочкасы бар журналистке осындай шаблондар қолдану ұят ) Одан да шашыңыз өзі сондай табиғи бұйра ма десең, соны оқыған қызығырақ болар еді )))) Сын деп қабылда, жарай ма?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.