1001 дауа

Салауатты өмір салты /
Егерде үнемі басыңыз ауырса, мазаңыз кетсе, сусынның тиер көмегі көп.Қарапайым қара су мен қант болса болды. 1 стақан суға 6 шай қасық қантты салып, араластырып, 9 сағатқа дейін қойыңыз.Сосын аздап ішіп отырыңыз. Оны бітірген соң, тағы дайындап, 9 сағаттан соң қабылдаңыз. Қантты суды 10 күн бойы ішу керек. Емделуді 10 қатарынан үзбей, 9 сағаттық түрде қатал ұстау керек. Түнде ішіңіз.

Бауыр емі.
0,5 кг күнбағыс дәніне 3 литр су құйып, отқа қойыңыз. Жарты сағат қайнатып, сүзіп алыңыз.100милиграммнан күніне 3 рет ішіңіз. Тоңазытқышта сақтаңыз. 1 кг сары бақбақ пен 1 кг сұйық балды араластырып, екі апта қоя тұрыңыз. Бір ас қасықтан күніне 3 рет қабылдаңыз. Тасты түсіру үшін 300 мл сәбіз, 100 мл қызылша, 100мл қияр және 2 дана лимон шырынын қосып, жақсылап араластырыңыз. Бұны екіге бөліп, күнде ішіңіз. Және де таңертең астың алдында, астан кейін, түстік тамақтың алдында, түстік тамақтан соң, кешкі тамақтың алдында және кейін, жатардың алдында және кейін қарбызды жеу керек. Ол тасты қарбызды шырынымен зәрмен сыртқа шығады.

Құлақтың қабынуы
Адам құлағы ауырып, ірің боп шығып, ауыра береді. Дәріханадағы 2 пайыздық бор қышқылы ем болады. Алдымен қайнаған суға араластырфып, бүріккіш аспаппен құлаққа жайлап жіберу керек. Кейін алоэ өсімдігінің сөлін сығып, зарарсыздандырылған дәкені батырып, құлаққа салып қояды. Таңертең алып, ірің дәкемен шығады. Бір апта жасаңыз, ауырғаны қойып кетеді.

ТӘБЕТІҢІЗ ЖОҚ БОЛСА, ЖАТЫП ІШІҢІЗ.
Кейде тамақ адамға зауқы соқпайтыны белгілі. Қуатты тағамдар ауырған адамның еңсесін тез көтеріп жібереді.Жапон ғалымдары бәбетіңіз жоғалса, асты жатып ішіңіздер деп айтады. Сол қырмен жатып, тамақтанған дұрыс. Ағзадағы асты қорытушы гормондардың саны артып, асқазан сөлінің бөлінуі жақсарып, тағам жақсы қорытылады.

2 пікір

banzaika1990
соңғысы маған керек мағлұмат екен. Соңғы күндері мүлдем қарным ашқанын сезбеймін, тамақ та дұрыс ішіп жүрген жоқпын. Ертен жасап көрем))))))))))))))))
Zhassiko
Мақсат мырза көп рахмет, өте жақсы мәлімет екен, дереккөзді қайдан алдыңыз? қарапайым ғана екен..)) Екінші тақырып өте керекті, қазіргі уақытта үлкендердің көбінің айтатыны бауырымда тас бар, өтімде тас… неткен сұмдық еді… Бауырдағы тас шәйнектің түбіндегі ақ тас сияқты болады екен, ұжс… оны қолыңмен ұстап көрсеңіз уаще ұжс…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.