Қарағандыда сәбиін өлтірген әйел мектеп директоры болған.

Салауатты өмір салты /
Астана. 8 қараша. Baq.kz — Еліміздің мектептерінде түрмеде жазасын өтеп келгендер бала оқытқан. Бұрын кісі өлтіріп, есірткі бизнесімен және жеңгетайлықпен айналысқан адамдар ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, деп хабарлайды КТК арнасының тілшісі.

Осындай сорақылықты анықтаған Бас прокуратура жағасын ұстап отыр. Қарағандыдағы N81 мектепте ұстаз емес, директордың өзі ертеректе жаңа туған сәбиін өлтіріп, 5 жылға сотталып келген.
Ұзақ жылдар бойы жасырып келген былығы анықталған соң білім ордасының басшысы Дәметкен Қожамсейітованың қан қысымы көтеріліп, аяқ асты ауырып қалыпты.
Ал кеншілер қаласының тағы бір мектебінде директор орынбасары абақтыда отырып шыққан. Көпке үлгі болып жүрген азаматтың бұрын қыз зорлағанын білгенде әріптестері абдырап қалды.
Сұмдық жәйт Елордада тіркелді. Мәселен, N 60 мектепте жеңгетайлықпен айналысып 2 жылға сотталған келіншек жұмыс істеген. Ал Астанадағы №3 гимназияда қыз зорлаған жігіт денешынықтырудан сабақ беріпті.
Жалпы сотталушылар еліміздің 67 білім ошағында емін-еркін тайраңдап жүрген.
«Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, кісі өлтірген, әйел зорлаған, есірткі сатумен, шегумен айналысқан, бұрын сотталған, сотталғаны жойылған 60 адамды мектепке орналастырған. Оның үштен бірі тікелей бала оқытуымен және бала тәрбиесімен айналысып жүргендігі анықталды», — дейді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика комитетінің баспасөз хатшысы Сәулебек Жамкенұлы.
Ал мектептерде сотталғандардың бала оқытып жатқанын еліміздің бас ұстазы тілшілерден естіп таңқалды.
Бір қызығы, түрмеде отырып келген мұғалімдердің көбісі қалай екені белгісіз, сотталмағаны туралы анықтама алған. Бұған прокурорлардың өзі таңқалды.
Енді құзырлы орган бұл былықты анықтауға кіріспек. Сондай-ақ бұрын сотталған адамдарды білім ошағына жұмысқа алған жауаптыларды жазалауға білек түріп отыр.
Дереккөз Baq.kz

6 пікір

Jako
Мынаны оқығанда қорқып кеттім. Мектеп директорларына 300$ берсең болды террористерді де мұғалім қылып ала береді ау деймін қазір.
yesbolat83
Сұмдық жағдай, айтатыны жоқ енді…
Мынау неткен маскара озы, мынаны окыганда коркып кеттык ко сумдыккой бул.
Jako
Қазір мектептердің барлығы дерлік былыққа белшесінен батқан сияқты.
Kan
Бір, екі жерде сондай былық шықты екен деп барша білім ошақтарын былыққа батыру тым артықтау. Соншалықты шошитындай барлық метептегі ұстаздар ерігіп жүрген жоқ. Барлығы дерліктей шама шарқы келгенше балаға жақсы тәрбие, сапалы білім беруге талпынып жүр.
Ал сотталғандардың мектепте жұмыс істегеніні жөнінде менің пікірім мынандай. иа олар кезіндегі қылмыскерлер бірақ сол үшін олар жазасын өтеп түзеу колониясында болып келді ғой. мүмкін қатесін түсініп түзелген шығар. Ол кісілерді текке жазғыра бермей сол мектепте жұмыс істеген кезіндегі сапа көрсеткішіне қарау керек. мүмкін жақсы ұстаз бола білген шығар.
Өзі біздің қазақ қоғамының сүйегіне сініп кеткен ұғым ғой. сотталған адам туралы көріп, білсе шошынып,үркіп шыға келеді. иа Ол сотталған адамдар істеген қылмыстары үшін жазасын өтеді ал қылмыс жасап жазасыз қалғандар қаншама немесе халықтың бәлембай милярт қаржысын жымқырғандармен өзге қылмыскерлерден қай жері кем. Былайша айтқанда қателеспейтін адам болмайды бәрімізде қателесеміз.
Йа дурыс, олардыда кыстай бергеннен пайда таппайсын.Омырде жанылмайтын адам жок.Барлыгымыз пендемыз бырде жаныламыз, бул дунйеде жанылмайтын пенде жок.Оларда жазасын отеген адамдар болса кешырыммен карай былу керек.Омырде кешырымды болсан Алла сенын быр кателыгынды кешыруы мумкын.Сол ушын кешырымды болу керек, быз бул омырге неге келдык мыне быз барлыгын оз козымызбен коруге, былуге келдык сол ушын кешырымды болу кажет.Сол кылмыс жасаган адамдарды да кешыре былу керек.Мына омырде кым келып кым кетып жаткан жок дейсындер барымыздын де омырымыз алда, омыр деген оте кыска сол ушын осы омырымыздегы кызыктарды корейык.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.