1001 дауа 2 бөлім

Салауатты өмір салты /
Маңқа емі

Аурудың қай түрі болмасын адамды әлсіретіп, діңкесін құртып жіберетін осы мұрын ауруы. Маңқа (гайморит) ауруымен ауырған адамның тіптен мазасы кетіп, ыңғайсызданады. Шыдамды болсаңыз, құтылуға да болады. Емі кәдімгі керосин. Күніне 4 рет мұрын кеңірсігі мен маңдай тұсына жағу керек. Тек керосин тазасы болуы керек. Кішкентай балаларға керосинге өсімдік майын қосу керек.

Ағзаны тазарту.

Ағзадағы қалдықтарды тазарту үшін қоспаларды қосасыз.
10 г итошаған(череда)
5гр грек жаңғағы
20гр шегіргүл (фиалка)
15гр түйежапырақтың тамыры
10гр қалақай
10гр қара қарақаттың жапырағы
15гр бүлдірген жапырағы
Бірлитр қайнаған су құйып, жай отта 10 минуттай қайнатады. Сүзіп алып, бір сағат сайын 30мл-нан екі апта бойы ішеді. Арасында 5 күн үзіліс жасайды.

Шаршағанды басу үшін

Қатты шаршаған адамның түкке қарамайтыны белгілі. Көңіл жайлап, нерв жүйесін тыныштандыру әдісі бар.
Қайнап жатқан суға лимон шырыны мен шамалы тұз және эвкалипт жапырағы немесе эвкалипт майының тамшысын қосып, суды жайпақ ыдысқа құясыз. Еңкейіп, судың буына мұрын арқылы терең демаласыз. Кезек кезек демаласыз. Жатар алдында бір шәй қасық балға лимон шырынын қосып ішесіз. Келесіде серігіп тұрасыз.

5 пікір

AKA
Шаршағанда ештеңе жасағың келмейді, тағы қандай кеңестер бар екен, достар, шаршағанды басатын?
AKA
Рахмет, кофені көп ішпейді екем. Қатты шаршағанда жиырма минут мен үшін аздау Шаршағанда енді… көөөп жаяу жүріп, аяғың талып қалғанда, демалмай бір жұмыс жасағанда ғана ғой. Ондайда маған салқын су ішіп, тынығу ғана көмектеседі.
khairbek
шаршағандай ұйықтау керек басқа ещтене керек емес
dimash
Халық емінде естімегеніміз көп ғой. Меніңше осы халық емі көбіне Плацебоға негізделетін сияқты.
Лимон мен бал қай уақытта да артық етпейді.
banzaika1990
«Ағзаны тазарту» рецепіндегі шөптердің кептірілген, дәріханадан пачкадағысын алып пайдаланса бола ма? немесе тек жаңа теріліп алынғандары ғана жарайды ма?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.