Деніңіздің саулығы үшін күліңіз

Салауатты өмір салты /
Қазір қайда қарасаң да (Абылайдың авасы да) көшедегі адамдардың езуіне үйіріліп тұратын күлкіні кездестірмейсің. Күлетін адам жоқ емес, бар. Бірақ күлуге уақыттары жоқ. Қабақтары солыңқы тартып, ертеңгі күннің қамын ойлап бара жатқан жандар, әйтеуір…
Сіздерге езу тартудың, күлкімен бір сәтке болса да көңіл көтеріп, денсаулығымызға кішкене үлес қосудың пайдалы кеңесін назарларыңызға ұсынып отырмын.
Қанша қабақ түйіп жүргенімен 70 жыл жасаған адам бүткіл өмірінде шамамен 50 күнін жылаумен өткізсе, 623 күн күліп жүреді екен. Көңілсіздіктен гөрі сергіп жүретін күнімізді көбірек еткен осы күлкінің әсері денсаулығымызға қалай әсер ететінін саралап көрейік.


1. Күлу кезінде тыныс терең алынады да, өкпедегі қантамыр арқылы сыртқа шығарылатын ағзаның қалдықтары жинақталып қалмауына көмектеседі.
2. Шынайы күлкіден ағзадағы «стресс гормондарының» көлемі бірден азаяды. Сонымен бірге шаршағандық ұмытылып, көңіл көтеріледі.
3. Қан қысымы мен жүрек соғысының мөлшері қалыпқа түседі.
4. Мидағы қан айналым жүйесінің қызметі артады. Күлу немесе жәй ғана жымиюдан пайда болатын беттегі бұлшық еттердің қимылы бастың қанайналымының жақсаруына септігін тигізеді. Ал, қанайналымының белсенді жұмыс істеуі есте сақтауда, әлденеге назар аударарда, т.б. оң нәтижесін көрсетеді.
5. Ішкі бездердің секрециясы қалыпты түрде жұмыс жасай бастайды. Бірнеше секундтық күлкінің өзі зат алмасу процесін арттырып, ағзаның жасарғаны байқалады.
6. Иммундық жүйе күшейе түседі. Көп күлетін адамдарда аурудан қорғайтын "қалқан" басқаларға қарағанда көбірек түзіледі.
7. Күлу кезінде ағза өзінше жаттығу жасайды (селк-селк етіп, денеңіздің бәрі жыбырлап тұрып күлетін кездеріңіз бар ғой :))) ) Әсіресе, көкірек пен құрсақ тұсы бұлшықеттері шыныға түседі.






cerebrum — бас миі
Cingulate gyrus — белдеулік қатпар(поясной извилины)
Thalamus — таламус
Hypothalamus — Гипоталамус
Amygdala — миндалина
Hippocampus — гиппокамп
Cerebellum — мишық (мозжечок)







Оқымыстылардың арнайы зерттеулеріне қарағанда 27 секундтық күлкі жүрек-қантамыр жүйелерінің қызметін қалыпқа келтіріп, 3 минут ескек ескенмен бірдей пайдасын тигізеді екен. Ал, бір минутқа созылған күлкі арнайы тренежер залындағы 45 минуттық жаттығуды алмастырады. (Осы жерде, «е солай екен ғой» деп бас жоқ, аяқ жоқ компьютерлеріңіздің бетіне қарап алып күле бермей, шып-шынайы :) күліңіздер )
Міне, біз көп мән бере бермейтін жәй ғана күлкінің осынша пайдалы жақтары бар. Ендеше, өз көңілімізді өзіміз көтеріп, қамығудың орнына күлумен айналысайық, «айтаберліктер»!

38 пікір

MSHERIMBEK
Түүүһ:) Өзі де, күлкісі де көркем:) Көз тимесін:)

