Ашығу артық салмақтан құтқарады

Салауатты өмір салты /
Беделді орындардың деректеріне қарағанда, еліміздегі ерлер мен әйелдердің 65-70 проценті артық салмақтан зардап шегеді. Ойшыл дәрігерлердің айтуынша, артық салмақты адамдар – аурулар. Олар – созылмалы, ем қонбас ауруға ұшырағандар. Семіз адам өзін сергек сезіне алмайды. Біріншіден, үнемі ауыр жүк көтеріп жүреді. Қалыпты жағдайдан салмағы он килә салмағы ауыр адамды елестетіп көріңізші. Содан кейін қалыпты салмағы бар адамнан күні бой он килә жүкті көтеріп жүруін өтініңіз. Көп ұзамай-ақ шаршайды. Бұдан шығатын қорытынды: салмағы артық адам да артық салмағы мөлшеріндегі ауыр жүкті көтереді де жүреді.
Семіз адамдар дене белсенділігіне марғау келеді. Олардың көпшілігі мүмкін болған бірінші жағдайда орындыққа отырады. Қажетті ісіне содан кейін ғана қинала кіріседі. Қинала тыныстайды. Себебі, тыныс жолдарынартық май басып қалған.

Артық салмақ – ауыр жүк

Артық салмақтың әр текше сантиметіріндегі артық майды қоректендіру, жақсы жағдайда ұстау үшін ағзаға 11 километр (сенсеңіз де, сенбесеңіз де факті осы) қылтамыр талшықтары қажет. Тыныс мүшелеріне, жүректің қалыпты қызметіне артық салмақтың ауыр жүк болатыны осы. Мұндай жағдайда қан тамырдарының соғуы мен күретамырлардағы қан қысымы қауіпті деңгейге дейін көтеріліп, ахуалды қиындатып жібереді. Сақтандыру компанияларының есебіне қарағанда, семіздер ұзақ жасамайды.
Қазір артық салмақты адамдар көбейуде. Оның біріші себебі елімізде тамақтану жөнді жолға қойылмаған. Тұрмысы орташа Қазақстандықтың ішіп-жейтін тамақ мөлшері өте көп.
Тамақтануларымыздың ара-арасында кафелеріміз дәм тата кетуге шақырып тұр. Радио мен теледидар да соған қарай жетелейді. Сол кафелерден адамдар көп ет, балмұздақ, ыстық сосиска, қақталған еттің түр-түрін, француздың майлы кортобын, кириешки, чипсы сатып алады.
Біз машиналар ғасырында өмір сүріп келеміз. Қарынды тамақпен қампитып, оны жаттығу, дене қимылы арқылы сіңірмейміз. Автомобиль бізді жүруден қалдырады. Орнымызда мелшие отырып қалған ұлтпыз. Балаларымыз мектепте бірнеше сағаттан отырады. Ересектер уақытының көбін кинотеатрда, концерт, спорт жайларында өткізеді. Осы отырғыштығымыз семіздікті көбейте түседі.
Семіз адамдарға үнемі ұшқыштардың дастарқан мәзірі, белокқа бай, көмірсулы азық-түлік, жұмыртқа, қызан, котлет, ананаспен тамақтану тән. Журналдар мен үнқағаздар ағзаны бүлдіретін жаңа мәзірлерді жамырай насихаттап жатады. Күніне 800 килә калорий беретін қаймақты ірімшік пен майсыздандырылған сүт те соларға қосылады. Тұтынуға шек қойылатын тек бір өнімнен жасатылған тамақ та жетіп-артылады. Мұның біреуі де қуатыңызға қуат қоспайды. Салмағыңызды қалыпты жағдайдан асырмайтын табиғи тамақтану мен ғылымға негізделген ашығудан ғана қайрат табасыз. Екі-үш күндік ашығудан кейін тәбетіңіз қайтып, тамаққа зауқыңыз соқпай қалады.

Не ішіп-жейтініңді айтшы, кім екеніңді айтайын...

