Дәрі-дәрмектерді біз қалай қолданып жүрміз?

Салауатты өмір салты /
«Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» (зооорға есіме түсірдім ғой) дегендей әр дәрі ашыдан бұрын ағзаға тигізер әсері көп. Мысалы қай дәріні алып қарасаң да «жағымсыз әсері немесе қосымша әсері» деп жазып қояды. Сондықтанда көп жағдайда дәріні қолданудың қажеті шамалы. Әрине дәрілерсіз емдей алмайтын аурулар көп мысалы туберкулез, СПИД, рак т.б. Бұлар міндетті түрде дәрімен емделеді.
Кез келген дәрінің пайдасынан зияны көп сияқты. Пайдасына келсек дәрі ол — ем, қандай ауру болмасын дәрілермен емделіп жатамыз. Басымыз ауырса дәрі ішеміз, ішіміз ауырса тағы дәрі ішеміз, тіпті кіп-кішкентай безеулер мен ұшықтарды да әр түрлі майлармен емдеп жатырмыз. Ол әрине пайдасын тигізсе жақсы ғой, емделесін. Бірақ менің ойымша кез келген дәрінің пайдасынан кейін зияны да шығып жатады. Бұл жерде мынау дәрі мынадай екен деп жазбай ақ қояйын. Жалпы бүкіл дәрінің зияндарын жазып кетейін.
1. Аллергиялық реакция. Адам бұл кезде ауыр жағдайға түседі. Көз алдымызға денесі бөрітіп, қышып мазасы кетіп жатқан адамды елестетейік… Ол жаман ғой. Бұл реакцияның жеңіл түрі, ал ауыр түрінде адам өліп кетуге дейін барады (дем жетпей, жүрегі тоқтап)
2.Бауырға әсері. Ауыз арқылы асқазанға түскен дәрілер міндетті түрде бауырды зақымдайды. Оның жұмысын әжептәуір төмендетеді.
3.Дәріге тәуелділік. Кейбір дәрілер (соның ішінде ұйықтататын дәрі) тәуелділік туғызады. Дәрісіз жүре алмайтын халге жетеді. Ол да жаман ....ішкен сайын бауырын құртып…
4.Дәрі бір ағзаға пайдасы тисе біріне зияны тиеді. Көбіне жүрекке, миға, бауырға, асқазанға және бүйрекке әсет етеді. Сонда бірін емдесен бірін құртып жатасын. Сондықтанда әр дәріні пайдаланбас бұрын мұқият оқып не дәрігерге тексертіп алған жөн.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.