Кальянның құрамында не бар?

Салауатты өмір салты /
Кальян жеңіл желпі жастардың ермегі, сол женіл желпі Кальянның да ауыр зардаптары да бар. Көзге сырттай ештеңе болмайтын болып көрініп, іштей тұнып тұрған қиыншылығы аурулары да көп. Кальянға арналған табактың сыртына көбіне 0,5 пайыз никотин және 0 пайыз смола бар деп жазылады, оны көріп зиянсыз деуіміз мүмкін. Сондықтан кальян табакка жатады. Табактың қандай түрі болмасын құрамында ағзаны улап, жүйкені әлсірететін никотин болады. Оған үйренген ағзаның қалауын толық қанағаттандыру үшін орта жастағы адамға кемінде бір сағатқа жуық кальян тартуға тура келеді. Бір сағат кальян тартқан адам бір темекі тартқан кездегіден 100 болмаса 200 есе артық түтін жұтады. Никотин мен зиянды заттар аз болғанына қарамастан бір сағатта өкпеге тұншықтырғыш газ темекіден едәуір көп түседі. 45 минут бойы кальян шеккен адам тұншықтырғыш газды бір қорап шылым тартқан адамнан көбірек жұтады. Түтін өкпенің терең тұстарына кіреді. Өкпеде түрлі ауру туындатуы мүмкін.
Кальянды түтікшесінен бірнеше адам кезектесіп тартады. Сілекей арқылы гепатит, герпес, түберкулез сырқаттары жұғуы мүмкін.
Екі жылға жуық тартқан адамдардың 37 пайызы оттегі жетіспеушілігімен ауырған. Ондағы көмірқышқыл газы гемоглобинмен тезірек байланысады. Ми, жүрек, бауыр, бүйрек, бұлшық еттер мен басқа жасушалар қатты қийынға соғады. Әсіресе ми тамырлары мен жүрек дертінің қоздырушысы.
Кальянның иісі жұмсақ әрі жағымды. Зиянсыз деген жарнамасы тағы бар. Бұрын темекі тартпаған адамдарды да қызықтырады. Түтіні адамға есірткіден де қатты әсер етеді, алғашқы кезде білінбейді, көп тартып, мөлшерінен көп қолданса. Арасында тәуелді ететін синтетикалық қоспалар бар. Адам генін бұзатын фактор. Адам ДНКсының мутациялық бұзылуы тұқым қуалайды.

11 пікір

pana
иісі ұнайды, тәтті бір иіс,
khairbek
калян шекпендер оданда спортпен айналысындар мен сиякты
Jako
Өте дұрыс айтасың.
AKA
Түсінсе екен, адамдар, әлгі энергетикалық сусындар да зиян, зиян деймін! Газды сусындарды аз ішіңіздерші, өте аз.
m170785
Акамның айтқанын түсініп алыңдар.
User
Күнде колледжде әбетте кола, бір белящи немесе перец жеймін.
qyrmyzy
Перец???? Толығырақ
User
анау барғо қызыл жасыл ішінде еті бар
аааа, мутант… қорқам! осы үшін ғана шекпеуге болады
dimash
)) Қарап отсақ зиян емес нәрсе бар ма? ©

Барлығымыздың дем алып отқан ауамызда кох таяқшасынан бастап эширихикоккозға дейін барлық микроағзалар толып тұр ғой. Ол ауамен дем алған адамның барлығы да ауру болады деген сөз емес. Сол үшін адамда қорғаныш тері жамылғысы бар. Ол терідегі тер бездері микробтарды жояды, ал біздің аузымызда бөлінетін ферменттерде де микроорганизмдерді жою қабілеті бар. Асқазандағы тұз қышқылы да сол.

Мына видеоға назар аударыңыздар.
www.youtube.com/watch?v=vGQM2f0lrI8
Daniar_alan
Түтіні адамға есірткіден де қатты әсер етеді

-вууууууңң… вуууууууңң… қиииқққ… быджжж…
-құлыным, түннің ортасы болды. жатсаңшы ертең ойнайсың ғой…
— і-і…
-қазір бабай келеді де сені жеп қояды…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.