Ханталапай!

Салауатты өмір салты /


Біреулеріңізге таныс тіркестер, кейбіреулеріңізге жастық шақты еске түсіретін, енді біреулеріңіз мүлдем естімеген сөздер… Біздің балалық шағымыз фантик жинап, ловистің этикеткалары мен наклейкалар қызығымен өтіпті. Асықты анда-санда қолымызға ұстағанымыз болмаса...

Асық жайлы не білеміз?

Асық — кезінде балалар арасындағы ақша рөлін ойнаған. Мысалы, 50 асыққа күшік айырбастаған. Кез келген заттың құны асықпен өлшенген. Асықты ұзақ уақыт сақтау үшін қынамен бояған. Сонда шірімей, иісі шықпай біраз уақытқа дейін қолдануға, ойнауға болады. Қына — тасқа шығатын өсімдік.


Асықтардың ішінен әдемісін таңдап алып, ауыр болу үшін байқатпай қорғасын құйған. Ондай асықты сақа деп атайды.



«Асығыңыз алшысынан түссін». Неге бұл тіркес бата, тілекке еніп кеткен? Ойланып көрдіңіз бе?



Ал, ханталапай! Жылдам хабарласып, асық алыңыздар! Балаларыңыз бен іні-қарындастарыңызға жасалатын жаңа жылдық керемет сыйлық!



P.S: Әрқашан асығыңыз алшысынан түссін!
Асық жайлы, асық ойындары жайлы Jako жазса екен…

22 пікір

khairbek
кезынде жоскы ойнайтын едык
Gauhartas
Сол асықтарыңыз бар ма?
khairbek
жок казір. бәрін удалить етып тастатадыққой
Delfina
Қайда хабарласуымыз қажет?
Gauhartas
Анықтама телефондары деген жердегі номерге-ау
Delfina
Ханталапай былай тұрсын мен 7 класс оқығанша ініммен тайталасып асық ойнап келгем.
Jako
Гаухартас, бір реті келгенде Алла қаласа асық ойындары жөнінде жазамын. Себебі бұл асық ойыны менің жаныма жақын, бала кезімдегі ең бір кең таралған ойын(ұлттық ойын десем де болар) түрі еді.Сондықтан бұл өтінішті орындауға тырысамын.
qyrmyzy
ОГО! Мына асықтарды алғандар бар ма екен??? Інілерге күшті сыйлық екен. Бағасы да жақсы:)
banzaika1990
Неғып ойыма келмеген, табылған ақыл ғой мынау.Үйдегі бір дорба асықтарымды он-оннан қосақтап, әртүрлі түске бояп жылтыр добраға салып жаңа жылда брәтішкелеріме сыйлап жіребейін. Талай ақшамды экономдайды екем ғоооой))))))))
Жоғарыдағы фирманың асықтары жетпей қалса маған хабарласыңдар. Барлық түрі бар, ешкінің, тоқтының, тайыншаның, қозының,өгіздің...))))))))))))))))))))))))))
qyrmyzy
күштііі! Маған бес-алтау салып жіберші. Суреттер в студию!
yesbolat83
Өөөгіздің. Керемет үлкен болар. Сиырдікін көргем, ал, өгіздікін көрмеппін.
banzaika1990
Менің екі жұдырығымдай, хехе ал енді көзіңе елестете бер. Кішкентай жиенім көтере алмай сомен алысат та жатат,өзі жүре де алмайт еңбектеп жүріп сол асықты итерем деп етбетінен түседі де жылайды бақырып. Күнде сол өгіздің асығымен сүзісіп жүргені))))))))))))))))))))))))))))))
Соңғы өңделген уақыты:
AL-ASTER
Табылған ақыл. Дорбаның ішіне қосатын жаңа жылға тамаша сыйлық! :)
Jako
казакша шрифтеримди шыгара алмай жатырмын, панел задачадагы шрифти ауыстыратын ариптер жок болып кетти, шыгара аплмай койдым, комектесши
AL-ASTER
Панельге курсорды апарып, оң жағын басып Панели — Языковая панель дегенге галочка қоясыз.
AL-ASTER
немесе: Панель управления — Язык и региональные стандарты — Языки и клавиатуры — Изменить клавиатуру — Языковая панель — Закреплане в панели задач — Ок
Jako
Панелден курсормен /панел инстументов/ты шығарып оны бастым, галочка қоюға /Языковая панель/деген шықпай жатыр, соны қайдан қоямын.
AL-ASTER
Панель управления — Язык и региональные стандарты — Языки и клавиатуры — Изменить клавиатуру — Языковая панель — Закреплане в панели задач — Ок
Jako
рахмет Нұреке, таптым, орнына қойып көзайым болдым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.