Дұрыс тамақтану

Салауатты өмір салты /
Ең жақсы тағам — жеміс
Жеміс — адамға ең жұғымды тамақ. Сондықтан тізімді жемістен бастаймын. Жас жеміс те, кептірілген түрі де басқа азық-түлікке үстеме ретінде пайдаланылады.
Алма (6 сортты), сары өрік (жаңасы, кептірілгені);
Банан, көкжелкек, шие, мүкжидек, қауын;
Інжір (жаңасы, яки кептірілгені);
Цитрус тұқымдас жеміс (3 сортты) тәтті қауын, жүзім (7 сорты);
Лимон (4 сорты), авокадо;
Манго, апельсин (3 сорты);
Шабдалы (жаңасы, яки кептірілгені), папая;
Алмұрт (6 сорты, жаңасы, яки кептірілгені);
Ананас (жаңасы), құрма;
Алхоры (3 сорты жаңасы, яки кептірілгені);
Қара өрік (3 түрлі) жаңасы мен кептірілгені);
Таңқурай, құлпынай (4 сорты), қарбыз;

Тазартқыш әрі қорғағыш көкөністер
Салатқа қажетті көкөністі мына тізімнен таңдай аласыз. Ертеңгілік ас үшін көкөністің бір жасыл, бір сарысын қалағаныңыз жөн. Пісіру үшін де осы тізімнен кез келген екеуін таңдаңыз.
Брюсель капустасы Сәбіз
Артишок, Түрлі-түсті капуста
Үрмебұршақ, Балдыркөк
Капуста (5 сорты), Жүгері
Қызан, Қияр
Баклажан, Ботташық
Сарымсақ, Картоп
Көкбұршақ, Шалғам (3 сорты)
Бидай өскіні, Шпинат
Қазтаңдай (қоян шөп), Асқабақ
Пияз, Қабақ (кәді)

Жаңғақ пен дәнектер
Жаңғақтар мен дәнектер белокқа, құүнарлы майға бай. Төмендегі тізімнен таңертеңгі тамағыңызға екі түрін таңдап алыңыз. Аптасына үш рето ет жейтін болсаңыз, ол күндері жаңғақ пен дәнек пайдаланбаңыз. Қалған уақытта жаңғақ пен дәнек белоктық тамағыңызға айналсын.
Бадан (түкті өрік), Кокос жаңғағы
Жер жаңғақ, Грек жаңғағы
Бразилия жаңғағы, Талшын
Бұлардың бәрін де пісірмей, тұздамай жеген жақсы.

Бұршақ тұқымдастар
Бұршақ тұқымдастардың барлық түрі тамаққа өте ертеден пайдаланылып келеді. Аптасына бірнеше рет жеңіз. Олар «әсіресе қытай бұршақ) өсімдік белогына өте бай.

Майлар
Бұл тізімдегі майлардың құрамында тұз жоқ. Асқа пайдалануға болады. Ыдыстағы жапсырма қағазына зейін сала қараңыз. Құрамында химиялық қоспасы бар майларды алмаңыз.
Жүгері майы, Пісте май
Жержаңғақ майы, Грек жаңғағы майы
Қытайбұршақ майы, Зәйтүн майы

Табиғи тәттілер
Бұл тізімде табиғи тәттілердің құнары өте жоғары. Сондықтан, өте аз мөлшерде пайдаланған жөн.
Таза табиғи қант, Бал
Сары қант, Үйеңкі шырыны
Құрма қанты, Сірне (тазартылмаған түрі)

Табиғи астық жармалар
Арпа, Зығыр дәні
Қоңыр күріш, Тары
Қарақұмық (гречка), Бидай
Сары, ақ жарма, Қарабидай, жүгері

Ет өнімдері
Семіз емес еттің қайсысында — бұзау, қой, сиыр еттерін өте тәртіппен тұтыныңыз. Қаныңыздағы холестерин құрамын бақылап отырыңыз.
Сүбе, тіл, үйрек жемеңіз. Оларда май мен холестерин мол.
Сан етке, сүрге әуестенбеңіз. Қалбырланған еттен, шұжықтан, тағы басқаларынан сақтаныңыз. Олардың құрамында тұз, улы химикаттар мол.
Ет жейтін болсаңыз – аптасына үш реттен асырмаңыз. Қалған күндері белок тамақ ретінде жаңғақ, жаңғақ майын, дәнектердің түр-түрін пайдаланыңыз. Өндірісте өндірілген еттің салмағы арттыру үшін, мол мөлшерде гормон қосылатынына есіңізде болсын (сол үшін қолдан алғаныңыз жөн шығар деймін) Ол етте улы зат, зәр қышқылының уы көп. Мал сойылар алдындағы денедегі удың бәрі оның етінде қалады.

