Жыланда аяқ болады екен...

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қазақта «Жыланның аяғын көрген қу»-деген сөз бар, соған қарағанда жыланда аяқ болса да оны көре беру өте-мөте сирек болса керек.Бірақ сол бір құрғырдың бар екені шын болмаса жоғарғы мақал бостан- босқа шықпаста ма еді.Менің айтайын деп отырғаным соншалықты қу болмасам да бір кездейсоқ жағдайдың арқасында жаланның аяғын өз көзіммен көріп куә болдым.

Жыланның аяғы бар,өз көзіммен көргенмін.Бірақ ол барлық жыланда бола ма, жоқ белгілі біртүрлерінде ғана болама білмедім.Біз құм жиегіндегі ауылда тұрғандықтан қысқы отынға негізінен сексауыл дайындаймыз.Бірде сексауыл әкелуге 20-22 жастар арасындағы төрт жігіт шықтық.Сексауылды жігерлеп жинап болғанымызша біраз уақыт жұмыс істеп шаршауға тура келеді.Күн болса ыстық.Біз жақта құмда жыланның түрі көп.Сексауылдың көлеңкесінде ыстықтан қорғалап жататын болар, сексауыл сындырып мазасын алғандарымыздан ба иреңдеп қаша жөнеледі.Аяғымызда керзі етік, сонда да мен жаман қорқамын,әшейін сыр бермей жүрмін.Ішімізде бір жынды досымыз бар, ол қорқатынымды білсе біттім. Сонымен жинап болдық, енді машинаға басардың алдында бір қаужап алайық деп, сексеуілдің маздаған шоғының үстіне шайнекті қойып, ала келген анау мынауымызды шығарып жайғаса бергенімізде Тентек досымыз келді ентігіп.Қолында бір шала жансар,30-40 см жылан:-"қазір зәкускі дайындаймын"-деп ыржиып тұр.-«Ей,құрт анауыңды»- деп шу ете қалдық.Есер неме :-«Жемесеңдер өздерің біліңдер»- деп шоқтың үстіне тастай салғаны. Отқа түсу оңай ма, жаңағы шалажансар жыланның шиыршық атып ысқырғанын айтсаңдаршы.Қып-қызыл шоқ жан қояма, бір кезде ісініп барып жарылып кетті де күйе бастады.Міне сол кезде әлгі жарықтықтың бауыр тұсынан ұзындықтары 4-6мм болатынтай қаз-қатар тізілген,қырықаяқтіке тәріздес аяқтар көрінді.Сонда мен жыланда да аяқ болады екен ғой деп ойладым.