Ашығу сарқылмас қуат сыйлайды

Алғашқы он күндік ашығумен-ақ 5-8 киләға дейін салмақ тастаған семіздердің талайын көрдім. Артық жүктен арылысымен, көңіл-күйлері жақсарып, жігерлері мен сергектіктері қайта оралды.
Әрине, әркім әр түрлі. Адамдардың көпшілігі күніне 500 грамға дейін, кейбіреулері екі киләдан артық салмақ тастайды. Мұның мәнісі майдың қай жерде жинақталғандығында. Егер май қарын мен жамбаста болса, тез ыдырайды. Жеңіл-желпі тамақтанатын біраз адамның да өздерін жайсыз сезінетін, тез шаршайтынын, әлпетінен береке қашатынын байқадым. Ашыға бастаған да бәрі де өзгеріп шыға келді.
Сіз аптасына 24 сағаттан ашығуды бастаңыз. Семіз адамдарға аптасына үш ретке дейін ашығуға кеңес бергенім бар. Яғни, олар бір күн тамақтанып келесі күні ашықты. Тамақтанып жүрген кезде адам артық тамақты елемесе, 24 сағаттық ашығу кезінде тез арылуға көшеді. Арықтау мақсатындағы ашығудың мәнісі зор. Ағзаңыз бірден жастық шаққа оралады.
Голливудтың атақты кино жұлдыздарын көп жылдан бері ашығумен емдеп келемін. Неге екенін қайдам, кинокамера адамды әдеттегі қалпынан толықтау етіп көрсетеді. Ал, жұлдыз дегеніңіз сымбатты да талшыбықтай болуы тиіс қой. Актрисаның тағдыры кейде аш беліне байланысты.
Осыдан бірнеше жыл бұрын талантты киноактриса бірден семіріп кетті де, оны киноға түсіруден шетінен бас тартты. Ол балмұздақ пен тәттіні көп жейтін. Келісім-шарттардан қол үзген соң, жүйкесі бұзылып, дәрігерлерге жәутеңдеді. Актрисаны маған жіберді.
Артық салмақтан арылу және талшыбықтай бұрынғы қалпына қайта келуі үшін уақыт керектігін түсіндірдім. Бұл ханымды шартты түрде Бетти деп атайын. Беттидің салмағы 35 килә артық еді. Оны ең алдымен дұрыс тамақтануға үйреттім. Ертеңгілік тамағы – жеміс, сәскелік – шикі салат пен қайнатылған көкөніс. Нанды, күріш пен картопты дастарқан мәзірінен алып тастадым. Кешкі тамағы – томат, қайнатылған бір кесім балық, бір жұмыртқа. Тәттінің барлық түріне тыйым салынды.
Алғашқы екі аптада 24 сағаттан ашықты. Үшінші аптада үш күндік ашығу белгіледім. Бесінші аптада жеті күн түгел ашықты. Арада екі апта өткенде 21 күндік ашығуға көшті. Тамақтану мен ашығудың бұл тәртібі керемет нәтиже берді. Тұлғасы қыздың мүсініндей сымбаттанып шыға келді. Көзінде ұшқын ойнап, түрі жақсарып шыға келді. Қазір салауатты өмір тәртібімен тамақтанып, аптасына 36 сағаттан, араға уақыт салып, жылына он күннен төрт рет ашығады.

Поль Брегг, «Чудо голодания» кітабынан алынды.

8 пікір

VVVWWW
Ашығу — арамтамақтықтан да құтқарады…
Korkem
Дұрыс айтасыз.
«Салауатты» емес, «САЛАМАТТЫ» болуы тиіс. «Салауат» сөзінің мағынасын қалай түсінесіз?
Korkem
Сіздің жақты білмедім, біздің жақта «салауатт» дейді. Салауатты — денсаулық, Сатаматты — амандасқандағы «салеметті» ұқсайды…
Әңгіме сіздің, біздің жақта емес) Қазір «салауат» сөзін көбісі қате қолданып жүр. Пайғамбарымызға салауат айту деген бар. Жарайды, мен түсіндіре алмаған сияқтымын. Тіл мамандарынан сұрап аларсыз)
Jako
bitanazamat,«Салауат айту»-дегеннің өзі елді жақсылыққа шақыру, бағыттау деген емес па? Олай болса бұл посттың да мақсаты сол деп түсінемін.Сонан соң пайғамбарымыздың айтқанын қайталау, істегенін істеу суннат емес пе, олай болса бұл сөзді орынды қолданудың несі айып?
konvict
Потошоп арқылы да ашықсаң болады
Korkem
бәсе, содан оқтауға айналып кеттің бе?))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.