Туылған күнің құтты болсын Шымқала немесе бүгінгі мереке күн...

Салауатты өмір салты /
Туған күнің құтты болсын Шымқала.
Шымкент қаласының әкімі ҚАЙРАТ ҚҰСЕИНҰЛЫ МОЛДАСЕИТОВ, өзінің құттықтауында айтып өткендей,
Биылғы қала күні жылдағыдан ерекше, себебі облыстың 80 жылдық мерейтойымен қатар тойлануда.
(жалғасын Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтынан оқи аласыздар )
бүгінгі күн күндегідей шырайлы бола келе, кешкісін концертте жаңбыр жауғаны бір қызық болды.

(қалған бейне жазбаларды ертең пікір ретінде тастаймын)
Қайтып жатқан да, пана іздеп жүргендер де, ал кейбіреуі ұзақ жердегі паналарынан жаңбыр тоқтағасын қайта келіп жатқандарын байқап тұрасың(кейбіреулері қос-қос))). Ал тіптім кейбіреулері де жаңбыр астында тұра берген түрлері бар. Ол конценртке біз кеш келдік, әншілерден Ресейлік Доминик Джокер, сосын естуімше біз көре алмаған Қазақстандық Мақпал Исабекова, Ерболат т.б. сияқты әншілер келген.
Концерт соңы Атамекен деген әнмен аяқталды және салютсіііііз. (сірә жаңбырдан ылғалданып қалған ау).
Үйге келсем, сағат түнгі бірде КВН зор болуда екен, қала күніне арналған номері, міне

Бұл квнде де қала әкімі қатысқан екен, алдыңғы көрсеткен концертке де қатысқан болатын.
Қазірге осы, жатайын, ертең осы орайда түсірген бірнеше видеоларды астына пікір ретінде тастармын. Қосымша тағы қызықтарымен.

17 пікір

beko
Негізінде, мен үшін қала күні ерекше болды. Оған себептер:
1. Жұмыстан азанғы 5:20 да келуім.(азанғы тоғызда басталады), қаламыздың Шымкент келбеті газетінің қала күніне орай ерекше шығуы, газетті халыққа ойдағыдай керемет етіп, уақытында шығуына атсалысуымыз біздің біршама әжептеуір уақытымызды алды. Ол жұмыста та естен кетпес жағдайлардың болуы (үйге қайтқанға дейін).
2. Бүгінгі күнде концертте және одан қайтарда жаңбырдың астында, жолдастармен қалғанымыз))
3. Бүгінгі мастер кластан (қосымша сабақ) болашаққа керекті, құнды сабақ үйренгенім.
qyrmyzy
Кәзитшіктерді, журиктерді қатты түсінесің деп ойлаймын;)
Уау, жаңбыр, керемет. Үйден шықпадым бүгін;)
Мастер-кластан алған сабағыңды бөліспеске не кедергі?
beko
Мастер-кластан алған сабағыңды бөліспеске не кедергі?
уақыт т.б.
qyrmyzy
Шым қалам, туған күніңмен!
davidoff
Шырайлы Шымкентті шағындым ше…
qyrmyzy
мен де… барып қайту керек еді
davidoff
Барсам қайталмай қалам ба деп қорқам......))))
qyrmyzy
ық ық, қыздар алып қалады?
davidoff
Қыздар алып қалатын болса, амал жоқ барасалам!!! Сағындым сені ШЫМым деп ҚҚҚ
mairosh
Құтты болсын!
didi0393
Kutty bolsyn tugan kunin Shymsiti))) konsertte Zattybek bolmadyma ne?
korwinin_kyzy
нешеге келватр? сосын қазақшаны Латын арыптерымен жазуды кою крек
beko
Кейін тағы тастаймын деген бейне жазба:
yesbolat83
Шымқаланы туған күнімен құттықтаймын. Өнердің әр саласынан көріне беруіне тілектеспін! Жаңбырдың жауғаны — Аллаһтың нұрының жауғаны емес пе?!
followme_alik
(: Туылған күніңмен, Шәке :)
Jako
Шымкенттің шырайлана түсуіне тілектеспін! Түнде Таразда да жауын болды.
AKA
Жақсы екен, құтты болсын! Тек видеодан анық ештеңе көре алмадым. ((: Басқа не қызық?!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.