Медицина. Қауіпсіздік ережелері.

Салауатты өмір салты /
Сайт админдері, кешірерсіздер, дұрыс богқа қоюларыңызды сұраймын, мен кез келгеніне қоя салдым.
Пост жазбағалы біраз болыпты…

Құдай сақтасын, мүмкін жағдай…
Бізге «хирургия» деген тамаша сабақтан практика болып жатыр, (Жұмағали Баталович деген тамаша хирург ағай бар, біліктілігін де әлпетін де Доктор Хаусқа ұқсатамын :)) содан сіздерге өмірге қажеті болар деген білгенімде жаза кетейін. Өз салмағыңызды 13-ке бөлсеңіз бойыңыздағы қанның мөлшері шығады. Негізінен қан тамырлары: артерия, вена және капилляр. Енді мысал: оқыс жағдай орын алып сіздің көзіңізше бір аданың аяғын шыны кесіп кетті делік. Сол кезде сіз нені ескеруіңіз керек? Ең алдымен кесіліп кеткен қандай тамыр екенін анықтауыңыз қажет. Ол үшін қанның ағуына және түсіне назар аударыңыз. Егер қан қою қызыл және баяу ағып жатса ол вена (көк тамыр). Ал егер қан ашық қызыл және шапқылап ақса ол артерия қан тамыры. Ал жан жағына жайылып ақса ол капилляр тамыры. Енді осыны анықтағаннан кейін қанды тоқтатуға кірісеміз. Венадан төменнен жоғарыға қарай, ал артериядан жоғарыдан төменге қарай қан ағып жатады. Яғни, вена тамыры кесіліп кетсе сол кесілген жарадан төмен қатты байлап тастаңыз, артерия болса жарадан жоғары жгут (резеңке түтікше) байлаңыз.
Осыны аспай-саспай жасау керек, жараның бетін жай ғана матамен орап қоя салыңыз, жараның бетіне микроб түспес үшін… Оның үстінен байлаудың қажеті жоқ, байламды дұрыс жерден байламасаңыз қанның тез ағуына жағдай жасағаныңыз (яғни өлімге бір қадам жақындатасыз). Қарапайым осы ережені белмеуінен кейбір мед қызметкерлер де қателікке бой алдырып жататыны бар… Және мүмкіндігінше тез арада ауруханаға немесе емханаға жетуіне жағдай жасаңыз.

Мынадай ауру бар, адамның бір жері кесіліп кетсе сол жерден аққан қан тоқтамай қалатын, гемофилия деп аталады. Ол тек ер адамдарда ғана болады, қыз балада болса не болатынын… Ал кез келген психикалық ауру тек анасынан баласына ғана таралады екен, яғни, ерлі зайыптылардың күйеуінің психикалық ауытқуы болып, ал әйелі сау болса онда олардан тараған бала да сау болады, ал керісінші күйеуі сау болып әйелі психикалық ауырса онда балалары да психикалық ауру ықтималдылығы жоғары. Сондықтан, жігіттер, үйленемін деп жоспарлаған қыздарыныз болса кемі быр жыл жүріңіздер, көбіне күз, көктем айларында байқала бастайды психикалық ауытқулар. Белгілері: тез ашушандық, өздігінен жылай беруі, жайдан жай айқайға салуы, тым күлекештену т.б. Ғашық адамның көзі соқырдай болады деп жатады ғой, сондада болашағын ескеріп, ұрпағының дені сау болуын қаласа ескерусіз қалдырмағыны жөн. Ал, қыздарға бұл қажеті жоқ, психикалық ауытқуы аса білінбесе бас тартудың қажеті жоқ, себебі келер ұрпаққа зиян жоқ.
Қазір бірақ көпшілік адамда бір басына кемі бір патология бар сияқты…

Мынадай да жағдай болады, бір дәрігердің қателігін екінші дәрігер дұрыстап адам жанын аман алып қалу. Сонда жиналыста қате жіберген дәрігерге сөгіс жарияланады, айыппұл төлетеді. Ал, оны дұрыстаған білікті дәрігер ескерусіз қалады. Енді бір адамды ойлаңыз да оның жақсылығы мен жамандығын қатар еске түсіріңіз, қай жағы бірінші түсті?..
Қазір, қарап тұрсақ дәрігер болғаннан науқас болған тиімді ма деп қаласың… (асылық айтсам құдай кешірер) Барлығы науқастардың жағдайына, солар үшін жасалады. Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс… эххх, кейде арманға ерік беріп, ауруханлардағы кейбір тәртіпке өзгеріс еңгізгім келеді…

Бір қуантарлығы, қазір біздің Республикамызда ана мен балаға өте сапалы ем жүргізілуде. Шүкір, өлім-жітік қазір азайған. Көптеп қаржы бөлінуде, және бекер емес, МашАллах!

Е.Горобченко «Сіз денсеулығыңызды уайымдамасаңыз, денсаулығыңыз сізді уайымдатады»
Денсаулықтарыңызды күтіңіздер, сау болыңыздар!

9 пікір

pana
бір демде оқылатын қызық жазба!!! рахмет)
Қазір бірақ көпшілік адамда бір басына кемі бір потология бас сияқты…

батыл тұжырым))
dimash
Иә, түсінкі жазуға тырыстым, меніңше кәсіби терминдерді қолданған жоқпын.
Қате кеткен ғой,
бар сияқты
pana
қатеңізді көрсетейін демеп едім, сорри) негізі ойтпейм біреудің дүниесін, адамдар жалпы сау емес дегеніңізді айтам да, мен бір кітапта оқып едім, қазір сау адамдарды жатқызу керек ауруханаға аурулардан жұқтырмау үшін дегендей бірдемені,
calendula
Тақырыпқа онша қатысы жоқ, шыны кесіп кету туралы жазған соң есіме түсіп кетті ғой. Бүгін бізде бір бала бір қыздың басын терезеге ұрып, соншалықты қатты ұрғаны терезе сынып қалған (бір бөлігі түгел) :) қыздың өзі кінәлі)))
dimash
Қызығушылық туындап кетті, соншалықты басын терезеге ұратындай, және өзі кінәлі болатындай анау жазған не бүлдірді екен…
211… 211… 211... ))
calendula
Шошаңдап қалған қызды кім ұнатсын)))))
alikona
Мынауын шынында керек нәрсе екен! Тек жанағы
Сондықтан, жігіттер, үйленемін деп жоспарлаған қыздарыныз болса кемі быр жыл жүріңіздер, көбіне күз, көктем айларында байқала бастайды психикалық ауытқулар. Белгілері: тез ашушандық, өздігінен жылай беруі, жайдан жай айқайға салуы, тым күлекештену т.б.
осы жерінде біраз ойланып қалдым, бұл екіқабаттықтың белгісіне ұқсап кетті маааа…
dimash
Жүкітіліктің белгілері күмәнді, мүмкін болу және айқын белгілер болып бөлінеді.
Психикалық өзгерістер күмәнді белгілерінде бар))
Жігіттерге құлақ қағыс болсын дегенім ғой.
Оо инфоға Рахмет!!! Күз, Көктем))) есте сақтайын!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.