Ашығу ақыл-ойды оятады

Салауатты өмір салты /
Саналы да табанды түрде ашыққалы өзіме де, шәкірттеріме де рухани және ақыл-ой өресі жағынан жетілудің өресі айқара ашылды. Оқыған кітабымның мазмұны санамды ап-айқын сайрап тұрады. Есте сақтау қабілетім фотографиямен бірдей. Үш күндік ашығудан кейін-ақ, ақыл-ойыңыздың томағасы сыпырылғандай күй кешесіз. Ойыңыз әдеттегіден көбірек қисын тауып, тез арада дұрыс шешім қабылдайсыз. Бұрынғы елеулі проблемаларыңыздың бәрі айқын да қарапайым нәрсеге айналады. Ашығудан соң ешнәрседен қорықпайсыз. Жаныңызға батып келген жайсыздықты нұрлы ақылдың сәулесі жойып жібереді.
Ашығуымның өзіндік бағдарламасы ақыл-ойдың ішкі үйлесімінен туындайды. Өзімді байсалды да сабырлы, сыртқы дүниемен үйлесімді сезінетінім сондықтан. Тән мен жан тазалығы сізді биікке шарықтатып, жарқұын ойлы тұлғаға айналдырады.
Есте сақтау қабілетіңіз ұстараның жүзіндей өткірлене түседі. Бірнеше жыл бұрын естіген есіміңізді, оқиға өткен жерді, сол кездегі жағдайды оп-оңай ойға келтіре аласыз. Өз бетіңізше білім алу қабілетіңіз артады. Білім — өмірге даярлану емес, өмірдің нағыз өзі. Ақыл-ойы мен рухын жетілдіру — адамдардың ұлы мақсаты.
Сонымен, ашығу бізге үш бағытта ықпал етіп, тәнімізді, ақыл-ойымызды, рухымызды тазартады. Нәтижесінде күшті қабілет пен мықты қабілетке қол жеткізесіз! Жаңа деректер мен білімді сіңріп жатқан миыңыз сорғыш қағазға ұқсайды. Өмірді жарқырата ажарландыратын ішкі қанағат пен жан тыныштығы орнайды. Ашығу арқылы даналық табасыз, өмірдің сирек кездесетін ұлы қасиетін иемденесіз.

Поль Брегг

11 пікір

sandibek
Ия, мұсылмандар бекерден бекер ораза ұстамайтындарының бір дәлелі…
Abylai
кеше Қырмызы екеуіңіз скайпта маған айтпай сыпсаңдап отырған пост осы ма? жіләйін ба, әлде күте тұрайын ба кешке дейін?

пы/сы: қарным ашып өлпбаратрм жұмыста. ақыл ойым оянып серуендеуге кетіп қалды
Korkem
әппитетімді құртпашы еееуууу...)))пы/сы: Қырмызы екеуміздің құпиямыз әзірге ашылған жоқ әлі, мақаланың оған қатысы жоқ
ereke_enu
Студенттердің әрқашан ақыл ойы ояу жүреді екен ғой онда)))
dimash
)))айтпа)) ))))))))))
dimash
)) неге ашығу жайлы посттар тоқтап қалды деп едім ау))) Білім — өмірге даярлану емес, өмірдің нағыз өзі. жақсы айтылған! бірақ сабақтан ашығып келгенімде ең бірінші ойымда "ішіме ел қондыру" болып тұрады ғо))
Korkem
Ия, ел қондырмас бұрын, бір стакан су ішіп және бірінші «ел» сәбіз немесе капуста болса нұр үстіне нұр!
dimash
суды ішуге можно ғо, бірақ сәбізді аршуға ерінем, капуста тож… қолға түскен «ел» прямой ссылкамен кете береді ғо ол кезде) флудтау деген осындай болады ма?
Korkem
Ық-Ық, флудтағың келсе нервке ти тоқтата алмай қаласың)))
abatai
Егер қызға деген құмарлығың артып бара жатса нәпіл ораза ұста, ойыңның барлығы тамақта тұрады деуші еді. Бірақта, аштық адамның ақыл-ойын ретке келтіреді дегенді естімеппін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.