Бүгін алма жедіңіз бе?

Салауатты өмір салты /
Алма туралы мақалалар, пікірлер, көрсетілімдер жиі жиі жазылып, көрсетілуде. Тамаша жемістің күн сайын жаңа пайдалары анықталу үстінде.
Нью-Йорктағы Корнелл университеті зерттеу тобының қол жеткізген мәліметтері бойынша алманың құрамындағы антиоксиданттар жасушалардың зақымдалуының алдын алып, дененің қарсы тұру қабілетін арттырады және стресстен пайда болған күштерге қарсы күшті қорғаныс көзі бола алады.
Жаңа алманың шырынымен сүртілген қыртыс және әжім тері жанданып, жаңарады. Терінің түлеуіне, бүйрек және бауыр ауруына, тамырдың қатаюына, экзема мен ревматизмге өте пайдалы алма шырыны сондай ақ, суыққа, жөтелге, тамақ ауруына, ыстық көтерілгенде, түрлі қабынуларға жақсы.
Алма шырыны ас қорыту жүйесін зерттейді. Жатардан бұрын желінген бір алма адамның жақсы ұйықтауына көмектеседі.
Құрамына 85 пайыз су, 12 пайыз шекер, органикалық қышқылдар, сода, фосфор, танин және А, В1, В2, С, Е, РР витаминдері бар. Органикалық қышқылдар, сода, фосфор көмегімен ми, бауыр, асқазанға оң әсер етеді. Тамақтан бұрын алманы үккіштен өткізіп, қарайғаннан кейін жесе, ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіреді. Шикі алма іш қатуға пайдалы.
Алма сіркесі өмір эликсирі болып табылады. Балмен қосып ішсе, ағзаның иммунитет жүйесіне пайдасы мол. Құрамындағы көп мөлшерлі калий арқылы жүрек бұлшық еттерінің құрылымын күшейтеді. Тұмаумен ауыратын немесе тыныс жүйесі қабынған адамдардың иммунитет арттырады.

11 пікір

Korkem
Дұрыс айтасыз, аланы жегенде дәнімен жеуді ұсынады дәрігерлер. Себебі алма дәнінде йод көп кездеседі екен, ол әсіресе қыздар ағзасына өте пайдалы көрінеді.
Korkem
бұл бергі жағы ғана ғой, бүйте берсеңіз түгіңз қалмайтын түрі бар ғой
Korkem
газыңыз ұрып тұр екен, шамасы тормызыңыз істен шыққан секілді
m170785
Түтіп жеуге дейін десеңізші ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.