Ауру қылмыс. Біз - қылмыскер.

Салауатты өмір салты /
(жалғасы)
Дене әлжуаздығы, енжарлық пен аурушаңдық маған ылғи да адам тәні деп аталатын керемет жасалынған масқара қылмыс-қиянаттай көрінеді.
Ауруымнан айығып, денсаулығымды орнықтырдым. Содан бері тән мүмкіншіліктерін жетілдіре түсу шараларың бәрін де жүзеге асырып келемін. Сергектіктің, өміршеңдіктің, денсаулық пен төзімділіктің жолына құлай берілгенмін. Мұның пайдасы — «денсаулық миллионерімін»
Денсаулық миллионері атануға, салауаттылық қуаныштың ләззатын татуға жас мөлшерінің қатысы жоқ. Ерінбесеңі — бейнетіңіздің зейнетін көресіз.
Денсаулықты қарттықтан қорғайтын сөнбес жігердің "құпиясы" — табиғи тамақ. таза ауа, шынығу, демалу. Сол сияқты тағы басқа принциптердің көмегімен адамды іштеу тазарту мен жаңарту.
Мөлшерлей ашығу мен табиғи тамақ арқылы денеізді тазартсаңыз, ағзаңыз әр күн сайын жұмыс тілеп тұрады. Денеңізді еңбектің көмегімен қалаған қалыпқа келтіре аласыз.
Денеңізді мейілінше жетілдірудің кілті өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз! Осы кітаптан оқып білгендеріңіз шынайы өмір сүруіңізге жәрдемдеседі.
Адам — табиғаттың ғажайып құбылысы. Оны билеп-төстейтін жаратылыс заңдары жалықпай үйренетіндер мен ағзасының тіршілігіне күн сайын үздіксіз бақылау жасағандары үшін қарапайым да түсінікті.

Бақыт пен Қуаныш ләззаты

Өзіңізді-өзіңіз танып білудің шытырман есебі шексіз сияқты, Алайда, айналаңыздағы нәрселерге жіті қараудың және қарапайым да айқын табғи заңдарды күнделікті басшылыққа алудың нәтижесінде, өмір елжіретер құбылысқа ғана емес, ғажайып қуанышыңызға да айналады. Қай қайсысымыз да өмірдің соқпақтарында денсаулықтың осы бағытын ұстауға тиіспіз. Ұзақ жылдар бойы жалықпай зерттесеңіз, ағзаңыз сізге әр күн сайын қуаныш, бақыт әкеліп, салауатты да бақытты, ұзақ та қайратты өмірдің ләззатын сыйлайды.

Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.

7 пікір

Abylai
Сәлем Көркем ) не жазып жатырсың? ))
Korkem
Сәлем! Адамдарға қуаныш сыйлайын деп....))
Abylai
аа бәсе ұзақ жазулар екен, жәрәйді үйге барғасын оқимын )
aitaber
Қызық жазбалар екен:) Оқып отырмын! Аудардыңыз ба?
Korkem
Негізі интернетте жазылған, қарап шықтым, бірақ менің қолымдағы кітапта тіптен басқаша сонымен қатар әсерлі жазылған… соңына дейін оқысаңыз өкінбейсіз, кітаптың бәрін көшіремін. Қазақстан бойынша мен де ғана осы нұсқасы барға ұқсайды…
Aspan
деп аталатын керемет жасалынған. кереметКЕ емес па?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.