Өмірден бәрін ала біл. (I бөлім) кітаптан үзінді.....

Салауатты өмір салты /
Әрбір есті кісі өзіне-өзі бір мезет: "Өмірдегі ең бағалы нәрсем не?" деп сауал қоюы тиіс.
Комедиялық ұлы актер Эд Униннің: «Денсаулығың болмаса атақ пен даңқ — далбаса!» дейтін даналығын еске салғым келіп отыр.
Қаншалықты даңты бай болса да, ауру адамның көрген күні қараң емес пе? Байлар байлығына бақыт сатып ала алмайды. Бұрынғысынан артығырақ бақытқа кісі даңққа қол жеткізу арқылы ғана бөленбейді.
Байлықты қадірлемеуден де аулақпын. Біздің өркениетімізде ақша мен тұрмыс елеулі рөл атқарады. Адамдардың көпшілігіне жайлылық пен рахат мәнді тірлік саналады. Адамның бар байлығын тартып алып, денсаулығын ғана өзіне қалдырыңызшы, ең алдымен ол жоғалтқан дәулетін қайтаруға ұмтылады. Төрт құбыламызды түгендеп біткен кезімізде де, ауыз бармайтын бір сөздің, бойымызды үнемі жырақ ұстайтын бір ойдың орыны опырайып бос тұрады. Оның аты — АЖАЛ.
Өмір қаншалықты қияметке айналып кетсе де, кісі оның шалғайына соншалықты жандәрменімен қалтырай жармасады. Ажалмен арпалысуға жан қаншалықты қуат жұмсайды десеңізші! Өмірге ынтықтығын айтсаңызшы! Адамның ұлы арманы — денсаулық пен ұзақ ғұмыр! Дүние оған өз үйі тәрізді, денсаулығы мұқалмаса, қайраты қайтпаса мәңгі өмір сүргісі келеді! (Жалғасы бар)

Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.

10 пікір

KILYZAMAN
«Денсаулығың болмаса атақ пен даңқ — далбаса!»
— дені сау адам атақ пен даңқ деп жүріп ақ біраз мүжілетіні ше?
Korkem
Бұл басы ғана болатын, әлі жалғасы көөөп. Ол жайлы да әлі айтылады, айтылып та жатыр…
beko
Қазақша кітап па? Кім жазған екен? Дін жағынан не деп жазған екен?
Korkem
Құдайым-ау сіздің сұрағыңыз қашан таусылады?
beko
Беко, мен жай жеткізушімін дегендей болдыңыз ғой…
Korkem
сабыр сақтаңыздар, жалғасын жазамын деп аса бір сабырлылықпен жазып жүрген жоқпын ба?
Togzhan
«Адам ақша табамын деп, денсаулығын құртады, сонан соң денсаулығын қалпына келтіремін деп қайтадан ақшасын жұмсайды» деген сөз естіп едім, шынында да тура солай…
Madi
Тақырыбы Pepsi- дің жарнамасының слоганына ұқсас екен деп па. Ғы--Ғы
AKA
Қош келдіңіз! Алғашқы жазбаңыз құтты болсын, жаза беріңіз.
Jako
Ақшаға денсаулық сатып ала алмайтындығына 100 пайыз қосыламын, жаныма ең жақын адамымның денсаулығын миллиондаған сомалар жұмсап қалпына келтіре алмадым, тек қана сол ақшаның күшімен өмірін 4 жылға ғана соза алдымда, айырылып қалдым. Сол төрт жылдың өзі де азапты жылдар болды-ау деймін ол үшін. Бірақ бұдан ақшаның қолынан түк келмейді деген тұжырым тумауы керек, ол арқылы көөөп нәрселерді істеуге болады, ең аржағы адамды бақытты етуге де болады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.