ЕКІНШІ ДӘРІГЕР - ТАЗА АУА

Салауатты өмір салты /
Басы
Дүниеге келе салысымен терең бір дем аламыз. Өмірден өтерде тынысымыз тоқтайды. Туылу мен өлудің арасындағы тұтас тірлік дем алулардан тұрады.
Ұзақ та белсенді өмір сүруіміз ТАЗА АУА дәрігеріне байланысты. Оны маман деп тыңдап, терең дем алу жөніндегі қарапайым ғана нұсқауларын орындасаңыз, әр дем алған сайын денеңізге өмір сыйлайтын оттегіні көбірек қабылдайсыз.
Дем алудың қызметін қысқаша түсіндірейін. Дам алу да – азық. Онсыз бес-жеті минуттан артық өмір сүре алмаймыз. Ауа таусылса – өлеміз. Ауадан денеміздің әр клеткасына қажетті оттегі аламыз. Ішке жұтылған ауа қан арқылы өкпеге жетіп, керемет жасампаздылық қызмет атқарады. Өмір сүру барсысында өзіңіз өндірген уларды, у ерітінділерді аса қауіпті көмірқышқылын оттегі сорып алады. Басқаша айтқанда, өкпедегі көмірқышқылынан оттегінің әрбір жаңа үлес мөлшеріне сәйкес арыламыз.

Ұзақ жасаушылардың өмірін 50 жылдан аса зерттеп келемін. Ондай адамдардың бәрі де асықпай дем алатындар екен. Адам неғұрлым терең дем алса, бір минуттегі тыныс жиілігі де азайып, өмірі ұзара түсетіндігін байқадым. Мұны жануарлар әлемінен де байқауға болады.: қояндар, теңіз шошқалары, басқа да кемірушілер жиі демалатындар қатарына қосылады. Бәрі де өте аз жасайды. Осыны ескеремін де, бірнеше жылдан бері, ояна салысымен бірнеше рет баяулата терең дем алып, дем шығарамын. Мұны күні бойы бірнеше рет қайталаймын.

Иогтардың терең дем алуы


Үндістанға жасаған саяхаттарым кезінде жұрттан қашық, әулиелі жерлерде өз өмірін мықты тән мен асқақ рух жолына бағыштағандарды кезіктірдім. Олар баяулата терең дем алуға күніне бірнеше сағат уақытын арнайды. Дене бітімі зор бұл үнді діндарлары терең дем алу мен таза ауа әсерімен жап-жас қалпында сақталған. Солардың бірін Гималайдың баурайында жолықтырдым. 126 жаста екенін айтты. Өмірі бойы Құдайға құлшылық етіп келе жатқанын ескерсек, өтірік айтты деуге ауыз бармайды. Ол мені «терең дем алу» жүйесіне үйретті.
Оның денсаулығы өте мықты екен. Шашының бір талы да ағармапты. Тісі де түгел. Өзі атлеттер тәрізді. Жеті тілде жетік сөйлейді. Дене мен ақыл-ой белсенділігін мұндай деңгейде қалайша сақтап қалғанын сұрағанымда «Терең дем алу жөнінен бай тәжірибем бар. Дем алудың аса қажетті жаттығуларын күніге жүйелі жасаймын» деп жауап берді.
Әйелдердің жасын сұрауды ұнатпаймын. Бір жолы Үндістанға кемемен бара жатқанда, жасы 50 шамасындағы әйелге кездестім. Ол «86-ға келдім» дегенде таң қалдым. Бойында қаттықтың бір белгісі де жоқ еді. Сыры да, сыны да кетпеген. Сұлулығы мен денсаулығының құпиясын сұрағанымда, жоғарыдағы әңгімеге арқау еткен тақуамыздың жауабын қайтарды. Бұл әйел де терең дем алудың мәнісін сезінген болып шықты.
Жүгіріп, секіріп жүрген немесе дөңгелекпен, велосипедпен сайраңдаған балаларды байқап көріңізші. Олар көп қимылдайды да, оттегіні біз ойлағаннан әлдеқайда мол жұтады. Біз де қимылдарымызд ыазайтпай, ұзақ жаяу жүруге тиіспіз. Улы дүниеде өмір сүріп жатқандықтан, денедегі уды шығару үшін, терең дем алу дағдысын қалыптастыруымыз қажет. Дене жаттығуларының ережелерін орындамайтын, уақытының көбін отырып өткізетін адамдар өмірлерін саналы түрде қысқартады.

Терең дем алу


Күнделікті тіршілігіңіз бір орында отырумен өтетін болса, онда сіз таза ауада көбірек сейілдеуге, дене жаттығуларымен айналысуға міндеттісіз. Күнделікті үш-төрт шақырым жаяу жүру проблемаңызды шешіп береді. Кешкі ұзақ сейілден соң шаршағаныңыз басылады. Кешкі тамақтан соң үш шақырым жаяулатуға тиіссіз.
Біз – отырақшыл адамдармыз. Ауа мен оттегі аштығын бастан өткерудеміз. Көмірқышқылын толық шығара алмағандықтан, мүшелеріміз ауруға шалдығады. Қала көшелерінен боп-боз, қалжырай, қажыған адамдарды көресіз, оны ауа тапшылығының салдары деп біліңіз. Ағзаңыздың еркін дем алуына кедергі келтіретін улардан ашығу кезінде арылатыныңызды ұмытпаңыз.
Ашығу үстінде күндіз де, кешке де жаяу серуендеңіз. Таза ауаға шығуды, сейілдеуді, жүгіруді, жүзуді, би билеуді ережеңізге айналдырыңыз. Зардабы мол көмірқышқылының ағзаңызға қордалануына жол бермеңіз.
Ашығу бағдарламасын жүзеге асыру кезінде күніне екі-үш километр жаяулауды дағдыға айналдырыңыз. Осы сейіл кезінде баяу да терең дем алу керектігін ұмытпаңыз. Неғұрлым баяу да терең дем алсаңыз, соғұрлым ұзақ жасайсыз дегенімді жадыңыздан шығармаңыз. Терең дем алуды ашығумен үйлестіре білсеңіз, өміріңізді ұзарта түсесіз.

Поль Брегг, денсаулық миллионері

3 пікір

Korkem
Жалғасы бар…
mairosh
мынаның бәрін оқу үшін өмірімнің жартысы кетет)))
AKA
Поль Брегг, денсаулық миллионері
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.