Кеңестер үшін үйіңнің алдына 2 камаз респект аударып кеттім:) өзің кіргізіп аларсың:)
beko
Аха бүгін 2 камаз тағы(бөлек) кетті, әлі жолда…
Korkem
лахмет, лахмет. тіпті тілім бұзылып отыр…
Armanjan
мен бір телешкі (трактормен) апара жатырмын, қатты аяз боп тез жете алмай жатырмын))
Korkem
аха, бір қой сойып, дайын отырмын....))
Көркем, күлсең сұлу болып кетеді екенсің! сайттың жігіттері саган сынып жатыр:)
Korkem
Хехе, Сынсын деп емес, әңгімем әсерлі болсын деп қойдым...)))
Jako
Күлкі деген көңіл күйінің көрсеткіші ғой, көңіл көтеріңкі болса ағза саушылықта болады.Көркем,өте тамаша пост, пайдалы кеңестер екен.
Korkem
Жакоі сізге үлкен рахмет!
KILYZAMAN
Мекен жайыңды айтшы Көркемтай. Сырға тағуға қамдану керек сияқты :-) Ата-анаңа айтуды ұмытпа.
Korkem
Міне, менің мекен — жайым..))) Не ғой, бриллиант па?
KILYZAMAN
Бриллиантты ұлым сыйлар деп ойлаймын… Біздікі делдалдыққой :-)
MSHERIMBEK
Уахахаха:) Ақ көңілсіз-ау:)
madlen
Қилы ата, сіз ұлыңызға Қазнеттің барлық қызын айттырып шықтыңыз-ау деймін )))
Korkem
Хехе, оның қанша ұлы бар өзі?..)))
madlen
Ұлы жалғыз сияқты еді, по крайней мере үйленбегені )))
KILYZAMAN
Хехе, оның қанша ұлы бар өзі?
— бұның Алла берген екі ұлы бар Көркем. Екіншісін әзірге қоя тұралық :-)
KILYZAMAN
Жақсы келін ата-ананың арманы ғой шырағым…
Korkem
Ендеше, бала-шаға алдындағы парыздарыңыздан құтылып, арманыңызға жете беріңіз! Келініңіз иіліп жастық, жайылып көрпе болсын! Аллаһ нәсіп етсін соны сізге!
KILYZAMAN
Әумин… Айтқаның келгей!!!
QAZAQ
Күніне бір рет шынайы, 2-3 рет өзімді "қинап" езу тартып, 1-2 рет өтірік қарқылдап күлетін мен денсаулығым үшін біраз тер төккен майталман екенмін ғой шүбәсіз.
Abylai
мына суреттердегі күліп тұрған адамдар (бірінші кішкейнтай сәбидің суреті де) аздап тітіркендіретіндей ма қалай өзі?
calendula
Көп күлемін дей алмаймын, «Ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлең жолдары бар, Абайдың өлеңінде. Сондықтан, күлкінің қадірін кетірмеу үшін, уақытында, күлуге тұрарлық жағдайларда күлемін)))))))) осылай жымиуым көп бірақ)))))
ardak1996
Көркем апам осы сайтқа бері денсаулық тақырыбын көп қозғадыңыз көп рахмет x)
Moldir_96
Пайдалы кеңестеріңізге көптен көп рахмет, Көркем! Күлкіңіз әдемііі екен!))) Езулеріңізден күлкі кетпесін, достар!))
Ais_97
Пайдалы кеңесіңізге көп-көп рахмет! Сіздердің де езулеріңізден күлке кетпесін!
madlen
Истерикалық күлкіден пайда болса, менен сау адам болмайтын шығар )))
Aspan
мынау
27 секундтық күлкі жүрек-қантамыр жүйелерінің қызметін қалыпқа келтіріп, 3 минут ескек ескенмен бірдей
сосын мынау
бір минутқа созылған күлкі арнайы тренежер залындағы 45 минуттық жаттығуды алмастырады
күмән тудырады.
Korkem
Күмән тудырса күлмеңіз…
Aspan
Негізі сізге емес, ана оқымыстылардың асыра сілтеп жібергенін меңзегем. Аударып, бізге ұсынған сізде не айып?
Korkem
ана оқымыстылар....

хехе, қара жер хабар бермесін деңіз....)))
Aspan
хехе, қара жер хабар бермесін деңіз....)))
соған қарағанда оларды жақсы танисыз ау?
Korkem
Қап, не бетімді айтайын? Жүйкемді мүлде құрттыңыз-ау...))) әйтеуір 19 ғасыр ғалымдары екенінен хабардармын....))
Aspan
Арасында күле — күле ғұмырын ұзартып, осы күнге дейін жетіп алғандар бар шығар, а? :))
Korkem
вахахахахахахааааа, менің де біршама өмірімді ұзаруға үлес қостыңыз...))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.