Дәріні қалай ішеді?

Салауатты өмір салты /
Бұл күндері кез келген дәріханадан кез келген дәрілерді оңай табасың.Кейбір пайда қуған пысықайлар жасалынған жері күмәнді дәрі-дәрмектерді ашық та, жасырын базарда да сата беретін болды.Бұларға жолай көрмеңіз.Арнайы тексеруден өткен дәрілерді пайдаланыңыз.Енді дәріні қалай ішудің жөн-жосығын айтайық.
Дәрінің емдік қасиетінің жоғалмауын, ағзаға дұрыс сіңуін көздей отырып, дәріні тамақ алдында не тамақтан кейін не тамақпен бірге ішу керек.
Мысалы, тамақтан кейін ішілген пенициллин, сульфаниламид дәрілері кешеуілдеп барыпр сіңеді.Тетрациклинді антибиотиктер сүт тағамдарымен қосылса, ағзаға сіңуі қиын қосындылар түзеді.Бұл, әрине оның емдік кқасиетін төмендетеді.Сондықтан да, дәрігерлер бұл дәрілерді тамақтың алдында ішуге кеңес береді.
Балаларға дәрі берерде кейбір ата-аналар оны тәтті шырындармен, қант қосылған сумен араластырады.Ол хлорлы кальций, амидопирин, тетрациклин сияқты дәрілердің емдік қасиетін төмендетеді.Сол үшін бұларды қайнаған жылы сумен ішкізу қажет.
Ал кейбір дәрі-дәрмектер (аспирин, бруфен, резерини, преднизолон, дифений) асқазан мен ішекиің кілегей қабығын тітіркендіреді.Олар адамды кекіртуі, лоқсытуы мүмкін.Тіпті асқазанды қыжылдатып ауыртуы да ықтимал.Сондықтан дәрігерлер бұл дәрілерді тамақтан соң ішуге кеңес етеді.
Қай дәріні қашан ішудің басқа да жайлары бар.Сол себепті дәрігерден жаңа бір дәріге рецепт аларда, оны қашан және қалай ішу керек екенін нақтылап алған дұрыс.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.