Табандағы ойылған сызатттар неден пайда болады?

Салауатты өмір салты /
Кейде қыздар нәзік жандылар қауымында табандарында сызаттар пайда болады. Өкшедегі тері таза, жұмсақ болуы керек. Табандары ойылып, түрлі сүйел мен ойылған сызаттар пайда болады. Терісі қатайып, түсі өзгеріп, ақыры жараланып кетеді. Көбіне тері, энокринологиялық аурулар, гастрит, диабет, қан аздығы, авитаминоз секілді ауруларымен қатар, ыңғайсыз аяқ киімнен және аяқты дұрыс баспау жанға батады. Сызаттар пайда болысымен ақ оған қарсы ем қабылдап, жұмсақ аяқ киім таңдағаныңыз жөн. Сызатты тілінген өкшемен жүру ыңғайсыз болса, екіншіден жүрген сайын ауыртып жанға батады. Сызатқа қарсы күш, ол педикюр. Пайда болған сызаттан кезінде лезде емдемесе, тбаныңызды жарақаттап аласыз. Ол үшін мына емдерді жасауға болады:

1. Дәріханаларда сатылатын балық майы немесе құрамында А және Ғ дәрумені бар кремді қолданып жағуға болады.

2. Жатар алдында бал жағып, дәкемен таңып, орап, аяғыңызды жылы ұстаңыз. Таңертен тұрғанда дәкені шешіп, аяқты жылы сумен шайы жіберіңіз. Ойылған жерлер жұмсарып, бал теріні тартып, сызаттың жазылуына көмектеседі.

3. Жатар алдында 15 минут тұз қосып қайнатылған суға аяғыңызды салыңыз. Ойылған жерлер ашып, жұмсарады. Болған соң вазелин немесе арнайы арналған май жағып қойыңыз.

4. Күнделікті аяғыңызды жылы сумен жуып, табаныңызға өсімдік майын жағып жүріңіз.

11 пікір

ereke_enu
Аяқты жуып жүру керек арасында
Zhanat
күнде емес пе)))
ereke_enu
Арасында жуып жүрсе де табанға сызат түспес пе еді)))
Zhanat
өсімдік майын жағатын заманнан кеттік қой
MSHERIMBEK
Bayagyda kumnyn uiygynda juretin bir jandir bolushy edi. Sony ezip tabanga jagyp alyp shauyp jure berushi edik. Ayaq jarylsa, vazelin jagyp alatynmyn
ereke_enu
Бізде оны "ғұлы-ғұлық" деп атайды))) Аяғыңа езіп майын жағып алсаң, желаяқ боласың деп саналатын. Оны інінен шығарудың өзі бір ғанибет.
m170785
оныңыз қызық атау екен, ғұлы ғұлық ))
Ak123
ауылға барғанда соны інінен тақпақтатып тұрып шығарып алатын ауылдың қыздары))) мен өлсем де шығара алмаушы едім)) соған кәдімгідей сенетінмін, ауылдың қыздары онсыз да желаяқ қой сосын қызығатынмын
zhurttyn_balasy
"ғұлы-ғұлы" :)) біз "құли" дейтінбіз ))) құли құли бірдеңе, ініңнен шық деп па ши ағатшы ініне тығып айналдырып отыра берсең бетіне шығатын еді )))
ereke_enu
Құмырсқаны сап жібергендегі экшнды айтсайш))
Daniar_alan
ғұлы ғұлы ғұлы, әке-шешң өлді, балта алып жүгір :)))))) дейтінбіз біз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.