«Есірткі тағамның » зияны

Салауатты өмір салты /
Фаст фуд. Осы тағам өнімдері адамның денсаулығына мол зиянын тигізіп, семіздік пен түрлі ауруларға себеп болып отыр. Тез әзірленетін тамақ атаулының салдарынан қатерлі ісік, диабет, бауыр, бүйрек және қан тамырлары ауруларымен ауыратындардың саны едәуір артқан.
Жақында британдық жазушы Джонатен Айткеннің кітабының аудармасын оқыдым. Сол кітапта Қазақстанды ешбір «МcDonald’s-тары» мен «КFC» жоқ мемлекет ретінде сипаттапты. Арине, олай емес. Себебі, басқа ел ауруын тапқан тағамнан Қазақстан да қалыс қалған жоқ.Оның нақты бір организмдерді бүлдіріп қана қоймай, депрессияға да ұшырататынын біліп жатқандар аз…



«Fast food» жеп көрдің бе, зиянына сендің бе?


Халық тек қана фаст фудты пайдаланып қана қоймай онымен бірге түрлі газдалған сусындар ішеді. Осылайша онсыз да қауіпті тағамдардың «құдіреті» артады. Бигмак, шаурма, сэндвич, чебурек, пицца, чипсы, қуырылған картоп өнімдері қазір кез келген көшеде ашылған.
Фаст фуд өнімдерін әзірлеушілердің басты ұтатын тұсы ол – керемет жарнама, ауыздың суын алар суреттер. Қарап тұрып қалай шыдарсың, әсіресе студенттер жағы жеңіл әрі тез дайындалатын, әрі қарын тойдыратын тағамдарға құмар –ақ.
Мамандардың пікірінше, барлығы да халықтың өзіндік ұстанымына байланысты. Расымен де, халық фаст фуд сататын орындарды демалыс орны деп санайды. Әрине, ол жерде той десе көркі қызатын қазақ ақшаны аямай жұмсап, газды сусыннан қымбат пиццаға дейінгі жылдам тағамдарды сатып алады. Ал,қымбатын алмаса,қазақтың арына сын.
Біздің елімізде қазір Burger House, King Burger и MC Burger сияқты брендтер кеңінен тарады. Мамыр айында Burger King Corpпен Қазақстандық «Верный Капитал» инвестициялық компаниясы серіктестік орнатқан болатын. Енді «МсDonald’s» дәуренін Burger King Corp Қазақстан жерінде кешеді. Өйткені, қазір Қазақстанда сұраныс көп.
Ұсақтарын қоспағанның өзінде қазір Қазақстандағы қоғамдық тамақтану орындарының саны 4000-нан асады. Ал, бір Алматының өзінде қаншама нүктесі бар!?

Қайран қазақ мұра етіп тағамын, болашағы стритфудке жалғады


Алматыда фаст фуд сататын нүктелер өте көп… Бірақ, брендтің барлығы шетелдікі. Рас. Жеме дегеннен, қойып кететін адамды қайдан көрдіңіз, керісінше, «бәрі жеп жур ғой» деген шала сауаттылық көбейетіні анық. Ең болмаса, бір брендтік тағамымызды ашсақ та болар еді!?
Қазақтар қазір қарапайым тойын да ресторанда атқарып, ұлттық дәстүрін де шаңырақ сыртында тойлайтын болды, оның қасында туған күнін дүркіретіп тұрып, мейрамханада өткізетіндердің жайын айтпай ақ қояйын. Тіпті, бабамыздан қалған бешбармақты да келіндер қызметінен алып, аспаздар міндетіне өткізіп қойдық. Осыдан кейін отандық бренд ашпай отыра береміз бе?! Біздегі фаст фуд өнімдерінің барлығы «стрит фуд». Себебі, қай аялдамаға барсаңыз да ол жерден күнге денесін қыздырып жатқан түрлі тамақ өнімдерін көресіз. Бір жақсысы, өзіміздің бренд емес қой, келсе жаман ат «МсDonald’s» пен «King Burger-ге» келер, бір жаңалыққа себеп табылып, дүркірейміз, тексертеміз, шамалысын жабамыз, бітті, қалғаны уақыттың еншісінде, енді ауыратын қандай «бақытты жан» болар екен?!
Ал, Ресейдің кез келген көшесінде отандық бренд атауымен ашылған стритфуд орындары жеткілікті. Мысалы, «Подорожник», «5 минут», «Теремок», «Крошка Картошка», «Рикша и Ван», «Пироги да слойки» және ең танымал хот дог жүйесі– Стардог’s. Бұл жерлерден Мәскеу халқының 60 пайыздан астамы тамақ өнімдерін сатып алады.
Біздің елімізде барлығы франшиз кәсіпкерлікті дамытқан. Белгілі брендтердің өнімін жарнамалап, сатып отыр. Тым болмаса, «Бауырсақ» деген бренд ашайықшы...

