Шапалақ ұрып, шаттанайық немесе орындықта отырып орындайтын жаттығулар

Салауатты өмір салты /
Салауатты өмір салты! Атауы неткен керемет блог! Біршама жазбаны қарап шықтым. Авторы салауаттанушы Көркем ханым екен :)! Сосын маған мынадай ой келді!
— Бізге жазуға ұрықсат па екен өзі?
— Иә, жазуға рұқсат екен! Рұқсат болмаса бұл жазбаны мен жаза алмаушы едім ғой! Ендеше Айтаберліктер қорықпай Салауатты өмір салтын қалыптастыруға баршамыз бір кісідей ат салысайық!!!
Салауатты өмір сүрудің өзі, 100 жасауға кепіл деп білемін.
Тақырыптан ауытқымай не айтқым келгенін баяндайын. Көпшілігіміз комп. алдында ұзақ отырамыз, қимыл қозғалысымыз азайып, қан айналым төмендейді. Оның алдын алу жолдарын өздеріңізге ұсынғалы отырмын.Сіздердің казір орындықта қайтып отырғандаыңызды тауып көрейін. МММ мүмкін былай шығар :)

Өзім орырндайтын жаттығулар. Ал ендеше бастадық!
1. Екі қолымызды жоғарыға тік көтеріп алақынымызды 5-6 рет шапалақтайық! (сергектікті сақтау үшін)
2. Енді өз-өзімізді қатты құшақтап, оңға 2 рет, солға 2 рет бұрылайқ! ( омыртқаның қан айналымын жақсарту үшін)
3. Оң қолмен сол құлақты, ал сол қолмен оң құлақты уқалайық! (сергектікті сақтау үшін)
Осымен бүгінге тәмәм! Жаттығуларды орындап жүруді ұмытпайық :))

13 пікір

Moldir_96
Оңай, әрі қызықты жаттығулар екен!) СӨС-н ұстануға барымызша тырысайық, достар!)
Korkem
)))) біраз толықтырып жазғаныңдааааа
akil_kalta01
Korkem жаттығулар жалғасын табады ғой! Жатытғуларды орындаушылар табылса болды! :)
AL-ASTER
Жаттығуларға рахмет, көңілді музыканы қосып қойып жасаса)))
akil_kalta01
Жақсы ой екен, керемет!
qyrmyzy
МузАрттың әнін қосып қойып, жаттығу жасайық
akil_kalta01
qyrmyzy МузАрттың әнін тыңдап жасайтын болсақ, ұйықтап қалмаймыз ба?! :))))
qyrmyzy
«неге, неге, неге сүйдім-ай» деген әні қатты ұнайды. Соны тыңдап жасап көр. Бірақ жіләәәәәп жүрме, ық ық
akil_kalta01
Мен былай ойлап қоям :)) «неге, неге, неге сүйдім-ай» деген әнмен құлағыңды уқалап отырсам, елестетіп көрдім қызық екен! :))
AL-ASTER
Сондай кезде жіләәәп қалудың да пайдасы бар ма дим, көз жасымен көздегі монитордан шыққан радиацияны ағызып әкететін)))
akil_kalta01
Расында да радиацияны ағызып әкететін болса, мен жылаудан тайынбаймын :))
Jakss
Шапалақ ұрғанымыз жақсы екен, бірақ түн ортасында шапалақ ұрғанымыз қалай болады екен?!
AKA
Жақсы екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.