Түбіт орамал

Салауатты өмір салты /
Ешкінің түбітінен жасалған орамал иондарды бейтараптандырып, ерекше қасиетке ие. Иондану бірден бұлшық еттерді ауыртып, үнемі шаршатып, жүйке ауруларын тудырып, адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Ешкі түбітінен тоқылған бұйымдар қоршаған орта иондарының күшін адам ағзасына оңтайлы етіп өзгертеді. Сондықтан ешкі түбітнен тоқылған шәлі, мойын орағыштар, орамалдар және басқа да заттар кеңсе ішінде әсіресе, техникалық заттар көп жерде жамылып, киген пайдалы. Түбіт құрамында ланолин деген зат аллергияға және қабынуға қарсы дәрілер құрамында кездеседі. Ешкі түбіті жарақаттың және сынған жердің тез жазылуына, аырсынуды басатын қасиеті бар.
Қыста көбінесе үйде, кеңседе, жабық жерлерде көп жүрген уақытта ешкі түбітінен жасалған заттар ағзаға пайдалы және табиғи жағдай жасайды. Ағзаны қайта қалпына келтіруге, көңіл күйді көтеруге, жұмысқа деген қабілеттілікті ашып, оң әсер береді. Түбіт талшықтары адамды босаңсытып айналма магниттік шеңбер жасайды. Түбітінен жасалған орамал дене температурасын бірқалыпты ұстайды. Адам ағзасына өте пайдалы. Ешкі түбітінен тоқылған шәліні жамылса адам тез әрі жақсы ұйықтайды. Ұйқы жеңіл әрі ем болады. Түбіт заттар ағзаны салқын тию мен тымаудан ғана қорғамай, барлық дерттен, тезірек айығуға көмек береді.
Салқын тиіп, тұмау болғанда ешкі түбіті денені құрғақ күйінде сақтайды, тез тер шығуға көмек береді.Себебі жануардың жүнінің түбіті өзіне ылғалды тез сіңдіріп, оны тез шығара алады. Түбіт басқа түбіттермен салыстырғанда өзіне 7 есе жылдам ылғалды сіңдіреді. Терлегенде қосылып шыққан зиянды заттарды бейтараптандырып ерекше қасиетке ие.
Тоқылған шұлықтар аяқтағы қан айналымды және микроцеркуляцияны жақсартып, бұлшық еттерге түсетін күштерді жеңілдетеді. Ұйқысыздық пен жүйке ауруларына өте жақсы көмекші болғандықтан егер бала үнемі мазасызданып, жылап, ұйықтай алмаса, ешкі түбітінен жасалған шәліге оруға болады. Сонда бала тез және жақсы ұйықтайды. Уақытынан бұрын туылған бала тез жетілу үшін түбіттен жасалған шәліге орап, шұлық кигізген дұрыс. Түбіттен жасалған кез келген заттар құяң, остеохондроз, ревматизм кеселдеріне пайдалы. Қан қысымын төмендетіп, бастың ауырғанын басатын пайдасын келтіреді.

Бұлшық еттің қабынуын емдейді, аллергияны болдырмайды, дененің жақсы және женіл демалуына септігін тигізеді, веналардың түүйнеліп кеңеюін емдейді, терінің ұзақ уақыт бойы таза болуын сақтайды.

Түбіттен жасалған заттар табиғи болғандықтан жақсы күтімді қажет етеді. Мұндай заттарды жиі жумау керек. Жуған жағдайда, қолмен, жылы суда сусабын қосып жуу керек. Болған соң, айналдырып, қатты сықпай қатты қағып, жерге таза мата төсеп үстіне жайып кептіреді. Жазда түбіттен жасалған заттарды құрғақ, жылы жерде сақтайды. Пакетке салуға болмайды, иістеніп кетуі мүмкін. Себебі ешкі түбітінен жасалған заттарды ауаны керек етеді. Емдік қасиетін сақтап, ұзақ уақыт қолдану үшін жазда 2 сағат таза ауаға жайып алу керек.

2 пікір

yesbolat83
Ешкі түбітінен жасалынған анамның орамалын салқын уақытта есік алдына шыққанымда жамылып шығып көріп ем, жыппп-жылы болады екен. Бұл күлкілі естілер әрине. Бірақ, ақиқат.
m170785
Мен де жамылып жүремін, әрі жылы болады. Ресейдің Оренбург қаласынан алып келінетін орыстары алып келеді, сонда алғанбыз, ең қалыңын, оның біреуін нағашы апама бергенмін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.