Есірткідей естен айырып барады


Жә, кәсіпкерліктің қаймағын жеп отырғандай талдауды қойып, қарапайым адамдар сауалына жауап ізделік.
Кез келген студенттер топтасқан жердің барлығында донер мен самсаның, гамбургер мен чебурек сататын орындар көп екені белгілі. Бір жегеннің аузынан дәмі кетпей, естен айыратын сол өнімдердің адам бойына талай ауруды өңгеріп жатқаны рас.
Жастар арасында сауалнама жүргізгенде, олар фаст фуд өнімдерін пайдаланатынын айтты және ең қызығы барлығы да зиянын керемет біледі. Міне, парадокс. Жастар өз денсаулықтарын өзі құртып, өз болашағын өзі улап жатыр.
Тоқтата алар кім бар?! Есірткіге арналған мыңдаған жарнаманың бірін мен мұндалап тұрған «көше өнімдерінің» біріне арнаңызшы.Тым болмаса, газды сусын ішуді қоялық…

14 пікір

yesbolat83
Сен айтып отырғандай күнделікті пайдаланып жүрген шаурма, чипсы, сэндвич, ход дог, т.б. өзіміздің ет тағамымыз бен сусындарымызға жетпейді ғой, шіркін. Я, солай емеспа. Әрі пайдалы, шипалы!
kazakh_kyzy
Әрине, басты мақсат сіз айтып отырған жайды ұғындыру ғой… Таза табиғаттың сыйға тартқан қасиетті тағамы тал бесіктен жанымызға дарыған, ал қазір..((
erke_ky3
Иә, фастфудқа бәріміз құмармыз ғой. Әсіресе студент кезімізде.Осы постты оқи отырып алдында Талғат Рысқұлбеков ағамен әңгімелескен кезімде айтқан сөздері есіме түсіп кетті.
Талғат Рысқұлбеков: «Біз кезінде қазақтың майлы жілігін жеп, ұстап, қымызын ішіп, жылқысын жеп өскен ұрпақтар едік. Біздің ұрпақ қазіргідей чупа-чупс, пепси кола, йогурт, фастфудпен емес, айран, сүт ішіп өскен нағыз қазақ болмысты ұрпақ едік. Қазір қандай ұрпақ өсіп жатыр? Қазір ішкеніміз кола, жегеніміз картоша фри, пицца, гамбургер… Ей, біз бұнымен өз ұлтымызға сатқындық жасап жатырмыз ғой. Мен ол тағам емес, харам деп айтып жатқан жоқпын. Бірақ біздің сол гамбургер жегеніміздің өзі қазы-қартамызды сатып кетіп жатқандығымыз. Бұрын адамдар бір-бірін сатып кетуші еді. Енді біз өз тағамымызды сатуға кірістік. Сондықтан біз, соған лайықты сол картошка фри сиақты өсеміз.Қазір 21 жасында компьютер алдында атыс-шабыс ойындарды ойнап отырған балалар осындай тағамдарды жеп, китайский товар болып өскен ұрпақ. Оның үстіне нешетүрлі ұлтымызға жат киноларды көріп, оның бәрін бір-бірімен байланыстырып жыл өткен сайын ұрпағымыз сондай бір әлсіз тауарға айналып барады. Қытай заттары тез бұзылып қалатындығы бар ғой, қазіргі ұрпақ сол сиақты тез бұзылып қалады. Бұл біздің қасіретіміз! Ең үлкен бақытсыздығымыз осыда!»

yesbolat83
Талғат ағамыз қатты айтқан екен, ақиқат ғой.
сол картошка фри сиақты өсеміз
.) Көз алдыма елестеп кетті.
kazakh_kyzy
Керемет айтылған! Нысанаға дөп түскен сөздер… Рахмет сізге!
yesbolat83
Соңынан санағанда 1-ші сурет, фууу.
Jako
Бұлар қандай тамақтар,қайда болады, жеп көру керек екен,ұялып отырмын.
erke_ky3
Көшеде сатылатын тағамдардың бәрі осы стритфуд. Сырттан сатып алсаңыз ол осы :)
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Фас фут, бигмак, шаурма, сэндвич, чебурек, пицца не деген аттароы көп еді, маған бәрі шұжық қосқан бөлішке(бутерброд) сияқты.Бұлардың зияны неде болды екен, нанында ма, полуфабрикатында ма,әлде басқа бір қоспалары бар ма?
korwinin_kyzy
Өте майлы сосын живергін келет 1 АЙ ОСЫЛАЙ тамактаныз резултат на лицо болады)))
korwinin_kyzy
Бірақ біздің сол гамбургер жегеніміздің өзі қазы-қартамызды сатып кетіп жатқандығымыз.
Қазы қартаға қалта көтермейт ренжеме)))
AKA
Мұндай тағамдарды алып тастаған дұрыс, бірақ өте аз тұтуға кейде болады деп есептеймін. Ал, жақсы тағам,әрине жақсы ақшаны талап етеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.