МЕДИЦИНА "қызықтары"

Салауатты өмір салты /
Ассалаумалейкум достар! көптен бері пост жазуға уақытым болмай кетіп еді, енді медицина тақырыбарда оны-мұны жазуды жоспарлап отырмын. Қазір медицинада білікті мамандар жетіспей жатыр ғой, осы постымды оқып біреулердің қызығушылығы артар, «оппетит приходит вовремия еды!»))) ойым жүйелі емес шашыраңқы, әйтпесе бір тақырыпта бүге-шүгесіне дейін жаза берсем қызық болмай қалатын сияқты.

Ең алдымен халатқа, киімге жұққан қанды мұзай сумен жуса оңай кетіруге болады екен, қан кеткен сон барып жылы сумен жуу керек. Бірден жылы сумен жуса қан киімге сіңіп қалады да кетуі қиындайды.

Медицинаның негізін қалаушылардың бірі Ибн Сина небір ғажайып кітаптар жазған. қаншама жылдар өтсе де әлі де қолданыста! Қарапайым мысал, көпшілігі ыстық саунаға или там баняға барғанда бірден парға барып отырғанды ұнатады. Және неге терлемеймін деп таң қалады. Әрине терлемейді!!! бірден ыстыққа барған соң коллотеральды (майда) қан тамырлары жабылып қалады ғой. Ал олар зат алмасуына, тер шығуға қатысады. Содан барлық күш айналып кетіп жүрекке тиеді. Күндердің күнінде ол адам ыстық парда 10-15 минуттан ұзақ отыруға жүрегі шыдамайтын болып қалады. Бұл жайлы Ибн Сина айтқан екен, ең алдымен жөкемен (мачалка) дене қызарғанша ысқылап сосын сәл салқындап барып ыстық парға кірсе, дейді, тер де жақсы шығады, жүрекке де ауырлық түспейді! міне қызық! еще айтамыз жүрек-қан тамырлары аурыу бірінші орында деп, ал өзіміз қарапайым ережелерді сақтамаймыз!

Ағзаға кальций жетіспесе 170 түрлі ауруға шалдығуы мүмкін екен! Енді бұған қосымша кальций элементінің жетіспеушілігінің алдын алуды жаза кетейін. Өзіміздің күнделікті қолданып жүрген тауық жұмытртқасының қабығын тастамай, оны ұнтақтап езіп, 2-3 әр қасығына 2-3 тамшы лимон қышқылын тамызып күнде бір қасық ішіп тұрса сынған сүйек тез қалпына келеді, ревматизммен ауратын адам жүгіріп кетеді, аяқ сырқырауы қояды, сүйектің сынғыштығы төмендейді! Ал жұмытрқаның өзін шикілей ішу дауысты жұмсартсажұмсартатын шығар, алайда оның құрамындағы холестериннің әсерінен адам тез қартаяды екен.

Бүгінге болар, келесі посттан әр түрлі келеңсіз жағдайға тап болған адамдарға дұрыс алғашқы көмек көрсету жайлы болмақ. Назарларыңызға рахмет. Өздеріңізді қызықтыратынтақырыптар болса пікір ретінде жазсаңыздар болады, қолымнан келгенше ізденіп, қарапайым тілмен түсіндіргенімше түсіндіруге тырысайын.

11 пікір

шынымен қызық екен. жұмыртқаның қабығын қалай естімегенбіз. аяғым сынып жатқанда пайдаланар едім. ) рахмет, Димеке)
dimash
есіме түсіп кетті, тістің қараюына да пайдасы зор, тек әдемілеп үнтақтау керек жұмыртқаның сыртын. Пайғамбарымыз (с.с.а) айтқан екен, «білгінің не керек, өзгеге тегін таратпасан» деп, сол секілді сіз де осы білгеніңізді керек адамға айта жүрерсіз.
тіс қараймайды болғанда, шірімейді деген сөз бе?
dimash
ол да бар))))))) бірақ негізгі ойым «тіс қатаюына» деп жазғым келіп еді)))))
ммм… жақсы болды, енді жұмыртқа қабықтарын жинамасам )
KILYZAMAN
Өздеріңізді қызықтыратынтақырыптар болса пікір ретінде жазсаңыздар болады, қолымнан келгенше ізденіп, қарапайым тілмен түсіндіргенімше түсіндіруге тырысайын.
— Өтейбойдақ бабамыздың «Шипагерлік баяны» жайлы айта отырсаңыз…
Korkem
Мынауың тамаша кетті, мені де қостайтын біреу бар екен-ау, енді ашығу жайлы жазудан, тамақ әсіресе жұмыртқа жайлы айтудан қооорқып жүрсем...)))
KILYZAMAN
әсіресе жұмыртқа жайлы айтудан қооорқып жүрсем...)))
— себеп барма өзі?
mairosh
осылай айтқанда Ибн Синаның ұрпағы ма деп ойлап қаласын. Гепократтың атынан ант бердің ғой не дегенімен. Мәләдес
ereke_enu
Мочалка туралы да жақсы айттың. Және Баня қатысты: парға дейін басты жумау керек сияқты, себебі ылғал шашпен кірсең, миың жылдам қайнап кетеді)
Madi
Өзіміздің күнделікті қолданып жүрген тауық жұмытртқасының қабығын тастамай, оны ұнтақтап езіп, 2-3 әр қасығына 2-3 тамшы лимон қышқылын тамызып күнде бір қасық ішіп тұрса сынған сүйек тез қалпына келеді, ревматизммен ауратын адам жүгіріп кетеді, аяқ сырқырауы қояды, сүйектің сынғыштығы төмендейді! Ал жұмытрқаның өзін шикілей ішу дауысты жұмсартсажұмсартатын шығар, алайда оның құрамындағы холестериннің әсерінен адам тез қартаяды екен.
керек екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.