1 желтоқсан күніне арналған мерелік шара

Салауатты өмір салты /
1 желтоқсан- ҚР тұңғыш президенті күні.Осыған орай Астана Арена стадионында мерекелік шара өтті.
Ринго, Арт-Дала, Ерболат Құдайбергенов сияқты әншілер өз өнерлерін көрсетті.Ал Мәдина Садуақасова, Серік Сәпиев және Азамат Сатыбалды жүргізуші рөлін атқарды.
Жарты сағаттық көрініс көрсетудің ар жағында екі апталық дайындық жатыр…
Бүкіл спорт мектептері мен ұжымдарының өзінен 1100 спортшы,600ге жуық гимнастка, бишілер қатысты...мен спортшылар қатарындамын
Шығыс трибунаны мектеп оқушылары мен студенттер толтырып, Флеш Моб ұйымдастырды.
Барлығымыз он күн бойы таңғы сағат 10нан түскі 4-5ке дейін Астана Аренаға жиналып дайындық жұмысын жүргіздік.

vk.com/video_ext.php?oid=-46292309&id=163973514&hash=f9dc7c6cd8b566c3&hd=1"
График мынадай болды: сағат 10:00 ден 14:00ге дейін дайындық.14-15 түскі ас, демалыс. Сағат 15:00ден 16:30ға дейін қайтадан дайындық.
Түскі асқа келсек бізге дайындық күндері тегін тамақ таратылып отырды

Мерекілік шоуға бірер күн қалғанда бізге ақ форма таратты: бас киім, жұқалау келген «куртка» мен шалбар және аяқ-киімNIKE





P.S. xxx

8 пікір

qyrmyzy
Күштііі. Шаршаған шығарсыңдар :(
m170785
Қырмызы не болды ұнжырғаңыз түсіп.
Aknyet99
Аййй рахат-ай, сабақтан сұрап алад!!! ")
Aknyet99
Пост минусқа кіріп кетіпі, неболдей өлгенше минустап)))
User
шамасы сайтта оппозиционерлер көп болуы керек.
VVVWWW
Оппозиционерлер демей-ақ, жөні түзу ойлай алатындар дегеніңіз жөн болар
AKA
Өте тамаша жазба, жарайсың! Елбасымыздың арқасында осындай бейбіт күнде тіршілік етіп жүрміз, жасай берсін, ел басшымыз! :)
Jako
Осы біздің жастарымыз улап-шулап флешмобта жүргенде, артында әке-шешелері тачкі итеріп, болмаса бақшадағы дақылын өткізе алмай шіріп кетуден қорқып, тапқан табысы тартқан жағына жетпей, сол жастардың арасындағы балаларының оқу ақысын қалай төлеймін деп уайым жеп жүргенін ойлар ма екен? Болмаса сол бір найктың кроссовкасы мен курткасына миы уланып бәрін ұмытып кетер ме екен? Сол флешмобта шалғай ауылдағы шаруалар мен мұнайшылар,қақаған суықта табандарынан суық өткізіп базарда сауда жасап жүргендер мен тачкі айдаушылар, өз елінде 4 сотық жер ала алмай жылап жүргендер мен ақшасы төленген үйлеріне жете алмай жүрген үлескерлер неге «Алға Қазақстан»-деп айқайлап мәз болып жүрген жоқ деп, немесе солар осы жерде неге жоқ деп ойланар ма екен?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.