Сыра туралы сөз

Салауатты өмір салты /
Әлі күнге не спирттік өнімге не қарапайым сусын түріне жаптайтын сыраның зияны арақтан да асып түсетінін біреу білер, біреу білмес. Бақсақ, жарты литр сыра 50 грамм арақтың күшiмен тең, яғни оның құрамындағы этил спирті көпіршіген кезде алкоголь құрамы 14 пайызға дейін ұлғаяды. Тіпті алко¬гольсіз сыра деп күні-түні теледидардан үзбей жарнамаланып жүргендердің құрамында да 0,5 % мөлшерінде спирт¬ барын естен шығармаңыз.

Артқа бір қадам
Тарихта сыраның дайындалу тәсілін ойлап тапқан адамның кім екені белгісіз болып қалды. Алайда оның бағзы замандарда көне Египет пен Грекияда қайнатылғаны мәлім. Одан кейін Англия, Бельгия, солтүстік Францияда, Германияда, Русьте сыра қайнату өнерінің өркендегені тағы бар. Соңғысында Пасхада, Дмитрий сенбісінде, масленицада, шоқындыру мен үйлену тойларында қайнатып ішуге рұқсат берілген. Одан бері қаншама уақыт өтті. Қазіргі кезде сыраның отаны – Чехия делінсе, еліміз бойынша Шымкент пен Қарағанды қалалары осы сусын яки ішімдік түрін қайнатудан көш бастап тұр.

«Ештеңе етпес»-тің соңы
Сылтау болса болды, сыра — үстелдің үстінде. «Арақ емес қой» деп ақталады жастар, «ештеңе етпес» дейді ата-аналар. Денсаулық осыдан құриды. Санамалап айтсақ, төмендегідей:

Асқазан
Сыраны ішкен кезде әлбетте ішек жолдары арқылы ол асқазанға барады. Жай барып қана қоймай, ас қорытатын шырышты қабатты бұзады. Сондықтан сыраны көп ішетін адамның ас қорытуы қиындап, соңы созылмалы гастрит ауруына соқтырады. Бұл – бір (!)

Бауыр
Бауыр — адам ағзасын тазартып отыратын нәзік мүше. Медицинаның бүгінгі қарқыны жүрек алмастыруға дейін жеткенімен, тек осы мүшені айырбастап салуға дәрменсіз. Сыраны жиі сіміру бауырдың улы заттарға қарсы тұру күшін азайтып, кейін жойып жібереді. Үлкендердің «арақты көп ішпе, бауырың езіліп кетеді» дейтіні осыдан болар. Бұл – екі (!)

Бүйрек
Сыра сімірген адамның қайта-қайта әжетханаға жүгіретіні белгілі. Өйткені оның зәр айдау жүйесі нормадан тыс күш алып кетеді. Бұл жағдайда «қып-қызыл ақшаға сатып алған сусыным сыртқа кетіп жатыр» деп ойламау керек. Керісінше, сіз ағзадағы қажетті минералдардан айырылып жатырсыз. Нәтижесінде калий, магний элементтері азайып, адамның жүрек соғысының ырғағы ақауланып, әлсіреп қалады. Бұл – үш (!)

Жүрек
Қазіргі кезде «инфаркт алыпты» деген сөзді есту таңсық болмай қалды. Бұған сыраның да әсері бар. Сыраны үнемі ішетін адамның қан тамырлары кеңейіп, варикозға шалдығады. Өйткені ол қанға тез сіңеді. Бүйрек бен бауыр қызметі бұзылған жағдайда жүрекке салмақ түседі, нүкте инфарктіге шалдығумен қойылады. Мұны «жүректің капрон шұлыққа айналуы» деп атайды. Бұл – төрт (!)

