Темекі шекпеу...қолыңыздан келеді

Салауатты өмір салты /
1.Жаман әдеттен арылғыңыз келсе, ең алдымен өзіңізге сеніңіз.Былайша айтқанда, өіңізге сенім артып үйреніңіз.Көз алдыңызға небір қиыншылықтарды жеңген кездеріңізді елестетіңізші.Оның қасында шылым шегу деген не, тәйірі?!
2.Осы кеңесті оқып бола салысымен отыра қалып темекінің сізге тигізген зианы мен «пайдасының» тізімін жасаңыз.Қалай санасаңыз да, оның зияны өте көп, «пайдасы» мүлде болмайды.
3.Сізге ең бірінші көмек көрсете алатын әйеліңіз болмақ.Шылымды мүлдем шекпеймін деп шешсеңіз, жаныңызда қолдаушыңыз болсын.Сол үшін де әйеліңізден барлық кезде қолдауын өтініңіз.Ол бұған қуана-қуана дайын екендігіне кепілдік береміз.
4.Темекіні тастау күнін белгілеңіз.Және соған материалдық (темекі орнына кәмпит немесе құрт сияқты нәрселерді сатып алу) және рухани («тастаймын» деп күндіз-түні қайталау да көмектеседі) тұрғыдан мықтап дайындалыңыз.
5.Алдын-ала дәрігермен кеңесіп алыңыз.Оның да қолдауының көмегі мол.
6.Тыныс алу жолдарымен жаттығу жасауды үйреніңіз.Ол үшін мұрынмен терең тыныс алып, ауаны өкпеде бірнеше секунд ұстап, қайта шығарыңыз.Бұл темекі тастаудан бұрын да, тастау кезінде де өте жақсы көмектеседі.Әр бес минут сайын қайталаңыз.
7.Темекі тастау күніне дейін күн сайын бір тал темекіге азайтып отырыңыз.
8.Ең соңында жиі тіс тазалауды ұмытпаңыз.
Бұдан басқа да бірнеше әдістері бар.Бірақ, тағы да қайталап айтамыз, ең бастысы — өз-өзіңізге сенімділік.
Дереккөз: Мұсылман күнтізбесі:2010-2011 жылдар

1 пікір

Sabions
Сізге ең бірінші көмек көрсете алатын әйеліңіз болмақ.
бойдақтар не істемек? ")
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.