Балық
Балықтың асқы пайдалануға болатын 25-ке жуық түрі бар. Еті майлы емес әрі холестерині аз. Ол – өте жақсы белоктық тамақ. Аптасына екі-үш реттен тұтыныңыз. Майшабақтан (сельд), балықтың тұздалған басқа да түрлерінен сақтаныңыз. Оларда холестерин мен тұз көп.
Нан
Наның кез келген сортын, әсіресе біріңғай ұнан жабылған түрін аса қатты сақтықпен тұтыныңыз. Нанды жұрттың бәрінің асқазаны бірдей жеңіл қорытпайды. Артық салмақтан арылғысы келетіндердің наннан бас тартқаны жөн. Ең болмаса, нан әбден кептірілуі тиіс. Жұмысты бір орында отырып істейтіндер нан жеуді шектеуі қажет. Күніне екі жапырақ нан жетеді. Таза ауада дене еңбегңмен айналысатындар ғана нанды қалағанынша тұтынуына болады.

Ет тұтыну көрсеткіші
Жас еттің 70-тен аса түрі бар. Тамақтану жөніндегі мамандардың көпшілігі етті №1 тамақ өнімі деп есептейді. Етте белок та, мол мөлшерде холестерин де бар. Ол адамның қан тамырларын бітелейді.
Төмендегі әртүрлі ет өнімдеріндегі холестерин мөлшері көрсетілген (100 грамда 1 мг)
Ми – 200, Күркетауық – 80
Үйрек еті – 760, Бүйрек – 400
Сиыр бауыры – 600, Бұзау бауыры – 300
Шошқа еті – 600, Бұзау еті – 80
Сиыр еті – 110, Балапан – 80
Кімде-кім артық холестерин арылғысы келсе, майлы еттен тыйылуы керек. Мүмкіндігінше жеңіл ет жеңіз.

Үй құстары
Қазақстан базарларында 6 түрлі құс еті сатылады. Олардың ең дұрысы – майы, холестерині аз балапан мен күрке тауық мекиені. Холестерині артық адамдар үйрек пен қаз етінен сақтанғаны жөн. Бұларда май мен холестерин көп.

Сусын мен су
Тамақ үстінде сусын, су ішу керек пе? Бұл сауалдың төңірегіндегі пікір екіұдай. Меніңше асқазанға баратын тамақты сумен араластырып отырған жөн. Өзім жеміс сөлін, тұзсыздандырылған суды, өсімдіктің ыстық тұмбаларын тек тамақтану аралығында ішемін.

Мәзір жасаушыларға кеңес
Әркімнің талғамы әртүрлі. Сондықтан, ұсынысымды жұрттың бәрі қолдайды-ау деп дәмеленбеймін де. Таңертең тамақтанбаймын. Ұлы сәскеліктегі тамағым жас және қайнатылған жемістен құралады. Сары өрік, қараөрік, алма жеймін. Түсте жас салат, шпинат, капуста, көк қыша қосып қайнатылған тамақ ішемін. Мұның бәрін жасыл көкөніс деп есептеймін. Оған тәтті кортоп пен үгітілген сары көкөніс (мәселен, сәбіз) қосамын. Пісте дәнімен аздап үстеймін.
Кешкі тамаққа көкөністің әр түрінен шикі салат әзірлеймін. Картоп пен сәбізді пісіріп жеймін. Шикі салатқа қайнатылған көкөніс, жаңғақ немесе зәйтүн майын қосамын. Менше тамақтануға ешкімді де үгіттеген емеспін. Тамақтанудың мұндай тәртібіне өту үшін, ұзақ дайындық керек.

Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.

2 пікір

AKA
Түсте жас салат, шпинат, капуста, көк қыша қосып қайнатылған тамақ ішемін.

тұзсыздандырылған суды
Сузы қалай тұзсыздандыруға болады?
Korkem
арнайы дәріханаларда сатылады. Болмаса гуглден «дистиллированная вода» деп іздеп көр)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.