Темекі туралы

Салауатты өмір салты /

Темекіні бочуктетіп бастағанбыз
Ол кездері дым көрмеген жас баламыз
Кеш батқанша вокзал алдын аңдушы едік
Әркімдердің темекіні тастағанын
Жерде жатса темекіге жүгіреміз
Оны қуысқа апарып үрдіреміз
Түтін шықса аузымыздан мәз-мейрам боп
Сорақысы жас өкпені бүлдіреміз
Көбінесе әке-шеше байқамайды
Темекі шегеді деп айта алмайды
Темекі иісі шығып үйге барған күні
3 сағат таяақпен ұрып айқайлайды
Балалықпен өтті нәрсе небір қалай?!
Көз ілеспей сол бір нәрселер кетті қалай?
Сол шылымға әуес болған қайран біз-ай
Енді міне темекіні тастай алмай жүрміз қалай?!
Көбісінің ойында бар шылым қою
Ол пәленің қиын екен күшін жою
Өкпеде не боп жатыр білмейміз-ау?!
Айқыш-ұйқыш түскен шығар небір ою!
Әй жастарым бұл пәлеге жоламаңдар
Жетісіп жүр дейсіңдерме жолағандар
Жамандыққа әуес болмай сабақ оқып
Білім қуып өрге қарай домалаңдар!

Бауыржан Тұрабаев

5 пікір

Moldir_96
Темекінің денсаулыққа зиян екенін біле тұра, кейбір адамдар неге темекі шегеді екен?! Соған таңқаламын…
Sabions
сұрағыңа өлеңмен жауап
Темекіні бочуктетіп бастағанбыз
Ол кездері дым көрмеген жас баламыз
a63a1
ақылайтқыштар-ай, =))))
өздерің істеңдер де өзгеге ақыл айтыңдар дәп осылай!!!
ayeke
жалко умереть здоровым )))))))))))) бул дегеніміз мені шегеді екен деп ойлап калманыздар х)
calendula
Басқа өлеңдерді оқығанда бір шумақтан соң жалығып оқымайтын едім. Ал мынаны бір деммен оқып шықтым. Жауыр болған тақырып болғанымен, біздің де айта айта аузымыз шаршамайды екен))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.