Ашығудың құдіреті

Салауатты өмір салты /
Ғасырымызда ашылған аса маңызды жаңалық не?
Моңғолия шөлінен табылған ғалымдардың айтуына қарағанда, осыдан 10 миллион жыл бұрынғы динозаврлар жұмыртқасы ма?
Бағзы замандағы мүрделер мен қалаларды аршу кезінде табылған нәрселер ме, келмеске кеткен өркениеттің баға жеткізсіз куәлігі — жазу ескерткіштері ме?
Жердің жасы 1,250,000,000 жыл екенін Тафт-Колледжден шыққан профессор Аәйнге анықтап берген радиоактивті сағаттардың ойлап табылуы ма?
Радиоактивті ұшақтар ма? Теледидар ма? Радио ма? Атом қуаты ма? Сутегі бомбасы ма?
Жоқ! Мұның бәрі де емес.

ЕҢ ҰЛЫ ЖАҢАЛЫҚ

Өз тұлғасын, ойы мен рухын пайдалы ашығу арқылы жасарту әдісін ойлап табу — замандасымаз ашқан ең ұлы жаңалық.
Ғылыми негізде ашыққан кісі жастыққа қол жеткізіп, мезгілсіз келер қарттықты тежейді. Өзгелердің алдында қаусау, мүсәпірге айналу қорқынышты — адам үшін ең қатерлі нәрсе. Бұл қауіп тереңде, жүректің түкпірінде жасырынып жатады!
Ашығу туралы осы кітаптан толық мағлұмат алу арқылы сіз қартаю қорқынышынан арыла аласыз.
Тамыр мен бұлшық еттегі улы заттардан және құрғақ қалдықтардан түгелдей арылуға аптасына 24 сағат яғни жылына 52 күн ашығу көмектеседі. әңгіме бұл жерде ауруымыз бен мезгілсіз қарттығымызды өзімен бірге ала жүретін метаболизм (тамақты тірі материяға, осы материяны күш-қуатқа айналдыратын биолоиялық процесс) туралы болып отыр.
Ағзамыздың өміршеңдік күш-қуаты қалыптағыдан төмендей бастаса, түрлі проблемалар алдыңыздан өріп шыға келеді.

Ашығу қуатыңызды қорғайды

Жұтқан тамағымыз майланып, қорытылып, бастапқы қалпын өзгертеді де мүмкіндігінше ағзаға сіңеді. Артығы сыртқа шығарылады. Улы заттарды сыртқы шығару жауапкершілігі жүктелген төрт мүшеміз бар. Олар: ішек, бүйрек, өкпе, тері. Осы мүшелер жақсы жұмыс істеуі үшін, ағзаның күш қуаты жоғары, яғни қайраттық мүмкіншіліктері болуы тиіс.
Артық затты сыртқа шығаруға күш жұмсалады. Көп ішілген тамақты ас қорыту жүйесімен — ауыз қуысынан тік ішектін ұшына дейінгі отыз фут ұзындықпен жүргізуге орасан қайрат керек. (фут — ағылшындар мен орыстардың байырғы ұзындық өлшемі. 30, 48/ сантиметрге тең) Сондай-ақ, сұйықты адам бүйрегінің екі миллион сүзгісінен өткізу үшін де аз күш жұмсамайды. Тамақты ағзаның миллиондаған клеткаларына сіңіруге дайындайтын бауыр мен өттің химиялық процесіне де күш-қуат керек.
Бес-жеті литр қанды өкпенің көмегі арқылы оттегімен байыту үшін де мол қайрат талап етеді. Ол көмір қышқыл газін де бөліп шығаруға жұмсалады. Сонымен бірге, теріңіздегі 96 миллион тесікшелер арқылы улы заттарды сыртқа айдауға да күш қажет.

Аз ішіп-же — ұзақ жасайсың. Жаман әдеттерін жеңе білген адам — күшті.

Бенджмин Фраклин.

Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.

5 пікір

Jako
Өзімше мықтыақпын деймін, бірақ ашығудан бәрібір қорқамын.
MSHERIMBEK
Ораза бекер емес негізі:)
Jako
О, Оразаның өз тоқтығы бар ғой.
KILYZAMAN
Мына жердеде қызық деректер бар екен…
Korkem
Иә, ол кісіні де мына жерде біраз танып алдық. Ол да Полл Бреггтің «шәкірті» ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.