Аллергия деген не? Неден пайда болады

Салауатты өмір салты /
Аллергия адамның жасына немесе жынысына қарап дамиды деп айту қиын. Кей адамдарда аллергияның әртүрлі кезеңдерде әсер беріп отырады. 1 не 3 жастағы бала кеселге шалдыққанымен, өсе келе байқалмайды. Өтпелі кезеңнен кейін қайта мазалай бастайды. Кейде мүлдем жоқ болып кетеді. Мұның бәрі адам ағзасына байланысты. 40 не 50 жастан асқан адамдарда бұл ауру сирек кездеседі. Бұл ауру кейде тұқым қуалауға бейімділіктің әсері мол. Бұл ауру қоршаған ортаның ластануына байланысты. Аллергияның синтетикалық заттардың көптеп өндірілуі өз үлесін қосуда. Қаны аллеригияға бейім тұрса, осындай сыртқы факторлар бірден әсер етпей қоймайды.
Тағамдық аллерген ағзаға ішінде әсер етсе, аз уақыттан кейін денеге қызарып бөртпелер шығып, асқорыту жолында өзгерістер болады. Гүлдеп жатқан өсімдіктер шаңын бөлгенде, тыныс алу жолы нашарлайды. Шаң тозаң ағзаға әсер беріп, рекциясын беріп, адам тшкіріп, мұрынның іші қышып, көзі жасаурап кетеді. Қарым қатынас арқылы пайда болған аллергия жанасқан жеріне әсер етіп, сол жерде бөртіп кетеді. Кей әйелдер киімінде темірлер, шынжырлар болса, темірге жанасқан жерлеріне қызарып кетеді. Дер кезінде қаралып, тексерілмесе, күлдіреп, күйіп қалған дене сияқты асқынып кетуі мүмкін. Асқорыту жүйесінің бұзылуы ондағы жара, ішекке біткен жара мен эрозия, сондай ақ қырыққабат пен бауыр жұмысының ауытқуында аллерген бөлінеді. Теріден бұрын, ішкі құрылыстарды емдеу керек.
Науқастың күнделікті қолданылған тағамдар тізімін алып, неден пайда болғанын терілік сынама арқылы анықтауға болады. Аллергенге қарсы екпе жасағаннан кейін ағзада аллергенге қарсы имунитет пайда болады. Ағза ерекшелігі мен қабылдау жолында дәрігерлер түрлі емдер қабылдайды. Егер асқынып кетсе, күрделі болады.Егілген дәрілер мен препараттық емдердің әсерінен 3 не 5 жыл бойы мазаламауы мүмкін. Цитрустық, экзотикалық, әсіресе қызыл, сары болып пісетін жемістер мен көкөністерде аллергендік күші өте жоғары. Көкөністен аллергиясы бар адамдар бақшаға кіріп қиярды жұлса әсер етпейді. Қызанақтың ортасына кірсе, денесі дуылдап, қышынып шығады. Аллергиясы бар адамдарға қызанақ, сары банан жеуге рұқсат жоқ, керісінше көк түсті бақша өнімдерін пайдалануға болады.
Құстың қауырсынынан жасалған жастық, жүннен тоқылған киімдер, мен төсеніштер, жұмсақ ойыншықтар ауруды одан сайын күшейтеді. Құстың түбітінен аллергиясы болса, құстың киімдеріненде қозады.

Мамандар кеңесі;
Күніне 1 гр С дәруменін қабылдау
Тағам құрамында ақуыз, май, көмірсутегі болу керек
Бөлмені желдетіп, ауасын тазартып тұру керек.
Науқас жататын бөлмеде кілем, палас, жұмсақ ойыншықтар болмағаны жөн.

4 пікір

didi0393
кызык екен, менің тәттіге ғана аллергиям бар!))))(((((((
khairbek
менде аллергия ваще болган жок
User
Иттерге сосын Мысыққа бар.
Zhanat
мен бір кеңес берейін, неден аллергия екеніңді білгің келсе қараша айының басында анализ тапсырса сол уақытта жақсы анықталады әрі нақты
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.