Картоп-әрі тамақ, әрі ем

Салауатты өмір салты /
Халықтық медицинада картопты ерте заманнан -ақ шипалы ем ретінде қолданады.Қазір ғана пісіріп, езілген картоптың буын иіскеп, ішке тарту жоғарғы тыныс жолының ауруын емдеуге көмектеседі.Түйнектен алынған шырынды да емге пайдаланады.Оны гастритке, асқазанда, он екі елі ішекте пайда болған жараға қарсы қолданады.Оның бұл ауруға қарсы тиімділігі мынада — шырын асқазан секрециясын тұншықтырып жойып жібереді, сөйтіп салқын тию әсерін жоюға қолайлы әсер етеді.Шикі картопты күйген жерге басады.
Денесі толық және семіруге бейім адамдар картопты көп жеуге ұмтылмауы керек, оның құнарлылылғы және жақсы сіңетіні сөзсіз салмақ қостырады.Картоптағы пайдалы заттардың барлығы қабығының астында болады.Сондықтан оны тазартқанда қабықты қалың кеспеу керек.Дені сау адам үшін суда пісірілген немесе қуырылған картопты жеудің ешқандай айырмашылығы жоқ.Ол әркімнің қалауына байланысты.
Асқазаны ауыратын адамдарға, мысалы, тұрақты гастриті, жара ауруы барларға суда немесе қыздырып пісірген картопты ұсынған жөн.Қыздырып пісірілген картопты жүрек-қан тамырларынынң дімкәсі бар адамдарға ұсынады.Өйткені онда калий көп.Картоптың сіңімділігі жақсы.Оның құнарлылығы да едәуір жоғары.100 грамында 83 ккал болады.Картопта крахмал мол.Ас қортытатын ферменттердің әсерімен крахмал кәдімгі үйреншікті қанттың, тәттінің, балдың негізін құрайтьын қарапайым қантқа ыдырайды.Сондықтан, қант диабеті бар және семіріп кетуге бейім адамдардың картопты аз тұтынғаны жөн.
Дереккөз: Талант Ержанұлы.Мұсылман күнтізбесі:201-2011 жылдар

1 пікір

Jako
Өте пайдалы пост екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.