Денсаулығыңыз сау болу үшін...

Салауатты өмір салты /
1. Күніге 1 стақан су ішумен бастап, кешке дейін 2,5 литр су ішіңіз.
2. Жемістер, көкөністерді өз маусымдарынан кемінде бірнеше рет жеп тұрыңыз
3. Ауырмай тұрып шипалы өсімдіктермен иммунитетіңізді көтеріңіз.
4. Жалбыз, жөке, шалфей, жебір шөп, итмұрын, райхан, зімбір, ладан, көк шәй, пияз, сарымсақ үйіңізде табылсын.
5. Салатты мүмкін болғанша көп түрлі қоспалардан жасаңыз.
6. Дайын сорпаның орнына өзіңіздің үй сорпасын дайындаңыз.
7. Өзіңіз жапқан қызанақ соустарын қолданыңыз.
8. Маусымынан тыс кезде жемістермен көкөністерді көп жемеген жөн. Қалап тұрсаңыз жаңа піскенін не жаңадан алып келгенін жеңіз. Мөлшерден артық жемеңіз.
9. Аптасына кем дегенде 2 күн, бұршақ тұқымдас тамақтар жеп тұрған жақсы.
10. Ыстық тағамдар үшін қыштан, шыныдан, болаттан жасалған ыдыстарды қолданыңыз.
11. Апельсин, мандарин, лимон жеп тұрыңыз.
12. Жұмыста болсаңыз, не сыртта көп болсаңыз, не болмаса үйде болсаңыз мейізді көп жеген жақсы.
13. Күніге кем дегенде 2 шақырым жаяу жүріңіз, аздық етсе аяғыңыз шаршамай талмаса жүре беріңіз.
14. Топырақ пен құмда жалаң аяқ жүріңіз.
15. Таңертеңгілік асыңызда үстеліңізде бал болсын.
16. Тұз бен қантты шектеулі қолданыңыз.

2 пікір

AKA
Түртіп алдым, көп біле бермейтін ақпараттан болса…
Uleke
айтпақшы, балды таңертең ашқарынға 1 ас қасық мөлшерде құр өзін тамақтануға 30 мин. қалғанда жеу керек екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.