45 пікір

pari
мәссаған өте қызық екен,,, неғо аға бұл қай жылы болған оқиға?
Jako
Бұл өткен ғасырдың 77-78 жылдары болған оқиға ғой, былтырлары бір сұраққа жауап орнына жазған екенмін.Соны жаңа сұрақты өңдеп отырып көріп қалдым да еске түсіп отырғаны емеса пе.
pari
ммм))оны байқап көру үшін жыланды отқа күйдіру керек пе сонда?
Korkem
Жо-жоқ, бұл оқиға жай ақымақтықпен жасалған сияқты. Отқа күйдіруге болмайды, себебі кей жыландар ордалы келеді, кекшіл келеді. Балалықпен өртеп жүрме тағы...)))
Jako
Былайша көре алмайсың.Бірақ мен аңға құмармын, сонда майда топыраққа түскен аяқтарының жыбырлаған іздерін талай байқадым.
pari
қызық екен шынында
qyrmyzy
«Жыланның аяғын көрген адам бай болады» деуші еді… Қу дегені — жыланның аяғын көп адам көре бермейтіндіктен айтқан шығар.
Jako
Мүмкін Қырмызы,қу болғаннан бай болған жақсы ғой,ә.
qyrmyzy
әрине, бай болып, Қазнетке үлес қосатын бір сайт ашып жіберсеңіз, тіпті керемет болады
Jako
Оған сауат жетпей жүр, болмаса соған жетер жиған-тергендер бар ғой, көмектессеңдерші, жазатын дегенім ғой.
qyrmyzy
қаржы жағынан нетсеңіз, топ құрып, ары қарай алып кетеміз-ау. Админкалармен сөйлесіңіз ол жағын, менің де сауатым жетпейді. Былай көмектесуге дайынбыз
Korkem
Иә, қатып кетер еді
Jako
Негізі бірнәрсе бастап қойып едім, бірақ әнді жоғары бастап қойып аяқжағына дауысы жетпей қалған әншілер сияқты болып қалдым-ау деймін.
ereke_enu
Негізі жыланда аяқ болмайды.
Отқа түскен кезде көрінген оның қаңқасы болар.
жыланның қаңқасы
Korkem
Иә, тамаша екен. Дегенімен, мен «жыланның аяғын көрсе бақытты болады» деп еститінмін. Қазіргі сіздің жағдайыңызға қарап, менің айтқаным рас па деп қаламын...)))
Jako
Рахмет Көркемтай!
Jako
Бұл шынында да сирек кездесетін жағдай, сол оқиғадан кейін талай рет байқағым келгенімен дәтім бармайды.
mairosh
Мынна көріп денем тітіркенді Жаман қорқам жылан шаян сияқты бәле-маталардан ((((… Әсіресе отқа түскенің елестітіп жаман қорқып жатырмын. Жако ағай бекер оқыдым ойымда қалып қойды((((( +1 постқа осындай әсер алғанып үшін
ereke_enu
Қояншықтың өзін салшиш сол отқа… Байғұс жылан ол да бір жаратылыс еді-ау(((
Jako
Сіздің қояншық деп отырған адамыңыздың әкеңізден үлкен болуы мүмкін екенін, Өзі халқымызға еңбегі сіңген өнер қайраткері екенін,үш ұл тәрбиелеп оның екеуін күнде теледидардан каөріп тамашалап жүргеніңізді білгенде, мүмкін досымды қояншық демеген болар ма едіңіз.Кім біледі біз бәріміз де қояншық шығармыз тарақан, кұрт-құтырысқа сияқты жарытылыстардың қүніне жүздегенін табанмен мыжып кетіп жүрміз ғой.Сондада мен адамды Алланың еңбір керемет туындысы, жаратылысы ретінде алтын басты жылан болса одан артық қояр едім.
ereke_enu
Кешірерсіз. Жас жігіттердің бірі екен деп ойладым оны істеген) Досыңыз расында мақтауға тұрарлық. Ырысы сарқылмасын. Алла Тағала екі дүниенің де бақытын берсін о кісіге. Жыланды отқа тастау — үлгі әрекет емес, әрине. Сондықтан, осы пікірімді досыңыздың өзі оқығанның өзінде қатты ашулана қоймас деген ойдамын. Және де әңгіме тек іс-әрекет те ғана, жеке басына, т.б. тұлғалық қасиеттеріне тиіскенім емес.
Jako
Ешнәрсе жоқ ондай-ондай бола береді.Иә, ол кезде ол жас еді,қазір біз өлсек ондай іске барамыз ба? Ол үлкен жүректі адам.
KILYZAMAN
«Жыланның аяғын көрген қу»
— негізінде өте байқампаз зерек адамдар жайлы айтылатын нәрсе болса керек. Мысалы «биттің қолтығының кірін көрген» — дегенде сөз тіркесі тым кінәмшіл адамдар жайлы айтылады. :-) (Ол былай ғой: бит қан сорғыш болса оның кінәратын көруші………… )
Jako
Секе, бұрынғылардың өздері де, сөздеріде керемет қой, алмастай қиып түсіреді.
Lilacs
Неге «сексауыл»? «Сексеуіл» емес пе?
Jako
Менімше «Сексауыл»-дұрысы болар деп ойлаймын.Сексеуіл-деп атағанды естімеппін кешір.Егер дәлелдей алсаң жөндеп қоямын.
Lilacs
Мен барлық жерден «сексеуіл» деп оқып жүрмін. Менікі дұрыс. kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B5%D0%BA%D1%81%D0%B5%D1%83%D1%96%D0%BB
dimash
иә, мен жақтада да «сексеуіл» деп айтылады, сол сексеуіл деген дұрыс ғой, ал «Сексауыл» жерге байланысты айтылады мадеп ойлап қалдым да, яғни, кіріккен сөз, сексеуіл + ауыл тең «Сексауыл»))
Jako
Түзетейін десем түзетілмей жатыр.
dimash
Енді жылан көріп жатсам аяғы шаққанша отқа қақтамасам))) По ходу аяғын көрсе «счастливое будущее» болады ма деп қалдым ғой))
Korkem
Қой, ордалы жыланға тап болып жүрерсің.
Ал мен ес білмейтін шағымда, шамамен 6-7 жасар кезімде жылан ұстағанмын. Жыланды басып тұрып, басынан құса ұстасаң ол шаға алмайды. Сол ұстаған бойы қырға дейін апарғанмын, ойым құйрығынан ұстап айналдырып-айналдырып лақтырып жіберу болған..)))
dimash
болған.. осы жері опасно екен))) содан шагып алды демеш))) м?
Korkem
Әлбетте, жоқ. Сол ұстаған күйі кетіп бара жатыр едім, бір орыстың баласы көрді де шыңғырып жіберсін. Оған қарамай өте беремін бегенім сол еді нәән кирпичпен бір ұрып қолдан түсірді де өлтіріп тастады((( Оны алып ағам екеуміз ары-бері шұқылап аяғын көре алмай қойып едік. Бір қызығы құйрығының ұшын қаттырақ басса жыбыр-жыбыр етіп қимылдайды, әлі өле қоймаса керек. Ал одан кейін оны не істегеніміз есімде жоқ. Бір білерім содан кейін жыланнан анау айтқандай қорықпайтын боп алдым, бірақ қазір қорқатын шығармын))))
dimash
қызық))) шағуы керек еді))) ) жыланның қабырғаны жағалай өрмелеп келе жатқанын көргенім бар еді, тек жерде емес, қабырғада да қалай ирелендеп жүргеніне таң қалғанмын)
Korkem
тәйт, шағып алғаны нес? Шағып алса кәз жазып отырар ма ем?
dimash
смотря қандай жылан шақты и алғашқы көмек қанша уақыттан кейін көрсетілді ғой) и шучу) сен аман болш))
AKA
Сізге жазушы болу керек, балаларға арналған ертегі жазатын.
Jako
Қазіргінің балаларына өмірдің өзі ертегі ғой.
Togzhan
Қызық екен, алғаш рет естіп отырмын… Рахмет)
pana
қызық екен.аяғы жоқ деп ойлаушы едім. әрі Құдай жыланның ниетін біліп, оған аяқ бермей қойған деген сөз қайдан шыққан…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.