Әйелге айналу һәм семіздік
Сыраның құрамында біз біле бермейтін фитоэстроген эле¬менті бар. Әйел гармондары үшін аса қауіпті болып саналатын бұл зат уақыт өте келе нәзік жандыларды ашушаң етіп, психикасын бұзады, ішімдікке шырмауықша байлайды. Өзіңіз байқап қарасаңыз, сыраны шімірікпей ішетін қыздардың дауысы жуан, денелері ірі, қимылдары оқыс келеді. Ал, еркектерде керісінше, әйелде кездесетін гармондар пайда бола бастайды. Дауыстары жіңішкеріп, бұлшық еттері салбырайды, иықтары жоғалып, қарындары шығады, белінде май қатпары өседі. Мынаны біліп қойыңыз: сыра — семіздікке апаратын төте жол.
Сөзіміз мұнымен аяқталмайды. Сыраға құмар адам миының жасушалары өліп, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттері төмендеп кетеді әрі агрессиялық мінез-құлық тудырады. Енді футбол мачтарынан кейін не себепті жанкүйерлер арасында жиі тәртіпсіздік болатынын түсінген боларсыз?! «Сыра ішкеннен алқаш болмаспыз» дерсіз, бірақ спирттік ішімдіктерге қарағанда сыраның ағзаға 4есе қауіп тудыратынын білесіз бе? Темірдей тәртіп пен тазалықты, жинақылықты қатаң ұстанған «пунктуальный» саналатын неміс халықының көсемі болған Бисмарк кезінде: «Сырақорлық нақұрыстыққа, жалқаулыққа және белсіздікке (импотенция) апаратын қоғамдық індет»,-деген болатын.

Бүгінде сыраға ең қатал заңдарымен қарсы тұрған — Ислам мемлекеттері. БАӘ-де көшеде, жағажайларда оқыстан шөл қысып, сыра ішемін десеңіз: абай болыңыз! Сізге дереу айыппұл салынып, тіпті түрмеге қамауы да мүмкін. Еуропа елдерінде жүргенде шөл қысса, сыра сіміруге тыйым салынбайды. Тек қоғамдық орындарда өзіңізді ұстай білсеңіз болды. Америкада кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін саудалауға тыйым салынған. Сондықтан жасыңыз 21-ге толмаса, ол жақта ішімдік сатып, пайда табамын деп ойламаңыз. Өзімізге келсек, саябақ толы сыраның шөлмектері, теледидар толы сыраның жарнамалары…

Сыра-дерек:
-Ресейде әрбір адам жылына 18 литр, ал Қазақстанда 4 литр спирттік ішімдік тұтынады;
-Жыл сайын 100 мың қазақстандық сапасыз арақтан уланып, ауруханаға түседі;
-Кейінгі 3 жылда елімізде 55962 өрт шығып, осы оқиғада ішімдік салдарынан 1138 адам көз жұмған. Соңғы 6 жылда көлікті мас күйде айдаудың кесірінен 4833 жол апаты орын алып, 977 адам өмірімен қоштасқан;
-Қазақстанда арақ өндіретін – 40, шарап шы¬ғаратын – 24, сыра қайнататын 62 зауыт бар екен;
-Құзырлы орган қызметкерлері қылмыстың 68 пайызы ішімдік ішу салда-рынан орын алатынын айтады;
Сыраға су деп қарап, сырлас болып, суша сіміргеннің соңы сырқатқа апаратынын естен шығармалық. Әйтсе де «ішпеу керек» деп дабыл қаққанмен, пысқыратын жан табыла қоймас. Құрығанда жиі ішуді азайтып, сыраны дұрыс қабылдау жолын білсе екен деген ой бізде.

7 пікір

Karakulov
Keremet! Tek kaidan alganinzdy da korsetip koisaniz eken.
korwinin_kyzy
сапасыз арак деген болмайды
korwinin_kyzy
Сыра ішкіштер әбден минустап тастаптыго бұл постты, Не? шындық көздеріңді тестіме?
ereke_enu
Ішпейтіндер плүстейік онда)
korwinin_kyzy
я уже свой долг випоолнил
davidoff
Мен ішпейтін еркекпін, Жалғыз мақтанышым!!!
davidoff
Ойнап айтам, мақтанатын заттарым көп ық ық ық
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.