Жемсау аурудың алдың алыңыз

Салауатты өмір салты /
Йодтың ең мықты төркінінің бірі теңіз суы екен. Бір литр теңіз суында 2 миллиграммдай йод бар. Еліміздегі тұзды көлдерде, әсіресе көлде өсетін жалбыздарда, жағалауындағы неше түрлі шөптерде жиі кездеседі. Адам ағзасындағы йодтың жетіспеуі психикалық сырқаттарға әкелуі мүмкін, ол жүкті әйелдерде – түсік тастау, баланың өлі тууы, нәрестелерде түрлі ауытқулардың болуы, пенерталді өлім жағдайлардың көбеюіне жеткізеді.
Йод жетіспегенде адамның қалқанша безі қабынады, алғашында оның көлемі кішкене үлкейіп, кейін басқа жерлерді де зақымдайды. Нәтижесінде ағзадағы зат алмасуы бұзылып, адамның бой өсуі тежейді. Ал кейбір жағдайларда адамның құлағы естімей қалуы да мүмкін. Йод тапшылығынан Базедов жемсауы, спорадиялық жемсау, эндемиялық жемсау, атиреоз, гипотиреоздар, ісіктер пайда болуы ықтимал. Сондай-ақ эндемиялық (зоб) дерті де осыдан барып туындайды. «Эндемиялық» деген термин «белгілі аймаққа тән» деген мағынаны білдіреді.
Біліп қойыңыз! Адамның қанының құрамында йод мөлшері жылдың мезгіліне байланысты болады: қырқүйектен қаңтар аралығында қан құрамында йод мөлшері азаяды, ақпаннан бастап көтеріледі де, мамыр айында йод айнасы ең жоғарғы көрсеткішке жетеді. Бұл өзгерістер әлі де жұмбақ.
Пайдаланатын тағамдар ішінде йод көп: жұмыртқа, сүт, балық және өте көп – теңіз капустасы, әсіресе, консервленген теңіз капустасында болады.
Ең алғаш йод зауыты 1915 жылы Ресейде ашылып, бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін 200 килограмм йод өндірілген.
Орыстың атақты дәрігері Малахов жемістерді дәнегімен қоса жеуді ұсынады, өйткені ол йодқа бай.
Жеміс жеңіз! Әр түрлі жемістерде кездесетін йод мөлшері (мг): айран 14; фасоль 12,1; бидай 9,5; қаймақ 9,3; сарымсақ 9; соя 8,2; жүзім 8; қара өрік 7,7; қызылша7; қызанақ 6; қара нан 5,6; горох 5; картоп 5; сәбіз 5; батон 3,6; капуста 3; тәтті бұрыш 3; макарон тағамы 2,6; баклажан 2; апельсин 2; алма 2; қауын 2.
Алдың алыңыз! Мамандардың барлауы бойынша, біздің планетамыз бір миллиардтан астам адам табиғи йод жетіспейтін аудандарда өмір сүреді. Қазақстанда йод жетіспейтін аймаққа жатады. Топырақта, суда, тағам өнімдерінде йодтың жеткіліксіздігі байқалады. Эндемиялық жемсаудың пайда болуына тағам өнімдерінде йодтың аз болуы, экологиялық жағдайдың нашарлауы, тамақтанудағы кері өзгерістер себеп болады.
Тамаққа тәбеті дұрыс не тіпті жоғары бола тұра, сырқаттың арығаны байқалады, күйгелектік, себепсіз жылау, бұлшықет әлсіздігі дамиды. Қалқанша безі гармондардың жеткіліксіздігі ағзаның негізгі айналымын 60% дейін төмендетеді. Су, тұз айналымы бұзылады, нәтижесінде тері асты тіндерінің ісуі пайда болады. Адамның йодқа деген қажеттілігі тағам арқылы канағаттандырылады. Дәл осы тамақ адам ағзасына қажетті йодтың 90% дерлік бөлігін береді.
Ескеріңіз! Қазіргі уақытта йодтың жетіспеушілігін реттеудің екі әдісі бар: кең тараған тағам өнімдерін, яғни тұзды, нанды, суды, сүтті қолдану.
Жалпы йод жетіспеушілігінің алдын алу шаралары үш жүйеге жүргізіледі:
1.Жалпы шаралар – тұзды йодтандыру, ұнға йод қосу.
2.Ұйымдастырылған шаралар – аяғы ауыр келіншектерге құрамында йоды бар дәрі-дәрмек (Йодит 200 мкг) тегін тарату.
3.Жеке шаралар — әр отбасында ертеңгі ас алдында йодит ішу.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.