Мен өмірге ғашықпын!

Салауатты өмір салты /
(жалғасы)
Студенттік жылдарымда айтылатын бір әннің: «Мен өмірге ғашықпын, өмір сүргім келеді» деген сөздерін лекцияларымда жиі еске аламын. Жігерге толы бұл тіркестер қай-қайсысымыздың да ішкі тілегімізді танытуға жарайды. Өмірдің жаратылысының өзі де керемет және сол құдірет біздің өз қолымызда. Өмір таңғажайып нәрсе. Ол — қазыналардың ішіндегі ең асыл байлық!
Ғұмырды ұзарту проблемасы жәннәт бағында тіршілік кешкен Адам ата мен хауа анадан бастап-ақ аса маңызды күйінде қалып келеді. Оның түйінін христианшылдықтан бірнеше ғасыр бұрын парсы мен грек данышпандары шешпек болған. Шеше алмады. Шарқ ұрып іздеген орта ғасырлық пәлсапашылар да қиын күрмеудің амалын таппады. ХХ ғасырдың ойшылдары да жұмбақ түйінге жол іздеуде. Бірақ көп жағдайда көзжұмбайлығымыз басым.
Ажалдың құрығынан ешкім де қашып құтылған емес. Дегенімен тазалық пен тамақтану тәртібін сақтау арқылы әркім де ұзақ жасай алады. Әрине, тосын апаттың бетін әрмен қылсын дейік. Сіз әлгі тәртіпке өзіңіз үшін де туыстарыңыз бен еліңіз үшін де бағынуға міндеттісіз. Оған ағзаңызға қамқорлық жасау арқылы ғана қол жеткізесіз. Денсаушылықта атқарған жұмысыңыз ғана сізді пайдалы азамат қатарына қосып, өміріңізді ойдағы шепке дейін ұзартады. Тәуратта айтылғанындай әр адамның ең кемі 120 жыл жасай алатынына өзім кәміл сенемін. Жағдайы өте жақсы, денсаулығы мықты адамның қол жеткізе алатын жас мөлшері өмірдің ұзақтығына өлшем болуы тиіс. (жалғасы бар)

Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.

2 пікір

Togzhan
Адамның тағдыры жазылып қойған, жасы да өлшеулі деседі, бірақ өмірді ұзарту туралы да бірнеше ғылыми еңбектер жазылған..Өмірімәз ұзармағанның өзінде де ауру сырқаусыз жүрудің өзі бақыт қой)
Korkem
Дұрыс айтасың! Ең бастысы сене білу керек.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.